Октябрь ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 26 тамыздағы "Октябрь ауылдық округінің "Дидар" Шаруа қожалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында шектеу шараларын енгізумен ветеринарлық режимді белгілеу туралы" № 8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Октябрь ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына сәйкес, Качир ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 4 наурыздағы № 52 ұсынысы негізінде, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың өткізілуіне байланысты Качир ауданы Октябрь ауылдық округінің аумағында орналасқан "Дидар" Шаруа қожалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында ірі-қара мал лейкозы бойынша шектеу іс-шаралар алынып тасталсын.
      2. Октябрь ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 26 тамыздағы "Октябрь ауылдық округінің "Дидар" Шаруа қожалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында шектеу шараларын енгізумен ветеринарлық режимді белгілеу туралы" № 8 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4716 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазандағы № 39 "Тереңкөл тынысы", "Заря" газеттерінде жарияланған).
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Октябрь ауылдық
      округінің әкімі М. Мейірманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады