"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы азаматтарының жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 желтоқсандағы № 276 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 18 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы азаматтарының жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 желтоқсандағы № 276 қаулысының (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 3516 тіркелген, 2016 жылғы 04 қаңтардағы № 1 "Колос" газетінде, 2016 жылғы 04 қаңтардағы № 1 "Аққайың" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Т. Дүйсембаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аққайың ауданы
әкімінің м.а.
Е. Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады