"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 2 қазандағы № 15 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 қазандағы № 561 бұйрығының;

      2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 183 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кейбір бұйрықтары тізбесінің 6-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Қ. Шарлапаев

  Бұйрықпен бекітілді

"Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады және өз құзыреті шегінде өнеркәсіп: тау-кен металлургия кешені; машина жасау; көмір, химия, жеңiл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi; құрылыс материалдарының өндiрiсi; машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi; салалық бағытына сәйкес химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау; жекелеген қызмет және тауар түрлерін лицензиялау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар айналымы; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар салаларында басшылықты және реттелетін салаларда тауарларды таңбалау және қадағалау саласында жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Комитет заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты.

      9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері, функциялары

      13. Мақсаттары:

      1) өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

      2) өнеркәсіптің: тау-кен металлургия, көмір, машина жасау, химия, жеңіл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі салаларын дамыту бойынша мемлекеттік ынталандаруды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      3) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      4) тау-кен және химия өндірістерін пайдалану, уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою және тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты мен импорты жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

      5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      6) реттелетін салалардағы тауарларды таңбалау және қадағалау саласында жалпы үйлестіруді жүзеге асыру.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Комитеттің құқықтары:

      өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығару;

      Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу (есептер, материалдар);

      Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізу;

      жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарды (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      негізгі қызмет мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмысын үйлестіру;

      Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан Министрліктің және Комитеттің бұйрықтары мен тапсырмаларының уақтылы және дәл орындалуын талап ету.

      2) Комитеттің міндеттері:

      басқа мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер, ұсынымдар, нұсқаулар беру және тиісті шешімдер қабылдау;

      Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты әкімшілік-өкімдік және бақылау функцияларын орындау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады және Комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;

      2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      3) Комитеттің құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, әзірлеуге қатысады және келіседі;

      5) халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді және құқықтарын жүзеге асырады, сондай-ақ Комитет құзыреті шегінде олардың міндеттемелерін басқа халықаралық шарттар қатысушыларының орындауына бақылау жүргізуге қатысады;

      6) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді;

      8) өз құзыреті шегінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк жазалар қолданады;

      9) реттеудің тиісті салаларында реттеушілік әсерді талдауды жүргізеді;

      10) мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын тиісті салада (аяда) мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      11) реттеудің тиісті салаларында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын әзірлейді;

      12) реттеудің тиісті салаларында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді;

      13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізуді жүзеге асырады;

      15) мемлекеттік бақылау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;

      16) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау жүргізуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын қарайды және шешімдерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен қабылдайды;

      17) мемлекеттік бақылау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      18) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді ұсынады;

      19) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар және осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар жөніндегі мәліметтерді белгіленген тәртіпте, мерзімде және нысан бойынша салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

      20) өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін әзірлейді;

      21) импорты қосылған құн салығынан босатылатын пестицидтерді өндіру үшін химиялық заттардың (шикізаттың) тізбесін әзірлейді;

      22) көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімін қалыптастырады;

      23) өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары, сондай-ақ олардың құрамдастары тізбесін әзірлейді;

      24) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын әзірлейді;

      25) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаруды ынталандыру қағидаларын әзірлейді;

      26) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды өз құзыреті шегінде әзірлейді;

      27) өз құзыреті шегінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын функционалдық талаптарды әзірлейді және тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен келіседі;

      28) тауарларды таңбалау мен оларды қадағалау қағидаларын өз құзыреті шегінде әзірлейді;

      29) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануын өз құзыреті шегінде заңнамамен бекітілген тәртіпте жүзеге асырады;

      30) таңбалау мен қадағалануды енгізудің орындылығына талдау жасай отырып, жекелеген тауар топтарын таңбалау мен олардың қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары бойынша тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша уәкілетті органға таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың тізбесіне қосу туралы ұсыныстар енгізеді;

      31) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарларға реттеушілік әсер етуге талдау өз құзыреті шегінде жүргізеді;

      32) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымына қатысушылардың тізілімдерін өз құзыреті шегінде жүргізеді;

      33) өз құзыреті шегінде таңбалауға және қадағалануға жататын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудадағы тауарлар айналымына мониторингті жүзеге асырады;

      34) өз құзыреті шегінде тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін әзірлейді;

      35) тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары мен нысанын өз құзыреті шегінде әзірлейді;

      36) тауарлардың нысаналы мақсатын растауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

      37) тауардың нысаналы мақсатына растама беруді жүзеге асырады;

      38) жекелеген тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын өз құзыреті шегінде әзірлейді;

      39) айрықша лицензия беруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

      40) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеуді және салааралық үйлестіру салалық бағыттылығына сәйкес жүзеге асырады;

      41) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

      42) химиялық өнімнің қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;

      43) өз құзыреті шегінде техникалық регламенттерді әзірлейді;

      44) химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібін әзірлейді;

      45) химиялық өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуді жүзеге асырады және оның есебін жүргізеді;

      46) химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік береді;

      47) салалық бағыттылығына сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласында басшылықты және мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

      48) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      49) машиналар мен жабдықтардың сәйкестігін растау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасы атынан өкілдік етеді;

      50) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      51) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді немесе келіседі;

      52) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

      53) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      54) мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      55) мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру тәртiбiн әзірлейді;

      56) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты ұсынатын ақпаратты ұсынудан бас тартқан, толық емес және (немесе) анық емес ақпарат беретін Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпаратты, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша қорытындысы және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жоқ энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның мың бес жүз және одан да көп тоннасына барабар көлемде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпаратты қарастырады және оған талдау жүргізеді;

      57) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты ұсынатын энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның мың бес жүз және одан да көп тоннасына барабар көлемде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының тиімділігіне бағалау мен талдау туралы жиынтық ақпарат қарастырады және оған талдау жүргізеді;

      58) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты ұсынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жүзеге асыратын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іске асырылған іс-шаралардың тиімділігіне бағалау мен талдау туралы жиынтық ақпаратты қарастырады және оған талдау жүргізеді;

      59) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      60) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

      61) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесін әзірлейді;

      62) энергия тұтынудың нормативтерін, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін әзірлейді;

      63) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындауға қатысады;

      64) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін әзірлейді;

      65) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен ұсынатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі қызмет туралы есептерін қарастырады және оған талдау жүргізеді;

      66) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бағалау жүргізеді;

      67) жергілікті атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша қызметін бағалау нәтижелері туралы қорытынды дайындайды;

      68) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бір бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды әзірлейді;

      69) көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды әзірлейді;

      70) жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды әзірлейді;

      71) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын әзірлейді;

      72) энергия аудитін жүргізу тәртібін әзірлейді және әзірлейді;

      73) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды әзірлейді;

      74) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлейді;

      75) оқу орталықтарының қызмет тәртiбiн әзірлейді;

      76) орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін әзірлейді;

      77) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырады, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде орталық уәкілетті органдар ұсынатын есептерге талдау жүргізеді;

      78) энергия тұтыну нормативтерін есептеу әдістемесін әзірлейді;

      79) мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингі қағидаларын әзірлейді;

      80) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты ұсынатын мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингі бойынша талдамалық есебін қарастырады және оған талдау жүргізеді;

      81) жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды әзірлейді;

      82) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын әзірлейді;

      83) мемлекеттік энергетикалық тізілімнің энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне, энергия аудиті қорытындылары бойынша айқындалған шамаға дейін жыл сайын азайтуды қамтамасыз етпеген субъектілерінің, оның ішінде энергия тұтынудың нормативтерін сақтамайтын мемлекеттік мекемелерді қамтитын тізбесін қалыптастырады және өзінің интернет ресурсында орналастырады;

      84) энергия тиімділігі картасын қалыптастыруды, жүргізуді және іске асыруды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды жүргізуді үйлестіреді;

      85) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;

      86) энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін әзірлейді;

      87) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін әзірлейді;

      88) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанын әзірлейді;

      89) энергия аудиторына кандидаттарды аттестаттауды жүргізеді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын береді;

      90) энергия аудиторларының тізілімін жүргізеді;

      91) үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанын әзірлейді;

      92) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді;

      93) құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды әзірлейді;

      94) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидаларын әзірлейді;

      95) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін жүргізеді;

      96) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды сақтамайтын тапсырыс берушілерге тиісті ұсынымдар жібереді;

      97) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі бойынша талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және оны өзектендіруді жүргізеді;

      98) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі бойынша талаптарды әзірлейді;

      99) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісімді әзірлейді;

      100) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен және энергетикалық ресурстарды жылына бір жүз мың және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісімен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы келісім жасасады;

      101) энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын әзірлейді;

      102) энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін әзірлейді;

      103) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыларға талдау жүргізу тәртібін әзірлейді;

      104) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты ұсынатын энергия аудитін талдау нәтижелері туралы қорытындыны қарастырады және оған талдау жүргізеді;

      105) жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын және Қазақстан Республикасында энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдауды және болжамдауды қамтамасыз етеді;

      106) энергия аудиторларына арналған кәсіптік стандарттарды әзірлейді;

      107) көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      108) электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру бөлігінде Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді іске асырады;

      109) көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеуді, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардың (ұйымдардың) және көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін), өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерін жасаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігін қалыптастырады және жүргізеді;

      110) электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторын (ұлттық әкімшісін) айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну әзірлейді;

      111) көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеу, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеу жөніндегі өкілеттіктерді ұйымдарға беру туралы немесе өкілеттіктерді беруден бас тарту туралы қорытынды беру тәртібі мен шарттарын әзірлейді;

      112) ұйымдардың көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеу, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеу бойынша өкілеттіктер беру туралы өтініштерін қарайды;

      113) көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптарды әзірлейді;

      114) лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын өз құзыреті шегінде әзірлейді және оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;

      115) біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлейді және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;

      116) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсаттар беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын өз құзыреті шегінде әзірлейді әрі рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;

      117) рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлейді және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;

      118) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын өз құзыреті шегінде әзірлейді және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;

      119) рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қағидаларын өз құзыреті шегінде әзірлейді және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;

      120) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша олардың нақты қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға арналған рұқсаттарды алу қажеттігі немесе алу қажеттігінің жоқтығы туралы өз құзыреті шегінде қорытынды береді;

      121) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін өз құзыреті шегінде белгілейді;

      122) лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімдерін өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

      123) рұқсаттық бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

      124) рұқсат беру рәсімдерін және лицензиялауды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

      125) мемлекеттік органдарға өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде өз құзыреті шегінде рұқсат беруді келісу туралы сауал жібереді;

      126) хабарламаларды қабылдауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

      127) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін өз құзыреті шегінде жүргізеді;

      128) хабарлама жасау тәртібін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

      129) бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      130) бағалы металдарды өндіру, бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

      131) бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлейді;

      132) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлейді;

      133) Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын әзірлейді;

      134) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      135) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      136) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      137) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде тауардың әрбір партиясына мемлекеттік бақылау актісін беруді жүзеге асырады;

      138) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде тауардың әрбір партиясына мемлекеттік бақылау актісін беруді жүзеге асырады;

      139) "Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді;

      140) "Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді;

      141) "Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдары қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді;

      142) "Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда) бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді;

      143) "Минералдық шикізатты кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу рәсіміне орналастыруға қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді;

      144) тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты; Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытындыны; Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытындыны; Кимберлий процесінің сертификатын беруді жүзеге асырады;

      145) өңделмеген табиғи алмастардың халықаралық сертификаттау схемасының сертификат нысанын әзірлейді;

      146) сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      147) атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидаларын әзірлейді;

      148) уәкілетті ұйым ұсынатын тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді қарастырады және оған талдау жүргізеді;

      149) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына нормативтік құжаттарды әзірлейді;

      150) қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларынан қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын растайды;

      151) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидаларын әзірлейді;

      152) бағалы металдар өндірісінің субъектілері ұсынатын құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждаудың жеке-дара технологиялық мүмкіндіктері туралы мәліметтерді қарастырады және оған талдау жүргізеді;

      153) шикізат тауарларының түрлері бойынша жеке-дара технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітетін тізбедегі әрбір бағалы металдарды өндіру субъектісі үшін құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін әзірлейді;

      154) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді;

      155) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастырады;

      156) аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу қағидаларын әзірлейді;

      157) аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу жөніндегі ақпаратты қалыптастырады;

      158) сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидаларын және оның нысанын әзірлейді;

      159) уәкілетті ұйымдарда міндетті сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындауға қатысады;

      160) бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларын, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттарды әзірлейді;

      161) Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуді жүргізуге ниетті тұлғаларға бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартудың бар екені туралы растаманы ұсынады;

      162) бірыңғай индустрияландыру картасы бойынша жалпы үйлестіруді өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып жүзеге асырады;

      163) жауапты мемлекеттік органдар, ұлттық басқарушы холдингтер және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын бірыңғай индустрияландыру картасы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларының іске асырылу барысы туралы ақпаратты қарастырады және оған талдау жүргізеді;

      164) бірыңғай индустрияландыру картасын әзірлейді және бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген жобалар бойынша ақпаратты өзектендіруді жүзеге асырады;

      165) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын әзірлейді;

      166) Бірыңғай индустрияландыру картасының мәселелері жөніндегі штаб отырысында қаралатын бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу туралы ұсыныстар бар өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды жалпы жинақтауды жүзеге асырады;

      167) бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін әзірлейді;

      168) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын әзірлейді;

      169) еңбек өнімділігін арттыруда өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға қатысады;

      170) өнеркәсіптік даму саласындағы ұлттық даму институтының ұсынатын мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы есебін қарастырады және оған талдау жүргізеді;

      171) құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруды қамтамасыз етеді;

      172) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлейді;

      173) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлейді;

      174) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлейді;

      175) өндірушілердің ауыл шаруашылығы техникасын, көлік құралдарын, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу бойынша өтініштерін қарастырады;

      176) жасалған ауыл шаруашылығы техникасын, көлік құралдарын, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдерді есепке алуды жүзеге асырады;

      177) Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің және Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін көлік құралына көлік құралдарын өндіру кезінде бұйымдар мен құрауыштарды, сондай-ақ көлік құралдарын құрастыру жөніндегі технологиялық операцияларды және өзге де талаптарды қолдануды бағалауды жүргізеді;

      178) өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын әзірлейді;

      179) өнеркәсіптік гранттарды ұсынуға қатысады;

      180) өнеркәсіптік грант беру туралы немесе оны өтініш берушіге беруден бас тарту туралы өнеркәсіптік гранттар беру жөніндегі сараптамалық Комиссияның шешімін келіседі;

      181) өнеркәсіптік гранттар беруді ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      182) басым тауарлар тізбесін әзірлейді;

      183) басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін тауарды өңдеп жасау деңгейін бағалау әдістемесін әзірлейді;

      184) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді;

      185) тұрақты негізде отандық шикізатты ұсынуға өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады;

      186) отандық шикізатты беруге арналған өтінімді қарайды;

      187) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісімен және отандық шикізатты өндірушімен өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім жасасады;

      188) өндірушінің өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісімен жасалған шикізатты жеткізу және өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім бойынша алынған отандық шикізатты нысаналы пайдалану жөніндегі шарттарды орындауына мониторинг жүргізеді;

      189) түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті реттеуді:

      түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды әзірлеу;

      түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сатып алынған және өткізілген сынығы мен қалдықтары туралы есептілігінің нысанын және оны ұсыну мерзімдерін әзірлеу арқылы жүзеге асырады;

      190) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттен берілетін қаражат шеңберінде қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру шарттары мен тетіктерін әзірлейді;

      191) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ұсынатын мамандарға деген қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтар тізбесін айқындау бойынша ұсыныстарды қалыптастырады;

      192) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын дуальды оқытуды ұйымдастыру процесіне тартуға жәрдем көрсетеді, оның ішінде дуальды оқыту туралы үшжақты шарттар жасасуға жәрдемдеседі;

      193) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге деген қажеттіліктері туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады;

      194) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

      195) құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін, эксаумақтық кері экспортты, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуді бақылайды;

      196) мыналарды:

      өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларын және біліктілік талаптарын;

      Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптарын;

      өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын;

      эксаумақтық кері экспортқа рұқсат беру қағидалары мен біліктілік талаптарын;

      импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын;

      өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, эксаумақтық кері экспортты жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезінде тәуекелдерді бағалау өлшемшарттарын, оларды қолдану тәртібін;

      эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру қағидаларын және біліктілік талаптарын, уәкілетті органның эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын хабардар ету және олардың тізімін жүргізу тәртібін;

      өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіруді жүргізу қағидаларын;

      өзіндік ерекшелігі бар тауарлармен жасалатын сыртқы экономикалық мәмілелердің есебін жүргізу қағидаларын;

      бәрін қамтитын бақылау өлшемшарттарын;

      өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесін құру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;

      бақылау тізімін;

      уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін әзірлейді;

      197) мыналарды:

      өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия (өзіндік ерекшелігі бар тауарлар экспортына лицензия, қосарланған мақсаттағы тауарлар немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар экспортына жалпы лицензия, өзіндік ерекшелігі бар тауарлар импортына лицензия);

      өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат;

      эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат;

      эксаумақтық кері экспортқа рұқсат;

      импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсат;

      Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын;

      Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын;

      өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беруді жүзеге асырады;

      198) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      199) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      200) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      201) эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының тізімін жүргізеді;

      202) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұрады немесе тоқтатады;

      203) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, эксаумақтық кері экспортты жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезінде тәуекелдерді бағалауды жүргізеді;

      204) қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензияларды орындау жөніндегі құжаттарды қарастырады және оған талдау жүргізеді;

      205) алушы елдің кепілдік міндеттемесінің төлнұсқалығын уәкілетті орган айқындаған жағдайларда айқындайды;

      206) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйелерін құруға жәрдемдеседі және оларға қажетті ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді;

      207) өзінің интернет-ресурсында эксаумақтық делдалдық қызметтер мен техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының тізімін, Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға жол берген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының және шетелдік тұлғалардың тізімдерін орналастырады;

      208) "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидаларын әзірлейді;

      209) жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беруді жүзеге асырады;

      210) тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды беруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

      211) "Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын әзірлейді;

      212) тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беруді жүзеге асырады;

      213) "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын әзірлейді;

      214) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді жүзеге асырады;

      215) "Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді;

      216) үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беруді жүзеге асырады;

      217) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық өз құзыреті шегінде біліктілік шеңберлерін әзірлеуді және (немесе) жаңартуды жүзеге асырады;

      218) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өз құзыреті шегінде кәсіптік стандарттарды әзірлеуді және (немесе) жаңартуды жүзеге асырады;

      219) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      220) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды уәкілетті органға жібереді;

      221) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырады;

      222) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;

      223) уәкілетті орган бекіткен, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде өз құзыреті шегінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлеуді жүзеге асырады;

      224) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік орган ведомствосының немесе ведомствосы аумақтық бөлімшесінің немесе аумақтық органының қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

      16. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты Төраға жүзеге асырады.

      17. Комитет Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет Төрағасының өкілеттігі:

      1) Комитет туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министріне бекітуге енгізеді;

      2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, Комитет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, Комитеттің жұмыс жоспарын, Комитеттің жұмыс регламентін бекітеді;

      3) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды және бекітеді;

      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      5) Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

      6) Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;

      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;

      8) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      9) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар не сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің туындауына ықпал ететін іс-әрекеттер тіркелген жағдайларда, бұл туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді;

      10) Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      11) Комитетте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      12) республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына және Мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметтің жүзеге асырылуына дербес жауапты болады;

      13) ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылтай құжаттарын, даму жоспарларын, жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

      14) демалыстар, сыйлықақы беру бойынша бұйрықтарға, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларына қол қояды;

      15) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары басшылығының іссапарларын келіседі;

      16) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;

      17) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;

      18) комитеттің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, персоналды басқару қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;

      19) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік орган ведомствосының немесе ведомствосы аумақтық бөлімшесінің немесе аумақтық органының мүлкі

      21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1) "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" акционерлік қоғамы;

      2) "Жезқазғансирекмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      3) "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      4) "Ұлттық технологиялық болжау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      5) "Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады