Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 2 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің 01.04.2024 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) сәйкес ШЕШТІ:

      1. Сарыкөл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып аудан әкімінің орынбасары Жанат Қайратұлы Жиенбаев тағайындалсын.

      3. Төтенше жағдайды жою басшысы мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп заңнамада айқындалған тәртіппен осы шешімнен туындайтын қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. "Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етілсін:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

      2) осы шешімді Сарыкөл ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастыруды.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      А. Балгарин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Сарыкөл ауданының

      төтенше жағдайлар бөлімі"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ______________ Т. Жүсіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады