Павлодар қаласының және Павлодар қаласы елді мекендерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 10 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 және 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына сәйкес, Павлодар қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2023 жылғы 19 қарашадағы № 5 хаттамасы негізінде Павлодар қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қаласының, Павлодар қаласы Ленин кентінің, Павлодар қаласы Жетекші, Мойылды, Павлодар ауылдарының және Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Х. Хабылбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады