Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті арасындағы ақпараттық жүйелерді интеграцияламай өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 3 қарашадағы № 232 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2021 жылғы 22 қарашадағы № 184-нқ бірлескен бұйрығы.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті арасында ақпараттық жүйелерді интеграцияламай өзара іс-қимыл тәртібі бекітілсін.

      2. Әкімшілік деректер тізбесі бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті осы бірлескен бұйрықты сатып алынған құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және инженерлік жабдықтардың нақты құны туралы деректерді ұсыну бойынша жауапты орындаушыларға жеткізсін.

      4. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде деректерді алуға және талдауға жауапты адамдардың құрамын айқындасын.

      5. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бірлескен бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      7. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Стратегиялық жоспарлау және
      реформалар агенттігінің
      Ұлттық статистика
      бюросының басшысы ______________ Н. Айдапкелов М.О.
     
      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және инфрақұрылымдық
      даму министрлігінің Құрылыс және
      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
      істері комитетінің төрағасы ___________ Т. Карагойшин М.О.

  Қазақстан Республикасының
  Стратегиялық жоспарлау және
  реформалар агенттігінің Ұлттық
  статистика бюросы басшысының
  2021 жылғы 3 қарашадағы № 232
  және Қазақстан Республикасы
  Индустрия және инфрақұрылымдық
  даму министрлігінің Құрылыс және
  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
  істері комитетін төрағасының
  2021 жылғы 22 қарашадағы № 184-нқ
  бірлескен бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті арасында ақпараттық жүйелерді интеграцияламай өзара іс-қимыл тәртібі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті арасында ақпараттық жүйелерді интеграцияламай өзара іс - қимыл тәртібі (бұдан әрі - тәртіп) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді

      2. Тәртіп Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі – ҚР ИИДМ ҚТҮШІК) сатып алынған құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және инженерлік жабдықтардың нақты құны туралы әкімшілік деректерді Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына (бұдан әрі – Ұлттық статистика бюросы) ұсынуды айқындайды.

      3. Тәртіп қатысушылары:

      1) ҚР ИИДМ ҚТҮШІК;

      2) Ұлттық статистика бюросы болып табылады.

2-тарау. Сатып алынған құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және инженерлік жабдықтардың нақты құны туралы әкімшілік деректерді ұсыну тәртібі

      4. Сатып алынған құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және инженерлік жабдықтардың нақты құны туралы әкімшілік деректер (бұдан әрі-әкімшілік деректер) Ұлттық статистика бюросына мемлекеттік органдардың құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы электрондық кестелер түрінде ұсынылады.

      5. ҚР ИИДМ ҚТҮШІК Ұлттық статистика бюросына әкімшілік деректерді ұсыну үшін мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сатып алынған құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және инженерлік жабдықтардың нақты құны туралы деректері бар электрондық кестелерді ұсынады;

      2) бес күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде деректерді ұсынуға байланысты жоспарланған өзгерістер туралы хабарлайды;

      3) Ұлттық статистика бюросының жауапты тұлғаларына әкімшілік деректерді пайдалану бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;

      4) әкімшілік деректердің толықтығын, анықтығын және тәжірибелік уақтылығын қамтамасыз етеді.

      6. Ұлттық статистика бюросы әкімшілік деректерді алғаннан кейін мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) әкімшілік деректерді үшінші тараптарға беру құқығынсыз тек қана статистикалық ақпаратты түзу үшін пайдаланады;

      2) әкімшілік деректерді қалыптастыруға жауапты адамдардан басқа, бөгде адамдардың әкімшілік деректерді пайдалануға қолжетімділігін болдырмайды;

      3) әкімшілік деректерді қалыптастыруға жауапты адамдар құрамындағы өзгерістер туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етеді.

  Қазақстан Республикасы
  Стратегиялық жоспарлау және
  реформалар агенттігінің
  Ұлттық статистика бюросы мен
  Қазақстан Республикасы Индустрия
  және инфрақұрылымдық
  даму министрлігінің Құрылыс және
  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
  істері комитеті арасында ақпараттық
  жүйелерді интеграцияламай өзара
  іс-қимыл жасау тәртібіне
  қосымша

Әкімшілік деректер тізбесі

Көрсеткіштің атауы Бөлініс

1

Материалдық ресурстың атауы

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша

2

Құрылыс ресурстарының жіктеуіші бойынша материалдық ресурстың коды

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша

3

ҚҚС ескерумен есепті кезеңде сатып алынған материалдық ресурстардың бағасы, өлшем бірлігіне теңгемен

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша

4

Құрылыс ресурстарының жіктеуішіне сәйкес заттай өлшем бірліктерінде есепті кезеңде өткізілген құрылыс материалдық ресурстарын өткізу көлемі

Кәсіпорындар бойынша


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады