Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамасыз етумен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 506 бұйрығы.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамасыз етумен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ю. Ильин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Төтенше жағдайлар министрінің
  2021 жылғы 12 қазандағы
  № 506 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамасыз етумен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормалары

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.07.2023 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Атауы

Өлшем
бірлігі

Саны

Пайдалану мерзімі (жыл)

Қолдану саласы

Кімге тиісті

1-Тарау. Сымды байланыс құралдары

1

Автоматтандырылған телефон станциясы (бұдан әрі - АТС)

Ж-қ

1

8

Абоненттер арасындағы ішкі және сыртқы телефон байланысын жүзеге асыруға арналған

Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - ТЖМ), Өртке қарсы қызмет комитеті (бұдан әрі - ӨҚҚК), Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті (бұдан әрі - АҚжӘБК), Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (бұдан әрі - ММРК), Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ӨҚК), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі - ТЖД), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменттері (бұдан әрі – ӨҚКД), ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері

2

Жүйелік цифрлық телефон аппараты

Ж-қ

1

8

Абоненттер арасындағы ішкі және сыртқы телефон байланысын жүзеге асыруға арналған

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің әрбір жұмыс орнына

3

Цифрлық телефон аппараттары үшін кеңейту консолі

Ж-қ

1

8

Абоненттер арасындағы ішкі және сыртқы телефон байланысын жүзеге асыруға арналған

ТЖМ басшылығына (Министрге, министрдің орынбасарларына, аппарат басшысына), ТЖМ басшылығының кеңесшілері мен көмекшілеріне, Комитеттер төрағалары мен төрағаларының орынбасарларына, ТЖМ департаменттерінің, дербес басқармаларының бастықтары мен бастықтарының орынбасарларына, ТЖМ комитеттері мен департаменттерінің құрамындағы басқармалардың бастықтары мен орынбасарларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТЖД, ӨҚКД бастықтары мен бастықтарының орынбасарларына, қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің бастықтарына.
ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының (бұдан әрі - ДЖБО), ТЖД Дағдарыс жағдайлары басқармаларының (бұдан әрі - ДЖБ) әрбір жұмыс орнына

4

АТС аналогтық телефон аппараты

дана

1

8

Абоненттер арасындағы ішкі және сыртқы телефон байланысын жүзеге асыруға арналған

Жүйелік цифрлық телефон аппаратын қосу мүмкіндігі жоқ ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің әрбір жұмыс орнына (осы норманың 2-тармағы)
ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің әрбір операторлық орнына, бақылау-өткізу пунктіне

5

Телефон байланысының арна құру аппаратурасы

Ж-қ

1

8

Абоненттер арасындағы ішкі және сыртқы телефон байланысын жүзеге асыруға арналған

ТЖМ, ӨҚК, АҚжӘБК, ММРК, ТЖД, ӨҚКД, қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері

6

Байланыс арналарын түйіндестіру аппаратурасы

Ж-қ

1

8

Байланыс арналарын соңғы жабдықпен байланыстыруға арналған. Байланысты ұйымдастыру схемасымен анықталады

ТЖМ, ӨҚҚК, ӨҚК, АҚжӘБК, ММРК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері

7

Факсимильді аппарат

Ж-қ

1

8

Абоненттер арасында факсимильді байланысты жүзеге асыруға арналған

ТЖМ, ӨҚҚК, АҚжӘБК, ӨҚК, ММРК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері

8

Абонент нөмірін анықтау функциясы бар көп арналы дыбыс жазатын құрылғы

Ж-қ

1

8

Радионы қоса алғанда, барлық кіріс және шығыс арналардың дыбыстық деректерін бір мезгілде жазуға арналған, құрылғының сипаттамалары техникалық ерекшелікте белгіленеді

ТЖМ ДЖБО, ТЖД ДЖБ

9

Үздіксіз қоректендіру көздері

дана

1

4

Негізгі қуат көзін қысқа уақыт ажыратқан кезде электрмен жабдықтауға арналған, құрылғының сипаттамалары техникалық сипаттамада белгіленеді

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің әрбір электрондық-есептеу, телекоммуникациялық жабдықтарына

10

Байланыс аппаратурасын авариялық қоректендіру агрегаты

дана

1

10

Негізгі қуат көзі ұзақ уақыт ажыратылған кезде электрмен жабдықтауға арналған. құрылғының сипаттамалары техникалық ерекшелікте белгіленеді

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері

11

Аппаратура мен байланыс желілерін бақылауға арналған өлшеу аспаптары (жиынтықта)

Ж-қ

1

5

Жаңа қосылыстар жасау, ақаулықтарды жою кезінде желілер жұмысы параметрлерінің жай-күйін өлшеуге, олардың жай-күйін бақылауға арналған, жинақтың құрамы мен сипаттамасы техникалық ерекшелікте белгіленеді

ТЖМ, ТЖД ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшелері

12

Бейнебақылау жүйесі

Ж-қ

1

7

Күзетілетін аумақта бейнебақылау ұйымдастыруға арналған жинақтың құрамы мен сипаттамалары техникалық ерекшелікте белгіленеді

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің әр ғимаратына

13

Кіруге рұқсатты басқару жүйесі

Ж-қ

1

7

Берілген аумаққа, ғимаратқа кіруді басқаруға арналған. Жинақтың құрамы мен сипаттамалары техникалық ерекшелікте белгіленеді

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің әр ғимаратына

14

Бейнеконференцбайланыстың серверлік жабдығы

Ж-қ

1

7

Нақты уақыт режимінде кеңестер, презентациялар ұйымдастыруға арналған. Саны бейнеконференцияны ұйымдастыру схемасымен анықталады

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, ТЖД

15

Бейне байланыстың абоненттік терминалы

Ж-қ

1

7

Нақты уақыт режимінде кеңестер, презентациялар ұйымдастыруға арналған. Саны бейнеконференцияны ұйымдастыру схемасымен анықталады

Әрбір отырыс залына, ТЖМ дағдарыс орталығына, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдеріне

2-Тарау. Радиобайланыс құралдары

16

Стационарлық УҚТ диапазонды радиостанциясы

Ж-қ

1

8

ТЖМ байланысты ұйымдастырудың бекітілген схемасына сәйкес берілген аумақта радиобайланысты ұйымдастыру

ТЖМ, ТЖД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің стационарлық пунктінің әрбір радиожелісіне

17

УҚТ диапазонды радиобайланыстың ретрансляторы

Ж-қ

1

8

ТЖМ байланысты ұйымдастырудың бекітілген схемасына сәйкес берілген аумақта радиобайланысты ұйымдастыру

ТЖМ, ТЖД. Байланысты ұйымдастыру схемасымен анықталады

18

Мобильді УҚТ диапазонды радиостанциясы

Ж-қ

1

8

ТЖМ байланысты ұйымдастырудың бекітілген схемасына сәйкес берілген аумақта радиобайланысты ұйымдастыру

ТЖМ, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің әрбір жедел көлік құралына

19

Тасымалданатын УҚТ диапазонды радиостанциясы

Ж-қ

1

8

ТЖМ байланысты ұйымдастырудың бекітілген схемасына сәйкес берілген аумақта радиобайланысты ұйымдастыру

ТЖМ, АҚжӘБК, ТЖД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің әрбір аттестатталған қызметкеріне

20

Интеллектуалды топтық зарядтау құрылғылары

Ж-қ

1

8

Радиостанциялардың барлық паркін бір уақытта зарядтау үшін. Саны радиостанциялардың жалпы санына қарай анықталады

ТЖМ, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері

21

Қысқа толқынды (бұдан әрі-ҚТ) стационарлық радиостанция

Ж-қ

1

8

ҚТ радиожелісінде келіссөздер жүргізу үшін

ТЖМ, ТЖД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің әрбір стационарлық байланыс пунктіне

22

Мобильді ҚТ диапазонды радиостанция

Ж-қ

1

8

ҚТ радиожелісінде келіссөздер жүргізу үшін

ТЖМ, ТЖД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің әрбір мобильді байланыс пунктіне

23

Тасымалданатын ҚТ диапазонды радиостанция

Ж-қ

1

8

ҚТ радиожелісінде келіссөздер жүргізу үшін

ТЖМ, ТЖД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің әрбір жедел жедел тобына

24

Радиостанцияларды бағдарламалауға арналған құрылғы

Ж-қ

1

8

Бағдарламалауды қажет ететін радиостанциялардың әрбір түріне

ТЖМ, ТЖД ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшелері

25

Спутниктік станция

Ж-қ

1

8

Жерүсті және сымды байланыс арналарының болмауы немесе зақымдануы жағдайларында ТЖ жою кезінде деректерді беру арнасын ұйымдастыру үшін

ТЖМ ДЖБО, ТЖД ДЖБ

26

Ұялы спутниктік байланыс телефоны

Ж-қ

1

8

Телефон, спутниктік, радиобайланыстың қамту аймағынан тыс өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін

Министрге, министрдің орынбасарларына, АҚжӘБК, ӨҚҚК төрағалары және олардың орынбасарларына, ТЖД бастықтарына, ТЖД аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің бастықтарына

27

Жылжымалы объектілерді мониторингтеу жүйесі

Ж-қ

1

4

Көлік құралының жай-күйін бақылау үшін (орналасқан жері, отын шығысын, автомобильдің техникалық жай-күйін бақылау)

ТЖМ, ӨҚҚК, АҚжӘБК, ММРК, ӨҚК, ТЖД

28

Жылжымалы объектілердің орналасқан жерін анықтау жүйесіне арналған терминалдар

Ж-қ

1

4

Деректерді берудің ұялы желілері болмаған жағдайда жергілікті жерде бағдарлау және ТЖ орнына бару үшін

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері әрбір жедел көлік құралына

29

Стационарлық антенна-діңгекті құрылғы

Ж-қ

1

8

Радиобайланыстың стационарлық құралдарынан радиосигнал беруді ұйымдастыру үшін

ТЖМ, ТЖД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің әрбір стационарлық байланыс пунктіне

30

Автомобиль антеннасы

Ж-қ

1

8

Автомобильдік радиобайланыс құралдарынан радиосигнал беруді ұйымдастыру үшін

ТЖМ, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің әрбір жедел көлік құралына

31

GSM желісіне кіру

Номер

1

1

Жеке құрамды сигналдар бойынша құлақтандыруды жүргізу және қалааралық байланысқа шығыстарды төмендету үшін

ТЖМ ДЖБО, ТЖД ДЖБ

3-Тарау. Дыбысты күшейту техникасы

32

Сигналдық дауыс зорайтқыш қондырғы

Ж-қ

1

4

Жол қозғалысы жағдайында ТЖ жою жүргізілетін жерге жүріп-тұру кезінде арнайы дыбыстық сигналдар беру үшін.
Арнайы дыбыс және жарық сигналдарына қойылатын талаптар, оларды қолдану тәртібі, оның ішінде азаматтық қорғау саласындағы органдардың жедел және арнайы қызметтерінің көлік құралдарында қолдану 01.07.2019 ж. ҚР СТ 1863-2018 "Жедел және арнайы қызметтердің автомобильдері, автобустары мен мотоциклдері. Түсті графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс сигналдары. Жалпы талаптар" Мемлекеттік стандартымен регламенттеледі.

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің жедел мақсаттағы әрбір көлік құралына, Министрдің және оның орынбасарларының, АҚжӘБК, ӨҚҚК төрағаларының, ТЖД бастықтарының, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің бастықтарына қызметтік автомобиліне

33

Электромегафон

дана

10

4

ТЖ өткізу орнында сөйлеу ақпаратын күшейту және беру үшін

ТЖМ, ТЖД, ТЖД аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің жедел тобына

34

Дыбысты күшейту жүйесі

Ж-қ

2

8

Дыбыс сигналдарын күшейту үшін (кеңестер өткізу кезінде)

Әрбір отырыс залына, ТЖМ дағдарыс орталығына, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдеріне

35

Ілеспе аударма жүйесі

Ж-қ

1

8

Сөйлеуге ілеспе аударма жасау үшін

ТЖМ, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ӨҚК, ММРК, ТЖД, ӨҚКД

36

Жеке құрамды құлақтандыру аппаратурасы

Ж-қ

1

7

Төтенше және басқа да дағдарысты жағдайлар кезінде жеке құрамды жинауды ұйымдастыру үшін

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері

37

Бейнепроекциялық жүйе

Ж-қ

1

4

Презентацияларды ұйымдастыру және оқу материалын ұсыну үшін

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері

38

Бейнеқабырға

Ж-қ

2

4

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде аумақтық бөлімшелермен бейне онлайн трансляцияны ұйымдастыру үшін

ТЖМ, ӨҚҚК, АҚжӘБК, ӨҚК, ММРК, ТЖМ ДЖБО, ТЖД, ӨҚКД

39

Сандық мультимедиа тасымалдауыш ойнатқышы

Ж-қ

1

4

Түрлі форматтағы цифрлық тасымалдаушылардан аудио-бейне ақпаратты ойнату үшін

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімддері

40

Микрофон

Дана

20

4

Дыбыс сигналдарын күшейту үшін (кеңестер өткізу кезінде)

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық басқармалар мен төтенше жағдайлар бөлімдеріндегі әрбір дыбыстық күшейткішке

4-Тарау. Компьютерлік және ұйымдастыру техникасы

41

Дербес компьютер жиынтығы

Ж-қ

1

4

Күнделікті қызметте ақпаратты электронды түрде өңдеу және мемлекеттік ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу үшін қолданылады. Орындаудың нысан-факторы мен жиынтығы техникалық ерекшелікпен айқындалады

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің әрбір жұмыс орнына

42

Сервер жиынтығы

Ж-қ

1

7

Түрлі цифрлық ресурстарға қол жеткізуді ұйымдастыру кезінде топтық қауіпсіздік саясатын жүргізуге арналған серверлік бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмысын қамтамасыз етеді. Орындаудың нысан-факторы мен жиынтығы техникалық ерекшелікпен айқындалады

ТЖМ, ӨҚҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚК, ТЖД, ӨҚКД әрбір ақпараттық сервисіне

43

Ноутбук

дана

1

4

Шығу кезінде (іссапарда) жұмыс істеу үшін

ТЖМ басшылығына (Министрге, министрдің орынбасарларына, аппарат басшысына), ТЖМ басшылығының кеңесшілері мен көмекшілеріне, комитеттер төрағалары мен төрағаларының орынбасарларына, ТЖМ департаменттерінің, дербес басқармаларының бастықтары мен бастықтарының орынбасарларына, ТЖМ комитеттері мен департаменттерінің құрамындағы басқармалардың бастықтары мен ТЖД, ӨҚКД бастықтары мен бастықтарының орынбасарларына, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің бастықтарына

дана

2

4

Белсенді желілік жабдықпен жұмыс істеу және т. б. үшін Орындаудың нысан-факторы мен жинақтылығы техникалық ерекшелікпен айқындалады

ТЖМ, ТЖД ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшелері

дана

1

4

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу және жою бойынша іс-шараларды жүргізу кезінде шығуда жұмыс істеу үшін. Орындаудың нысан-факторы мен жинақтылығы техникалық ерекшелікпен айқындалады

ТЖМ, ТЖД, қалалық және аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің жедел штабының қызметкеріне

44

Борттық компьютер

Ж-қ

1

4

ТЖ орнына бара жатқан жолда интерактивті ақпарат алу үшін (жергілікті жердің картасы, гидранттардың орналасуы және т. б.)

ТЖМ, ӨҚКК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің әрбір жедел көлік құралына

45

Модем (маршрутизатор)

дана

1

4

Объектілік желілерді ТЖМ ведомстволық желісімен біріктіруді қамтамасыз етеді

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері желісінің әрбір сегментіне

46

Сканер

дана

1

4

Қағаз құжатты автоматты беру режимінде электрондық құжатқа түрлендіру үшін қолданылады, жабдықтың сипаттамалары техникалық ерекшелікте айқындалады

ТЖМ құжаттамалық қамтамасыз ету, кадр саясаты бөлімшелері, штабы, ӨҚК, ММРК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері бөлімшесі

47

Көп функциялы құрылғы (КФҚ)

дана

1

4

Ақпаратты (анықтамалар, құжаттар және т. б.) қағаз тасымалдағышқа шығару үшін

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің әрбір кабинетіне

48

Желілік принтер

дана

1

4

Бірлесіп пайдалану үшін желілік басқаруды ұсыну жолымен ақпаратты (электрондық құжаттарды) қағаз тасымалдағышқа шығару үшін

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің әрбір кабинетіне

49

Плоттер

дана

1

4

Құжаттарды, карталарды, үлкен форматтағы схемаларды басып шығару үшін

ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ДЖБО, ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті, ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы, Төтенше жағдайларды жою басқармасы

50

Желілік жабдық

дана

1

4

Соңғы жабдықты бірыңғай желіге біріктіруге арналған

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері желісінің әрбір сегментіне

51

Компьютерлік сынып (жергілікті желі, 20 жұмыс орнына дейін үздіксіз қоректендіру көзімен жиынтықтағы дербес компьютер, принтер)

Ж-қ

1

4

Оқу процесін ұйымдастыруға, тестілеуді өткізуге арналған

ТЖМ, ТЖД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері

52

Планшеттік компьютер

дана

1

4

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалар жасау және ақпараттық жүйелерге қол жеткізу үшін

ӨҚК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің инспекторлық құрамының әрбір бірлігіне

53

Мобильді термопринтері

дана

1

4

Хаттамаларды басып шығару үшін

ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің инспекторлық құрамының әрбір бірлігіне

54

Бейне деректерді басқару жүйесі

Ж-қ

1

4

Инспекторлық құрамның портативті бейнетіркегіштерінен деректерді авторландырылған түсіруге арналған

ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері

55

Портативті бейнетіркегіш

дана

1

4

Халықпен өзара іс-қимыл кезінде инспекторлық құрамының және анықтаушылардың іс-қимылдарын аудио-бейне тіркеу үшін

ТЖД, ТЖД-нің қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің инспекторлық құрамының және анықтаушылардың әрбір бірлігіне, сондай-ақ АҚжӘБК, ӨҚК, ӨҚКД, инспекторлық құрамына

56

Қаламмен графикалық қолтаңба планшеті (стилус)

Ж-қ

1

4

Бас прокуратураның "Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде қолтаңбаның цифрлық баламасын жасау үшін қаламы бар қолтаңбаның графикалық планшеті (стилус)

ӨҚҚК, ТЖД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің анықтаушының әрбір жұмыс орнына

57

Цифрлық веб-камера

Ж-қ

1

4

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу шеңберінде жүргізілетін процестік әрекеттерді бейнетіркеуге арналған цифрлық веб-камера

ӨҚҚК, ТЖД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің анықтаушының әрбір жұмыс орнына

58

Биометриялық саусақ ізін оқу құрылғысы

Ж-қ

1

4

Физикалық қол жетімділікті бақылау, ДК-де тіркелу, сәйкестендіруді басқару үшін

ӨҚҚК, ТЖД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің анықтаушының әрбір жұмыс орнына

59

Шифрлау құрылғысы

Ж-қ

1

4

Шифрлау процесін қамтамасыз ету, ақпаратты байланыс арналары арқылы беру кезінде және оны өңдеу мен сақтау кезінде рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау үшін

ӨҚҚК, ТЖД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің анықтаушының әрбір жұмыс орнына

5-Тарау. Бағдарламалық қамтамасыз ету

60

Операциялық жүйе

Лиценз.

1

10

Файлдармен жұмысты және қолданбалы бағдарламаларды орындауды ұйымдастыратын компьютердің аппараттық құралдарын басқару үшін

Әрбір серверге, дербес компьютерге, ноутбукке, портативті дербес компьютерге

61

Деректер базасын басқару жүйесі

Лиценз.

1

10

Деректер базасын ұйымдастыру және жүргізу үшін

Деректер базасын ұйымдастыру (басқару) схемасымен айқындалады

62

Кеңсе қосымшасы

Лиценз.

1

10

Әр түрлі құжаттармен:
мәтіндер, электрондық кестелер, мәліметтер базасы және т. б.жұмыс істеу үшін

Әрбір дербес компьютерге, ноутбукке, портативті дербес компьютерге

63

Қызметтің әрбір бағыты бойынша арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету

Лиценз.

1

4

Төтенше жағдайлар министрлігінің Қызметтері жұмысының әрбір бағыты бойынша мамандандырылған міндеттерді орындау үшін

ТЖМ департаменттері, дербес басқармалары, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД

64

Вирусқа қарсы қорғанысты бағдарламалық қамтамасыз ету

Лиценз.

1

1

Компьютерлік вирустарды, сондай-ақ жалпы жағымсыз (зиянды деп саналатын) бағдарламаларды анықтау және осындай бағдарламалармен зарарланған (өзгертілген) файлдарды қалпына келтіру үшін, сонымен қатар инфекцияның алдын-алу үшін қолданылады

Әрбір серверге, дербес компьютерге, ноутбукке, портативті дербес компьютерге

65

Аудио және бейнетіркеу бағдарламалық қамтамасыз ету

Ж-қ

1

4

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу шеңберінде жүргізілетін аудио және бейнежазбаны қамтамасыз ету

ӨҚҚК, ТЖД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің анықтаушының әрбір жұмыс орнына

6-Тарау. Есептеу техникасы құралдары және құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары

66

Желіаралық экран (Брандмауэр)

дана

1

8

Бағдарламалардың желіге кіруін бақылау үшін қолданылады

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, ТЖД, ӨҚКД

67

Пайдаланушылардың жеке кілттері

дана

1

4

Дербес компьютерге және ақпараттық жүйелерге кіру үшін

ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің құпия ақпаратпен жұмыс істеуге рұқсаты бар әрбір қызметкерге

68

Желілік трафик анализаторы

дана

1

4

Желіде зиянды және рұқсат етілмеген бағдарламалық жасақтаманы анықтау үшін қолданылады

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТЖД, ӨҚКД

69

Қорғалған орындауда жасалған сертификатталған есептеу техникасы құралдары, жиынтықпен (монитор, процессор, тінтуір, пернетақта, принтер).

Ж-қ

1

4

Құпия ақпаратты өңдеуге арналған

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ТЖД, ӨҚКД құпия құжаттармен жұмыс істеу құқығына ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар бөлімшелердің режимдік үй-жайларында құпия ақпаратты өңдеу үшін бөлінген әрбір жұмыс орнына

70

Қорғалған нұсқада жасалған көп функциялы құрылғы

дана

1

4

Құпия ақпаратты басып шығаруға, сканерлеуге және өңдеуге арналған

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ТЖД, ӨҚКД құпия құжаттарымен жұмыс істеу құқығына Ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар режимдік үй-жайға

71

Желілік сүзгі

дана

1

4

Электрмен қоректендіру және жерге қосу тізбектері бойынша техникалық құралдардан ақпаратты оқудан қорғауға арналған

Құпия ақпаратты өңдеуге арналған есептеу техникасының әрбір құралына

72

Шу генераторы

дана

1

4

Құпия ақпаратты жанама электромагниттік сәулелену және көздеу есебінен техникалық арналар арқылы ағып кетуден қорғауға арналған

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ТЖД, ӨҚҚД жұмыс істеу құқығына ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар режимдік үй-жайға

73

Ұялы телефонды басатын құрал

дана


4

GSM, CDMA, AMPS, DAMPS, 3G және 4G ұялы телефондарын басуға арналған

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТЖД, ӨҚКД құпия құжаттарымен жұмыс істеу құқығына Ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар режимдік үй-жайға

74

Цифрлық телефон сүзгісі (аналогтық)

дана


4

Цифрлық немесе аналогты телефон аппараты арқылы үй-жайлардағы акустикалық сигналдарды рұқсатсыз тыңдаудан қорғауға арналған

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚЖӘБК, ТЖД, ӨҚКД құпия құжаттарымен жұмыс істеу құқығына ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар режимдік үй-жайдағы әрбір телефон аппаратына

75

Ақпаратты кепілді жою бағдарламасы

дана

1

4

Құпия ақпаратты кепілдікпен жоюға, қатты дискілердегі, usb жинақтауыштардағы, флеш-карталардағы бос орынды кепілдікпен өшіруге, сондай-ақ компьютер жұмыс істеп тұрған кезде жиналатын уақытша ақпаратты кепілдікпен жоюға арналған.

Құпия ақпаратты өңдеуге арналған есептеу техникасының әрбір құралына

76

Қағаз жойғыш (шредер)

дана

1

4

Құпия деректері бар құжаттарды жоюға арналған

ТЖМ, ӨҚК, ММРК, АҚжӘБК, ӨҚҚК, ТЖД, ӨҚКД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің әрбір құрылымдық бөімшелеріне

7-Тарау. Құпия сипаттағы файлдық хабарламаларды техникалық арналар арқылы беруге және қабылдауға арналған телекоммуникациялық жабдық

77

Арнайы мақсаттағы деректерді беру жүйесінің қорғалған абоненттік пунктінің қорғалған орындаудағы телекоммуникациялық жабдық кешені

Ж-қ

3

4

Файлдық хабарламаларды және құпия, ал қажет болған жағдайларда құпия емес сипаттағы шифртелеграммаларды байланыстың техникалық арналары бойынша беру және қабылдау кезінде мемлекеттік шифрлау құралдарын қолдана отырып, мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету үшін

Пайдалану құқығына ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар ТЖМ бөлімшелерінің арнайы мақсаттағы деректерді беру жүйесінің әрбір қорғалған абоненттік пунктіне үш жиынтық

8-Тарау. Қоғаммен байланыс бойынша бөлімшелерге арналған техникалық құралдар

78

Құрамында тележурналистік жиынтық:
камкордер;
микрофонға арналған жел қорғанысы;
жад картасы;
аккумуляторларға арналған зарядтау құрылғысы;
аккумулятор;
жаңбыр қаптамасы;
қысқы қапшық;
ілмекті радио микрофон;
репортер микрофоны;
микрофон кабелі (5 м.);
штатив;
конвертер;
камера шамы

Ж-қ

1

4

Оқиға, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ны жою орнынан жедел түсірілім жүргізу үшін, жиынтығы мен сипаттамалары техникалық ерекшелікте айқындалады

ТЖМ, ТЖД

79

Экраны бар бейнепроектор

Ж-қ

1

4

Презентацияларды ұйымдастыру үшін қолданылады

ТЖМ, ТЖД

80

Интерактивті тақта

Ж-қ

1

4

Презентацияларды ұйымдастыру және оқу материалын ұсыну үшін

ТЖМ, ТЖД

81

Кәсіби фотокамера

Ж-қ

1

4

Оқиға, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ны жою орнынан жедел түсірілім жүргізу үшін, жиынтығы мен сипаттамалары техникалық ерекшелікте айқындалады

ТЖМ, ТЖД, ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады