Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 114 "Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 210 қаулысы

      Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облыс әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 114 "Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті" қосымшасындағы:

      2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі – қабылдау) Түркістан облысы әкімі аппараты әкімі аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде (бұдан әрі – қоғамдық қабылдау бөлмесі), сондай-ақ азаматтарды қабылдау орталығында мына лауазымды адамдар жүзеге асырады:

      1) облыс әкімі және оның орынбасарларымен;

      2) облыс әкімі аппаратының басшысы және оның орынбасарларымен;

      3) облыс әкімі аппараттарының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен;

      4) облыс әкімі аппаратының алдын ала жазылу бойынша қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де қызметкерлерімен.";

      келесі мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Азаматтарды қабылдау орталықтарында осы регламентте белгіленген тәртіппен Түркістан облысы әкімдігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау жүзеге асырылады.";

      2-тараудың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Облыс әкімі аппаратында, сондай-ақ азаматтарды қабылдау орталықтарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі";

      4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер күн сайын жұмыс күндері, түскі үзілісі бар жұмыс уақытында "электрондық үкімет" веб-порталындағы немесе "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесiндегі электрондық құжат, қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол келіп түсетін не қоғамдық қабылдау бөлмесінің немесе азаматтарды қабылдау орталығының қызметкеріне ауызша нысанда айтылған жолданымдар, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлмелерінің сall-орталықтарына келіп түскен өтінімдер негізінде қабылдауға жазылуды жүргізеді.";

      7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Регламенттің 2-тармағында көрсетілген тұлғалардың қоғамдық қабылдау бөлмесінде және азаматтарды қабылдау орталығында қабылдауы Регламентке қосымшаға сәйкес нысан бойынша Түркістан облысының әкімі бекіткен кестеге сәйкес айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.";

      8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қабылдау күндері көрсетілген қабылдау кестелері мемлекеттік және орыс тілдерінде қоғамдық қабылдау бөлмелерінің, азаматтарды қабылдау орталығының үй-жайларында көпшілікке көрінетін жерлерге ілінеді, сондай-ақ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      "11. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.";

      17 және 18-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "17. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде және азаматтарды қабылдау орталығында қабылдау күні қосымша жолданымдар мен басқа да ілеспе құжаттарды ресімдеуге (қажет болған жағдайда) көмектесетін заң консультанттары, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер (волонтерлерді қабылдау күндері ғана тартуға болады) тартылуы мүмкін.

      18. Облыс әкімі аппаратының және азаматтарды қабылдау орталығының тиісті қызметкерлері қабылдау өткізген кезде басқа да мүдделі органдар өкілдерінің қатысуы, егер көтерілетін мәселе олардың құзыретіне қатысты болса, қамтамасыз етіледі.";

      25 және 26-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "25. Қабылдауға жазылу туралы келіп түскен барлық жолданымдарды қоғамдық қабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталығының қызметкерлері электрондық құжат айналымы жүйесінде не "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесінде олар келіп түскен күні тіркейді және жолданымдардың қаралуына бақылауды жүзеге асыратын жауапты қызметкерге (бұдан әрі – жауапты қызметкер) алдын ала қарау үшін жібереді.

      26. Жауапты қызметкер облыс әкімі аппаратының және азаматтарды қабылдау орталығының қатысуымен материалдарды жинап, талдағаннан кейін облыс әкімінің атына қабылдау күнін белгілеу немесе бас тарту туралы ұсыныспен анықтамалық ақпаратты қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын дайындайды.";

      28 және 29-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "28. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталығының жауапты қызметкері бекітілген қабылдау кестесіне тізімдерді кезектілік тәртібімен бөледі.

      29. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталығының жауапты қызметкері жолданым тіркелген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде арыз иесіне қабылдау уақыты мен күні көрсетілген жауапты жолдайды.";

      31-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "31. Қоғамдық қабылдау бөлмесі және азаматтарды қабылдау орталығы облыс әкімінің және оның орынбасарларының қабылдауын ұйымдастыруы үшін қажетті материалдарды ұсыну, қабылдауды өткізу практикасын талдау және жинақтап қорыту туралы талаптары облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері, облыстық маңызы бар аудан және қала әкімі аппараты, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар орындауы үшін міндетті болып табылады.";

      38-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "38. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталығының қызметкерлері тұрақты негізде арыз иелерінің қанағаттану деңгейіне мониторинг жүргізіп, консультация алған және жеке қабылдауға жазылудан бас тартқан арыз иелеріне телефон байланысы арқылы іріктеп сауалнама жүргізуі тиіс.";

      39-тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "4) қоғамдық қабылдау бөлмелерінің, азаматтарды қабылдау орталығының шеңберінде жұмыс істейтін сall-орталықтардың, оның ішінде төтенше жағдай, төтенше ахуал режимдерін, эпидемиологиялық сипаттағы карантиндік шараларды енгізумен, техногендік авариялармен және халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өзге де апаттармен байланысты шектеу шаралары қабылданған жағдайда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.";

      40-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      "40. Қоғамдық қабылдау бөлмелері және азаматтарды қабылдау орталығы жұмысының нәтижелері туралы тұрақты негізде (тоқсанына бір реттен сиретпей) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын хабардар ету қажет.".

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды

  Түркістан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 210 қаулысына қосымша
Түркістан облысы әкімі аппараты
лауазымды адамдарының жеке және
заңды тұлғалардың өкілдерін жеке
қабылдауының регламентіне
қосымша
  БЕКІТЕМІН
______________________
Түркістан облысының әкімі
Д. Сатыбалды

Түркістан облысы әкімдігі басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі

Мемлекеттік органның атауы

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның Т.А.Ә.

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның лауазымы

Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты

Мемлекеттік органның, ұйымның орналасқан жері

Байланыс телефоны, электрондық мекенжайы
































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады