"Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 29 қарашадағы № 333-ОД бұйрығы.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 74-үй.".

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшесі осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Бәсекелестікті қорғау және
      дамыту агенттігінің төрағасы С. Жұманғарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады