Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 446 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексінің 17, 69 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және "Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың 17 тамыздағы №01-1/187-вн қатынас хаты негізінде Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жоғары қысымды газ құбырларының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану мақсатында жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, Жаңақорған ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемі 42,3625 гектар жер учаскесіне 2026 жылдың 25 тамызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Төменарық ауылына жүргізілетін газ құбырларының құрылысы үшін және газ тарату пунктіне (ГРП) таратылатын жоғары кернеулі желі (ВЛ) 10 кВ үшін жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.

      3. "Жаңақорған ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Р. Рүстемов

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы ______________
  №___ қаулысына қосымша

Жер пайдаланушылар атауы

Кадастрлік нөмірі

1

"Нұрболат" Шаруа қожалығы

10-149-040-1715

2

"Ғани" Шаруа қожалығы

10-149-040-2688

3

"Бағлан-би" Шаруа қожалығы

10-149-040-921

4

"Жан-Арай" Шаруа қожалығы

10-149-040-2845

5

"Жидебай" Шаруа қожалығы

10-149-040-532

6

"Жаңақорған сушаруашылығы шаруашылық жүргізу құғығындағы еншілес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны"

10-149-043-007

7

"Жаңақорған сушаруашылығы шаруашылық жүргізу құғығындағы еншілес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны"

10-149-043-070


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады