Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 481/6 қаулысына толықтырылулар енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 3 қазандағы № 819/10 қаулысы

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31,37-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 14 маусымдағы № 481/6 қаулымен бекітілген "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне келесі толықтырулар енгізілсін:

      1-тарау келесі мазмұндағы 14-1 -тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Мемлекеттік мекеме шоғырландырылған қаржылық есепті құруға және ұсынуға жауапты болады.";

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1), 15-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорт жабдығының қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      "15-1) Екібастұз қаласы мен оның ауылдық аймағының аумағында тұратын Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;".

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады