Шектеуіс-шараларын тоқтату және Қусақ ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 19 шілдедегі "Қусақ ауылдық округінің Қошқар аулындағы жеке аулаларға шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қусақ ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 26 қазандағы № 04 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 10 қазандағы № 13-4-4/202 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малының бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, Ақтоғай ауданы Қусақ ауылдық округі Қошқар аулының төмендегі тізім бойынша жеке аулаларынабелгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      1) Жақыпбекова Алмагүл Қордабайқызы Сарыарқа көшесі 1 үй

      2) Балапанов Оналбек Есимбекулы Жеңіс көшесі 32 үй

      3) Мәдиев Оңал Оралұлы Бейбітшілік көшесі 11/2 үй

      4) Бейс Нурбек Мекенулы Бейбітшілік көшесі 5 үй

      5) Сейлхан Кабира Жумаханкызы Наурыз көшесі 7 үй

      6) Шалхарбаев Сабырхан Тлеукабылович Мәдениет көшесі 12 үй

      7) Турсынбаев Ауез Науханбекулы Наурыз көшесі 20 үй

      8) Мұқашов Нұрлан Қабылбекұлы Жеңіс көшесі 4 үй

      2. Ақтоғай ауданы Қусақ ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 19 шілдедегі "Қусақ ауылдық округінің Қошқар аулындағы жеке аулаларға шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қусақ ауылдық округінің әкімі Д.Мукатай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады