Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 11 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 2 қазандағы № 2-10-3/240 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округінің Жаманкөл ауылының "Ер-Темір" шаруа қожалығының мал қораларына бактериологиялық зерттеумен қорытынды дезинфекция жүргізілуіне байланысты және құтырма ауруы кезіндегі жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларының кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімнің (2023 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жарық ауылдық округінің әкімі Т. Кенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады