Шектеу іс-шараларын тоқтату және Покров ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 3 шешімі

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес және Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 01-27/93 ұсынысы негізінде ШЕШТІ:

      1. Покровка ауылындағы Виталий Викторович Светиннің жайылымдық табыны, Султан Танатқанұлы Мендыбаевтың, Зүлхиза Айдарханқызы Сулейменованың, Аскар Наурзбайұлы Жунусовтың сауын табындарынан және Костанай облысы Денисов ауданы, Покров ауылдық округінің Арыстансор станциясында Сапаргали Тасымұлы Шушаковтың табыны аумағынан ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Покров ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Покров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Руспубликасы нормативтік құқықытық актілерінің этанондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Покров ауылдық округінің әкімі Т. Саркетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады