Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 154 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 223 қаулысы

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 154 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Мемлекеттік сатып алулар", "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен: Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өз жұмысын іске асырады.";

      7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде, "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.";

      13-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы", "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ережемен үйлестіру және ұйымдастыру.";

      15-тармақтың 1) және 39) тармақшалары алынып тасталсын;

      15-тармақтың 16) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "16) мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу;";

      25-тармақ алынып тасталсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Р. Аңбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады