"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 32 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      14-тармақта:

      "Функциялар" деген бөлімдегі

      "Баспа БАҚ-та ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы" деген бөлімшеде:

      мынадай мазмұндағы он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:

      Комитеттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-насихаттық шараларды ұйымдастыру және іске асыру;

      қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      құзіреті шеңберінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпарат орналастыру және өзектендіру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      мемлекеттік қызметтер көрсету барысында Комитеттің өз құзіреті шеңберінде тұтынушылар құқықтарын қоғауды қамтамасыз етуі;

      Комитеттің құзіреті шеңберінде стратегиялық және операциялық жоспарды пысықтауды және келісуді қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

      Персоналды басқару департаментіне Комитет жетекшілік жасайтын салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу;

      "Теле-, радиоарналарда ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы" деген бөлімшеде:

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацпен толықтырылсын:

      Персоналды басқару департаментіне Комитет жетекшілік жасайтын салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу;

      Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалардың жазбаларын сақтау қағидаларын әзірлеу;

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      Комитеттің құзіретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және іске асыру;

      қоғамдық кеңес ұсынымдарын қарау;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      құзіреті шеңберінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпарат орналастыру және өзектендіру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

      ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      телерадио хабар тарату мақсатында жиілік жолақтарын, радиожиілік (арналардың радиожиілігі) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;

      "Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы" деген бөлімшеде:

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Персоналды басқару департаментіне Комитет жетекшілік жасайтын салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу";

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Комитеттің құзіретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету";

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      қоғамдық кеңес ұсынымдарын қарау;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      құзіреті шеңберінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпарат орналастыру және өзектендіру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      "Қоғаммен байланыс орнату және мемлекеттік органдармен үйлестіру басқармасы" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Персоналды басқару департаментіне Комитет жетекшілік жасайтын салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу";

      мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Комитеттің құзіретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету";

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      қоғамдық кеңес ұсынымдарын қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

      ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      құзіреті шеңберінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпарат орналастыру және өзектендіру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақ ұйымдарымен және өзге ұйымдармен Комитеттің құзіретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл;

      "Бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату саласындағы бақылау басқармасы" деген бөлімшеде:

      мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Персоналды басқару департаментіне Комитет жетекшілік жасайтын салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу";

      өз құзіреті шеңберінде техникалық регламенттер және ұлттық стандарттар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талаптарды ұсыну;

      мынадай мазмұндағы он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Комитеттің құзіретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету";

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;

      ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      құзіреті шеңберінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпарат орналастыру және өзектендіру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

      "Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы рұқсат беру құжаттары басқармасы" деген бөлімшеде:

      мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Персоналды басқару департаментіне Комитет жетекшілік жасайтын салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу";

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;

      өз құзіреті шеңберінде техникалық регламенттер және ұлттық стандарттар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      Комитеттің құзіретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      құзіреті шегінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпарат орналастыру және өзектендіру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

      "Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруды талдау басқармасы" деген бөлімшеде:

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Персоналды басқару департаментіне Комитет жетекшілік жасайтын салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу";

      Комитет құзіретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      мынадай мазмұндағы он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      Комитеттің құзіретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      құзіреті шегінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпарат орналастыру және өзектендіру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

      Комитеттің құзіреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      "Телерадио хабарларын тарату саласындағы жобаларды дамыту басқармасы" деген бөлімшеде:

      мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      Персоналды басқару департаментіне Комитет жетекшілік жасайтын салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу;

      көп арналы хабар таратудағы таралымға байланысты міндетті теле-, радиоарналар санын айқындау;

      цифрлық эфирлік телехабар таратудың тәртібі мен мерзімдерін айқындау;

      міндетті теле-, радиоарналар тізбесін әзірлеу;

      ұлттық оператор тарататын еркін қол жетімді теле-, радиоарналар тізбесін әзірлеу;

      мынадай мазмұндағы он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:

      ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      реттеуші салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

      Комитеттің құзіретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      құзіреті шеңберінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпарат орналастыру және өзектендіру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      іс-әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделердің бұзуылуына, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін лауазымды тұлғаларды, мемлекеттік қызметшілерді тиісті жауапкершілікке тарту;

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тіркеуші органға хабар беруді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Балаева

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2019 жылғы 15 қазандағы
№ 346 бұйрығымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат Комитеті туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) реттеушілік, іске асырушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ ақпарат саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

      5. Комитет өз құзыреті шеңберінде белгіленген заңнамалық тәртіпте Комитет Төрағасының бұйрығымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      6. Комитеттің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің келісуі бойынша Министрліктің жауапты хатшысымен бекітіледі.

      7. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттiк мекемесi.

      8. Комитеттің орналасқан жері: Қазакстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел көшесі, № 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 14 кіреберіс.

      9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Комитетке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

      Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер бюджеттің кірісіне жолданады.

      12. Комитет құрамына мыналар кіреді:

      1) Баспа БАҚ-та ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы;

      2) Теле-, радиоарналарда ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы;

      3) Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы;

      4) Қоғаммен байланыс орнату және мемлекеттік органдармен үйлестіру басқармасы;

      5) БАҚ және телерадио хабар тарату саласындағы бақылау басқармасы;

      6) БАҚ саласындағы рұқсат беру құжаттары басқармасы;

      7) Мемлекеттік ақпаратық саясатты талдауды жүзеге асыру басқармасы;

      8) Телерадиохабарлар тарату саласында жобаларды дамыту басқармасы.

2. Миссия, негiзгi мiндеттер, функциялар, құқықтар мен міндеттемелер

      13. Миссиясы:

      ақпараттық коммуникациялық кешенді дамыту мақсатында ақпарат саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу.

      14. Міндеті:

      1) бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      2) телерадио хабар тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

      4) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;

      5) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде меритократия қағидатын сақтау;

      6) телерадио хабар таратуды дамыту жөніндегі жобаларды әзірлеуге қатысу;

      7) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру;

      Функциялары:

      Баспа БАҚ-та ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы:

      реттеуші:

      басқарма құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту;

      Комитет жетекшілік жасайтын салалар бойынша мамандарға қажетілік туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      тиісті салаларда келісім, меморандум, шарттарды әзірлеу;

      Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын әзірлеу;

      Министрліктің құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      іске асырушы:

      мемлекеттік саясатты іске асыруды құзыреті шегінде қамтамасыз ету;

      Комитет құзіретіне жататын, Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-насихаттық шараларды ұйымдастыру және іске асыру;

      басқарма құзыретіне шеңберінде қоғамдық кеңес ұсынымдарын қарау;

      басқарма құзыретіне шеңберінде ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      басқарма құзыретіне шеңберінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының біртұтас платформасында ақпарат орналастырады және өзектендіреді;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;

      мемлекеттік жастар саясаты бойынша мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру;

      құзыреті шегінде мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттау жөніндегі ақпараттық шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыруға қатысу;

      Комитет құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша ведомствалық бағынышты мекемелерді мемлекеттік басқаруға қатысты тиісті салаға (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;

      Комитет құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен, шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамыту;

      басқарма құзыреті шегінде талаптар мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу;

      басқарма құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзіреті шеңберінде стратегиялық және операциялық жоспарды әзірлеуі және келісуін қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;

      Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      Комитет құзыреті шегінде мақсатты индикаторларға, көрсеткіштерге жету үшін мемлекеттік жоспарлау Жүйесінің құжаттарының сапалы және дер уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;

      құзыреті шегінде республикалық бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу;

      Қазақстан Республикасы заңнамасы белгілеген шекте терроризмге қарсы әрекетті іске асыру;

      басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi жауаптылыққа тарту;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Теле-, радиоарналарда ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі басқарма:

      реттеуші:

      басқарма құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту;

      Комитет жетекшілік жасайтын салалар бойынша мамандарға қажеттілік туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      тиісті салаларда келісім, меморандум, шарттарды әзірлеу;

      тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалардың жазбаларын сақтау Ережелерін әзірлеу;

      Министрліктің құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      іске асыру:

      басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      Комитет құзіретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы атынан жасалатын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттары бойынша міндеттемлердің орындалуын қамтамасыз ету;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-насихаттық шараларды ұйымдастыру және іске асыру;

      қоғамдық кеңес ұсынымдарын қарау;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      құзіреті шеңберінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының біртұтас платформасында ақпарат орналастырады және өзектендіреді;

      Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      Қазақстан Республикасы заңнамасы белгілеген шекте терроризмге қарсы әрекетті іске асыру;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;

      мемлекеттік жастар саясаты бойынша мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру;

      ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      құзыреті шегінде мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттау жөніндегі ақпараттық шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыруға қатысу;

      комитет құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша ведомствалық бағынышты мекемелерді мемлекеттік басқаруға қатысты тиісті салаға (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;

      комитет құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен, шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамыту;

      комитет құзыреті шегінде мақсатты индикаторларға, көрсеткіштерге жету үшін мемлекеттік жоспарлау Жүйесінің құжаттарының сапалы және дер уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      басқарма құзыреті шегінде талаптар мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу;

      басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;

      құзыреті шегінде республикалық бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу;

      басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын жауапты лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi жауаптылыққа тарту;

      телерадио хабар таратуды дамыту мәселелері жөніндегі Комиссия құрамы жөнінде ұсыныс енгізу;

      телерадио хабар таратуды дамыту мәселелері жөніндегі Комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;

      міндетті теле-, радиоарналар тізімін қалыптастыру және бекіту жөніндегі конкурсты ұйымдастыру, өткізу;

      телерадио хабар тарату мақсатында жиілік, радиожиілік (арналардың радиожиілігі) бөлу туралы конкурсты ұйымдастыру және өткізу;

      ұлттық телерадиохабар тарату операторымен таратылатын еркін қолжетімділіктегі теле-, радиоарналардың тізімін қалыптастыру және бекіту жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы:

      реттеуші:

      басқарма құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту;

      Комитет жетекшілік жасайтын салалар бойынша мамандарға қажеттілік туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      тиісті салаларда келісім, меморандум, шарттарды әзірлеу;

      Министрліктің құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      іске асыру:

      басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      комитет құзіретіне жататын, Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-насихаттық шараларды ұйымдастыру және іске асыру;

      қоғамдық кеңес ұсынымдарын қарау;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      құзіреті шеңберінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының біртұтас платформасында ақпарат орналастырады және өзектендіреді;

      Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;

      мемлекеттік жастар саясаты бойынша мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру;

      ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      құзыреті шегінде мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттау жөніндегі ақпараттық шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыруға қатысу;

      комитет құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен, шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамыту;

      комитет құзыреті шегінде мақсатты индикаторларға, көрсеткіштерге жету үшін мемлекеттік жоспарлау Жүйесінің құжаттарының сапалы және дер уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;

      комитет құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша ведомствалық бағынышты мекемелерді мемлекеттік басқаруға қатысты тиісті салаға (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;

      басқарма құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      басқарма құзыреті шегінде талаптар мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу;

      басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;

      басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту;

      құзыреті шегінде республикалық бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      Қоғаммен байланыс орнату және мемлекеттік органдармен үйлестіру басқармасы:

      реттеуші:

      басқарма құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту;

      Комитет жетекшілік жасайтын салалар бойынша мамандарға қажетілік туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      тиісті салаларда келісім, меморандум, шарттарды әзірлеу;

      Министрліктің құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы өкілетті органның өзара қарым қатынасы жөніндегі өкілетті тұлға (бөлімше) туралы типтік ереже әзірлеу;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы өкілетті органның өзара қарым-қатынасы жөніндегі өкілетті тұлғаның (бөлімшенің) әрекет ету тәртібін әзірлеу;

      белгілі бір аумақта тұрғындардың өмір сүру талабы бұзылған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабар берудің тәртібін әзірлеу;

      іске асыру:

      басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      Комитет құзіретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы атынан жасалатын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-насихаттық шараларды ұйымдастыру және іске асыру;

      қоғамдық кеңес ұсынымдарын қарау;

      Қазақстан Республикасы заңнамасы белгілеген шекте терроризмге қарсы әрекетті іске асыру;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етуге қатысу;

      құзыреті шегінде мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттау жөніндегі ақпараттық шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыруға қатысу;

      ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      құзіреті шеңберінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының біртұтас платформасында ақпарат орналастырады және өзектендіреді;

      Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      басқарма құзыреті шегінде жастар ұйымдарымен, саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен қарым қатынас және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      басқарма құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, жүзеге асыру, нәтижесін талдау және бағалауды жүзеге асыру;

      комитет құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша ведомствалық бағынышты мекемелерді мемлекеттік басқаруға қатысты тиісті салаға (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;

      комитет құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен, шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамыту;

      комитет құзыреті шегінде мақсатты индикаторларға, көрсеткіштерге жету үшін мемлекеттік жоспарлау Жүйесінің құжаттарының сапалы және дер уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде талаптар мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу;

      басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi жауаптылыққа тарту;

      құзыреті шегінде республикалық бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу;

      саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақ ұйымдарымен және өзге ұйымдармен Комитет құзіретіне жататын мәселелер бойынша өзара әрекеттестік;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      Бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату саласындағы бақылау басқармасы:

      реттеуші:

      басқарма құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту;

      тиісті салаларда келісім, меморандум, шарттарды әзірлеу;

      Комитет жетекшілік жасайтын салалар бойынша мамандарға қажетілік туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      өз құзіреті шеңберінде техникалық регламенттер және ұлттық стандарттар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес соттарға талаптарды ұсыну;

      Министрліктің құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, тексеру парақтары, қатер деңгейін бағалай критерийлері, тексеру өткізудің жартыжылдық кестесін жасау;

      мерзiмдi баспа басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру тәртібін әзірлеу;

      телерадио хабар тарату сапасын бақылауды жүргізу тәртібін әзірлеу;

      жүзеге асыру:

      Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, дамыту және қамтамасыз ету, сонымен қатар, ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      Комитет құзіретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы атынан жасалатын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      мемлекеттік құпиялардан тұратын нормативтік құқықтық актілерден өзге кәсіпкерлік субъектілері мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына ұсыну;

      ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      құзіреті шеңберінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының біртұтас платформасында ақпарат орналастырады және өзектендіреді;

      Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      Қазақстан Республикасы заңнамасы белгілеген шекте терроризмге қарсы әрекетті іске асыру;

      мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етуге қатысу;

      комитет құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша ведомствалық бағынышты мекемелерді мемлекеттік басқаруға қатысты тиісті салаға (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;

      басқарма құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      комитет құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен, шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамыту;

      комитет құзыреті шегінде мақсатты индикаторларға, көрсеткіштерге жету үшін мемлекеттік жоспарлау Жүйесінің құжаттарының сапалы және дер уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде талаптар мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу;

      басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi жауаптылыққа тарту;

      құзыреті шегінде республикалық бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      бақылау:

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      балаларды бұқаралық ақпарат құралдарындағы олардың денсаулығы мен дамуына зиянын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының "Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" Заң талаптарының сақталуына бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін талдауды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының телерадио хабар тарату жөніндегі заңнамасының, атап айтқанда, телерадио хабар тарату құралдарына техникалық талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      телерадио хабар таратудың ұлттық стандарттары мен телерадиохабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының телерадио хабар тарату туралы Заңының атап айтқанда, ҚР "Телерадиохабар тарату туралы" Заңының 31 бабында көзделген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      лицензия алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген талаптарды сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      бұқаралық ақпарат құралдарында және телерадио хабар таратуда субъектіге (объектіге) бармай, алдын алу бақылауын жүргізу нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жолдау;

      Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", "Телерадио хабар тарату туралы" Заңдарының талаптары бұзылғандығы анықталғанда ұйғарым беру;

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда ұйғарымдар мен хабарламалар жіберу;

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы" Кодексімен белгіленген тәртіпте хаттама толтырып, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарап, әкімшілік жаза белгілеу;

      БАҚ саласындағы рұқсат беру құжаттары басқармасы:

      реттеуші:

      басқарма құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту;

      Комитет жетекшілік жасайтын салалар бойынша мамандарға қажетілік туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      мемлекеттік құпиялардан тұратын нормативтік құқықтық актілерден өзге кәсіпкерлік субъектілері мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына ұсыну;

      тиісті салаларда келісім, меморандум, шарттарды әзірлеу;

      Министрліктің құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      комитет құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;

      Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;

      есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік Теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;

      бұқаралық ақпарат құралдары саласында екінші санатты рұқсат беру жөніндегі уәкілетті орган және телерадио арналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензия берушіні анықтайтын нормативті құқықтық актіні әзірлеу;

      өз құзіреті шеңберінде техникалық регламенттер және ұлттық стандарттар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      телерадио хабар тарату саласындағы қызметті лицензиялауға және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қойылатын кәсіптік талаптарды әзірлеу;

      іске асыру:

      ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiктерді және желілік басылымдарды есепке қою, қайта есепке алу;

      отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру.

      Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;

      теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру;

      есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттiктер мен желілік басылымдардың тізілімдерін жүргізу;

      Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу;

      эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарататын субъектілердің тізілімін жүргізу;

      есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік Теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптауды жүзеге асыру;

      ақпараттандыру саласындағы өкілетті органның келісімімен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемелекеттік қызмет көрсету процессін автоматтандыру және оңтайландыруды қамтамасыз ету;

      Комитет құзіретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы атынан жасалатын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      құзіреті шеңберінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының біртұтас платформасында ақпарат орналастырады және өзектендіреді;

      Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      Қазақстан Республикасы заңнамасы белгілеген шекте терроризмге қарсы әрекетті іске асыру;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етуге қатысу;

      құзыреті шегінде республикалық бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу;

      комитет құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен, шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамыту;

      комитет құзыреті шегінде мақсатты индикаторларға, көрсеткіштерге жету үшін мемлекеттік жоспарлау Жүйесінің құжаттарының сапалы және дер уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруды талдау басқармасы:

      реттеуші:

      басқарма құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу;

      Комитет жетекшілік жасайтын салалар бойынша мамандарға қажеттілік туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      тиісті салаларда келісім, меморандум, шарттарды әзірлеу;

      Министрліктің құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібі мен ережесін әзірлеу;

      бюджетті жоспарлау саласындағы уәкілетті органның келісімімен республикалық бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемелекеттік ақпараттық саясат жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын анықтау методикасын әзірлеу;

      Комитет құзіретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      іске асыру:

      басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      Комитет құзіретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы атынан жасалатын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      құзіреті шеңберінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының біртұтас платформасында ақпарат орналастырады және өзектендіреді;

      Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      Қазақстан Республикасы заңнамасы белгілеген шекте терроризмге қарсы әрекетті іске асыру;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етуге қатысу;

      Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен және жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарымен өзара қарым-қатынас;

      басқарма құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      Ақпарат комитеті құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша ведомствалық бағынышты мекемелерді мемлекеттік басқаруға қатысты тиісті салаға (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;

      Комитет құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу жоспарын, бюджеттік өтінімді қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      Комитет құзыреті шегінде Министрліктің Операциялық және Стратегиялық іс-шараларын уақытында және сапалы орындау, мақсатты индикаторлар, нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;

      комитет құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен, шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамыту;

      комитет құзыреті шегінде мақсатты индикаторларға, көрсеткіштерге жету үшін мемлекеттік жоспарлау Жүйесінің құжаттарының сапалы және дер уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;

      уәкілетті органның интернет-ресурсында мемлекеттік ақпараттық тапсырыс конкурсы туралы ақпараттық хабарландыру орналастыру;

      мемлекеттік ақпараттық тапсырыс мәселелері жөніндегі комиссия қызметін қамтамасыз ету;

      мемлекеттік ақпараттық тапсырысты атқару жөніндегі келісім-шарттарды әзірлеу;

      басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитет құзіреті шеңберінде мақсатты индикаторларға, көрсеткіштерге қол жетізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын мерзімімен орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде талаптар мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу;

      басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi жауаптылыққа тарту;

      құзыреті шегінде республикалық бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Телерадио хабарларын тарату саласындағы жобаларды дамыту басқармасы:

      реттеуші:

      басқарма құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу;

      Комитет жетекшілік жасайтын салалар бойынша мамандарға қажетілік туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      көп арналы хабар таратудағы таралымға байланысты міндетті теле-, радиоарналар санын анықтау;

      сандық эфирлік телехабар таратудың тәртібі мен мерзімін белгілеу;

      тиісті салаларда келісім, меморандум, шарттарды әзірлеу;

      Министрліктің құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      телерадио хабар тарату операторларының қызмет көрсету тәртібін әзірлеу;

      телерадио хабар таратуды жүйесін техникалық пайдалану тәртібін әзірлеу;

      міндетті теле-, радиоарналар тізбесін әзірлеу;

      ұлттық оператор тарататын еркін қол жетімді теле-, радиоарналар тізбесін әзірлеу;

      теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарының телерадио хабар тарату операторлар желісіне қосылу тәртібін әзірлеу;

      телерадио хабар тарату сапасының техникалық параметрлерін және телерадио хабар тарату сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесін бекіту;

      іске асыру:

      басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      құзыреті шегінде республикалық бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу;

      Қазақстан Республикасы аумағында радио хабар таратуды дамыту мәселелері бойынша жобалар әзірлеу;

      ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      реттеуші салалардағы халықаралық ынтымақтастықты іске асыру;

      Қазақстан Республикасы заңнамасы белігілеген шекте терроримге қарсы іс-әрекетті іске асыру

      Комитет құзіретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы атынан жасалатын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      құзіреті шеңберінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының біртұтас платформасында ақпарат орналастырады және өзектендіреді;

      Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етуге қатысу;

      Ақпарат комитеті құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша ведомствалық бағынышты мекемелерді мемлекеттік басқаруға қатысты тиісті салаға (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;

      телерадио хабар тарату Ұлттық операторының, оның ішінде сандық эфирлік телехабар таратуды енгізу қызметін үйлестіру;

      телерадиохабар тарату Ұлттық операторының қызметін, оның ішінде міндетті теле-, раидоарналар мен еркі қолжетімді теле-, радиоарналардың қаржылық қамтамасыз етілуін үйлестіру;

      телерадио хабар тарату саласындағы материалдық-техникалық базаны жетілдіру мәселелері бойынша Министрлік бағынысындағы ұйымдардың қызметін үйлестіру;

      Ұлттық оператордың телерадио хабар тарату саласында көрсетілетін қызметтер тарифінің есептерін келісу;

      басқарма құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      комитет құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен, шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамыту;

      комитет құзыреті шегінде мақсатты индикаторларға, көрсеткіштерге жету үшін мемлекеттік жоспарлау Жүйесінің құжаттарының сапалы және дер уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде талаптар мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу;

      басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi жауаптылыққа тарту;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      15. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:

      Комитет:

      1) өз құзыреті шеңберінде құқықтық актілерді шығаруға;

      2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      3) бұқаралық ақпарат және телерадио хабарларын тарату саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, байқаулар және өзге де іс-шаралар өткізуге;

      5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныс енгізуге;

      6) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;

      7) іс-әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделердің бұзуылуына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі қатеріне әкеп соқтыратын жауапты лауазымды тұлғаларды, мемлекеттік қызметшілерді тиісті жауапкершілікке тарту;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      Комитеттің міндеттеріне:

      1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер дайындау;

      4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолдаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;

      5) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

      6) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттарды толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу.

3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      16. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Төраға басқарады.

      17. Комитет төрағасының заңнамада белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      18. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады.

      19. Комитеттің төрағасы осы мақсаттарда:

      1) Министрдің, Министрліктің жауапты хатшысының және жетекшілік ететін вице-министрдің тапсырмаларын міндетте түрде орындайды;

      2) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін айқындайды;

      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Комитеттің мүддесін қорғайды;

      7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін бекітеді;

      8) мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға, орындалған жұмыстардың актілеріне, сондай-ақ жетекшілік ететін салафлар шеңберіндегі шарттарға қол қояды.

      9) сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе әрекеттері белгілі болған кезде, ол туралы, Министрліктің басшылығын хабардар етеді;

      10) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын Комитет қызметкерлерінің сақтауын қамтамасыз ету;

      11) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін жеке жауаптылықта болады;

      11-1) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы, телерадио хабар тарату және байланыс туралы заң талаптарын бұзушылық анықталғанда, ұйғарым береді;

      11-2) Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 16 мамырындағы "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Заңына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары, телерадио хабар тарату саласында қызметпен айналысу үшін рұқсат пен лицензия береді;

      12) өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      Комитет төрағасының өкілеттігін орындау ол болмаған кезде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Комитет төрағасының орынбасарлары:

      1) өз өкілеттігі шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      2) Министрдің, Министрліктің жауапты хатшысының, жетекшілік ететін вице-министрдің және Комитет төрағаның тапсырмаларын міндетте түрде орындайды;

      3) өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.

      22. Комитет мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден қалыптасады.

      23. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де жолмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады