Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 3 шешімі. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округі әкімінің 20.09.2023 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысының 2023 жылғы 14 ақпандағы № 02-13-4/24 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің "Мейрбек" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Құмсай ауылдық округінің әкімі Н.Д. Сатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады