"Ақтөбе облысының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 997 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 302 қаулысы

      Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтөбе облысының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 997 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6839 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақтөбе облыстық мәслихаты

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2023 жылғы 7 қарашадағы
№ 302 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2020 жылғы 20 ақпандағы
№ 997 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері

Маршрут атауы

Жол ақысы (бір бағытта, теңгемен)

1

Ақтөбе - Алға

400

2

Ақтөбе - Қайнар

600

3

Ақтөбе - Маржанбұлақ

150

4

Ақтөбе - Темірбек Жүргенов

2000

5

Ақтөбе - Қарауылкелді

1500

6

Ақтөбе - Бадамша

700

7

Ақтөбе - Әлімбет

800

8

Ақтөбе - Ырғыз

2300

9

Ақтөбе - Қобда

600

10

Актобе - Мәртөк

400

11

Ақтөбе - Мәртөк - Жайсаң

600

12

Ақтөбе - Сарыжар

200

13

Ақтөбе - Родниковка

350

14

Ақтөбе - Қаратоғай

300

15

Ақтөбе - Қандыағаш

700

16

Ақтөбе - Ембі

1500

17

Ақтөбе - Ойыл

1500

18

Ақтөбе - Темір

850

19

Ақтөбе - Шұбарқұдық

1500

20

Ақтөбе - Кенкияқ - Саркөл

2000

21

Ақтөбе - Жаңажол

2200

22

Ақтөбе - Хромтау

600


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады