Жидебай ауылдық округінің Үшарал қыстағында орналасқан "Жеңіс" шаруа қожалығы аумағында карантинді тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Жидебай ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 06-2-2/71 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысының ұсынысы негізінде Жидебай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сібір жарасы ауруының шығуына байланысты Жидебай ауылдық округінің Үшарал қыстағында орналасқан "Жеңіс" шаруа қожалығы аумағында белгіленген карантин тоқтатылсын.
      2. Жидебай ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 01 қыркүйектегі "Жидебай ауылдық округінің Үшарал қыстағында орналасқан "Жеңіс" шаруа қожалығы аумағында карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 3944 болып тіркелген, 2016 жылы 02 қыркүйек № 36 (7563) аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 08 қыркүйегінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Әкім М. Төлепбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады