"Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 615 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 31 желтоқсандағы
  № 615 қаулысымен
  бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, өңірді цифрландыру және архив ісін жүргізу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:

      1) "Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қостанай облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";

      2) Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Қостанай облысы әкімдігінің ахуалдық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 15.11.2023 № 481 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. Басқарманың, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75-үй.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 23.06.2023 № 267 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады;

      2) Қостанай облысының аумағында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ету;

      3) экономиканың негізгі салаларына цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмысты үйлестіру;

      4) Қостанай облысының аумағында архив ісінде және құжат жасауда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтар:

      заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың, соның ішінде соттарда құқықтары мен мүдделерін қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.

      15. Функциялары:

      1) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;

      2) мемлекеттік органның архитектурасын бекітеді және оның іске асырылуы мен дамуын қамтамасыз етеді;

      3) "SmartCity", ақпараттандыру және цифрландыру жобаларын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіреді;

      4) Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін толтыру, олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;

      5) ақпараттық технологияларды қолдану және мемлекеттік органдардың ашықтығы бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауды арттыру бойынша іс-шаралар өткізеді;

      6) "Ашық үкімет" порталында ашық деректерді өзектендіру және орналастыру бойынша жұмысты үйлестіреді;

      7) "Мемлекеттік органның ұйымдық дамуы" блогының "Мемлекеттік органның ашықтығы" және "Ақпараттық технологияларды қолдану" бағыттары бойынша Қостанай облысы әкімдігі қызметінің тиімділігінің операциялық бағаларында рейтингті арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      8) облыс әкімдігі қызметінің бағыттарын ескере отырып, "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын енгізу жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      9) ақпараттандыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын жүзеге асырады, консультациялық және әдіснамалық көмек көрсетеді;

      10) уәкілетті органға "Мемлекеттік органның ашықтығы" бағыты бойынша мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау бойынша және "Мемлекеттік органды ұйымдық дамыту" блогының "Ақпараттық технологияларды қолдану" бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

      11) "SmartCity" технологияларын енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      12) ақпараттандыру және байланыс саласындағы ұлттық жобаларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

      13) ұсыныстар әзірлейді, бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді және кең жолақты Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізу және пайдалану жөніндегі іс-шараларды үйлестіреді;

      14) Жергілікті атқарушы органдарда ақпараттық қауіпсіздік саясатын қамтамасыз етуді бақылайды;

      15) ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарының орындалуына, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тәуекелдерді басқару, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын бизнес-процестердің үздіксіздігін қамтамасыз ету бөлігінде активтерді басқаруға, персоналды басқару және ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі аудитін жүргізу кезінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуына, ақпараттық қауіпсіздіктің сыртқы аудитін ұйымдастыруға мониторинг жүргізеді;

      16) Ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастыруды және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастыруды, сондай-ақ олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      17) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогына сәйкес байланыс операторынан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қамтамасыз етеді;

      18) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі іс-шараларды үйлестіреді;

      19) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

      20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді;

      21) облыстың жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жөніндегі жұмыс туралы есепті мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшесіне ұсынады;

      22) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мониторинг жүргізеді;

      23) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      24) ұйымдастыру, техникалық және ақпараттық-талдау қызметін қамтамасыз етеді, облыстың мемлекеттік органдарының ақпараттық активтері мен деректерін басқару процесін оңтайландырады, облыстың мемлекеттік органдары деректерінің сапасын қамтамасыз ету процестері үшін жауапкершілік иерархиясын құрады;

      25) Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетуін автоматтандыратын ақпараттық жүйелерді енгізу және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың бірыңғай тәсілін және үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      26) ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалауды арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

      27) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      28) жергілікті атқарушы органдарды цифрландыру, автоматтандыру және оңтайландыру саласындағы қаржылық есептер мен шығыстарды келіседі және үйлестіреді;

      29) үкіметтік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс құрылыстарын, телекоммуникация желілерін және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін салу жоспарларын айқындайды және бекіту үшін облыс әкімдігіне енгізеді;

      30) Қостанай облысының аумағында цифрландыруды дамытуды, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс саласындағы ұлттық жобалар шеңберінде цифрлық шешімдерді жоспарлауды және енгізуді қамтамасыз етеді;

      31) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасына қосуды қамтамасыз етеді және ұйымдастырады;

      32) байланыс қызметтерін ұсыну сапасы мәселесі бойынша байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасайды;

      33) облыс әкімдігінің салалық басқармаларының, облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің, басқа да мүдделі ұйымдардың цифрландыру мәселелеріндегі өзара іс-қимылын үйлестіреді;

      34) цифрландыру жобаларының элементтерін іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      35) цифрландыру жобаларының элементтерін талдау және жетілдіру бойынша жұмыстарды талдауды, жоспарлауды және ұйымдастыруды жүргізеді;

      36) сыртқы, сондай-ақ ішкі сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік органдар үшін салаларда қазіргі заманғы цифрлық технологияларды қолдану жөніндегі тренингтерді, семинарларды және тұсаукесерлерді ұйымдастыруға қатысады;

      37) өңірді цифрландыру жөніндегі жол картасын енгізеді және дамытады;

      38) шет мемлекеттердің оқыту семинарларына, конференцияларына қатысу арқылы цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық тәжірибені зерделейді;

      39) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасайды;

      40) коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғауды, оларды сақтауды және пайдалануды ұйымдастырады;

      41) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;

      42) Облыстың мемлекеттік архивтеріне сақтауға қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, жинақтауды және пайдалануды ұйымдастырады;

      43) Облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша Дерекқордың қалыптасуын реттейді;

      44) облыс аумағында орналасқан, Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;

      45) сараптау-тексеру комиссиясының қызметін ұйымдастырады;

      46) мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалануды үйлестіреді және облыс тарихы бойынша архивтік құжаттарды жинауды және қайтаруды жүзеге асырады;

      47) облыстың архив мекемелерінің желісін бекітеді;

      48) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастырады;

      48-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      49) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 23.06.2023 № 267 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 15.11.2023 № 481 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың қызметкерлерін, осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) құрылымды, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді және Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;

      5) бірінші қол қою құқығына ие;

      6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      7) Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйым басшысына көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 15.11.2023 № 481 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады