"Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 121 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев

  Лисаков қаласы әкімдігінің
  2022 жылғы "01" сәуір
  № 121 қаулысымен
  бекітілді

"Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) тұрғын үй қатынастары, инженерлік коммуникациялар, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мемлекеттік мекеме өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастар өз атынан жасайды.

      6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31-үй.

      10. Осы ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекемесінің өкілеттік болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады. Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары және өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) қала аумағында инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым, тұрғын үй қоры, абаттандыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары объектілерін дамыту және техникалық пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;

      2) мемлекеттік мекеме қызметінің бағытына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

      3) қаланың тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру;

      4) елді мекендерде жол жүрісін реттеу бойынша жабдықтар мен құралдарды пайдалану;

      5) мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру;

      6) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жұмыс істеуі;

      7) елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру;

      8) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

      9) туысы жоқ азаматтарды жерлеуді қамтамасыз ету;

      10) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;

      11) автомобиль жолдарының қызмет етуі;

      12) жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдауды қамтамасыз ету;

      13) лифт шаруашылығының жұмысын қамтамасыз ету;

      14) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік бақылау;

      15) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      1) қала әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды енгізу;

      2) қала кәсіпорындарының, ұйымдарының және қоғамдық ұйымдастырулардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша конкурстық комиссияларға қатысуға тарту;

      3) мемлекеттік мекеменің құзыретіндегі мәселелер бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерге түсініктеме, кеңес беру;

      4) азаматтардың хаттарын, өтініштерін, шағымдарын заңнамаға сәйкес қарау;

      5) қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу;

      6) кәсіпорындар мен мекемелерге, мемлекеттік мекеме жетекшілік ететін басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарға бару;

      7) мемлекеттік мекеме жетекшілік ететін кәсіпорындардан қолданыстағы заңнамаға және жоғарыда тұрған органдардың қаулыларына сәйкес мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұрау;

      8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көп пәтерлі тұрғын үйдің үй маңындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызмет көрсету бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын азаматтарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес келіп түскен өтініштер бойынша жеке және заңды тұлғаларға өтініш бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

      9) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну;

      10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін, кондоминиум объектілерін басқару органдарын тексеруді және профилактикалық бақылауды, ал пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеруді жүргізу;

      11) мемлекеттік мекеменің осы ережеде көрсетілген құқықтармен қатар оған қолданыстағы заңнамамен берілген басқа да құқықтары бар.

      2) Міндеттері:

      1) қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      2) абаттандыру, көгалдандыру бойынша іс-шараларды жүргізу арқылы халық үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      3) қаланың санитариясын қамтамасыз ету;

      4) автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      5) жол жүрісін реттеу құралдарын күтіп-ұстау;

      6) өңірлік бағдарламаларды іске асыру жолымен қаланың инженерлік инфрақұрылымын дайындау;

      7) жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерді көрсету;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

      9) мемлекеттік мекеменің уәкілеттіктері шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

      15. Функциялары:

      1) қаланың абаттандыру объектілерін: көгалдандыру, көшеге жарық түсіру, бұрқақтарды, саябақтарды, саяжолдарды, бағдаршамдарды, автобус аялдамаларын күтіп-ұстау және жақсарту;

      2) лифт шарушылығының жұмыс істеуі;

      3) абаттандыру, көгалдандыру, күрделі жөндеулер мен қаланы санитарлық тазалау бойынша жұмыстардың жоспарларын әзірлеу;

      4) қалалық автомобиль жолдарының, алаңдар мен жаяужолдар жабындыларының сапасын жақсарту;

      5) нөсер суларды уақытылы және тұрақты бұру;

      6) қала аумағындағы абаттандыру және көгалдандыру элементтерінің жағдайына бақылау жасау;

      7) қаржыландыру жоспарларын және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын дайындау;

      8) бюджеттік қаражаттарды нысаналы пайдалануды қамтамасыз ету;

      9) бюджеттік қаражаттарды пайдалануды растайтын құжаттардың дұрыс ресімделуіне бақылау жасау;

      10) қысқы және су тасқыны кезеңдеріндегі жұмысқа қалалық шаруашылықтың дайындығы бойынша жұмыстарды үйлестіру;

      11) қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын күтіп-ұстау және пайдалану бойынша жұмыстарды үйлестіру;

      12) жұмыстарды, қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

      13) жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалын ұйымдастыру;

      14) халықты және қалалық шаруашылық объектілерін жылумен, сумен, газбен және электр энергиясымен сенімді қамтамасыз ету бойынша коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің–кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;

      15) инженерлік қатынастар мен жабдықты пайдалану және қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы технологиясы бойынша келіп түскен ақпаратты табиғи монополиялар субъектілеріне жеткізу;

      16) тұтынушылардың жылуды, суды, газды және электр энергиясын жеткізушілердің алдындағы коммуналдық қызметтер үшін бар қарыздарын уақытында өтеуі бойынша іс-шараларға қатысу;

      17) қаланы абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін реттеуші құжаттарды әзірлеу;

      18) меншік иесімен қараусыз қалдырылған бос тұрған тұрғын үйді анықтау;

      19) Лисаков қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Лисаковқалакоммунэнерго" өндірістік-шаруашылық бірлестігі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директорын жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату;

      20) "Жатақхана" ЖШС және лифт шаруашылығын сенімді басқаруға беруде көмек көрсету;

      21) қаланың тұрғын үй-коммуналдық объектілерін сақтауды қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастыру мен қабылдау;

      22) қала үй-жай меншік иелерінің кооперативтері қызметін үйлестіру;

      23) үй-жай меншік иелері кооперативтерінің қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды дайындау;

      24) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) жылу, энергия, газ, және су ресурстарының есептеу жалпы үйлік құралдарының болуын бақылау;

      25) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды бақылау;

      26) кондоминиумның ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері үшін орындалатын жұмыстың сапасын бақылау;

      27) объектідегі және көп пәтерлі тұрғын үйге іргелес аумақтардағы пәтер иелерінің ортақ мүлкін, тұрғын емес үй-жайды пайдалану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын бақылау;

      28) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйін, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуын бақылау;

      29) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласында, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуын, қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау;

      30) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізуді бақылау;

      31) елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау;

      32) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару нысанын сайлау рәсімінің сақталуын, ағымдағы және жинақ шоттарының ашылуын бақылау;

      33) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекараларының шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекараларының шегіндегі қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау;

      34) көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы мүлкін мемлекеттік техникалық тексеруді ұйымдастыру;

      35) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін анықтау;

      36) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу;

      37) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;

      38) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару;

      39) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жүгінген кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуына тексеру жүргізу;

      40) Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

      41) мемлекеттік мекеменің уәкілеттіктері шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілетіктері:

      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;

      2) мемлекеттік мекемелерден және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардан бөлім қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады;

      3) құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін олардың басшылығымен келісе отырып, қала әкімдігінің отырысына мәселелерді дайындау кезінде өз құзыретіне кіретін материалдар мен құжаттарды дайындауға тартады;

      4) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде қалалық мәслихат сессияларына, кеңестерге, отырыстарға қатысады;

      5) мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер өткізеді және кеңес береді;

      6) қаланың барлық қызметтерімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;

      8) барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

      9) шарттар жасасады;

      10) сенімхаттар береді;

      11) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;

      12) мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      13) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

      14) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысқа дербес жауапты болады;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      18. Мемлекеттік мекеменің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Мемлекеттік мекеменің атына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

      22. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады