Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Арыс қаласы әкімдігі Монтайтас ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 45 шешімі. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкімдігі Монтайтас ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкімдігі Монтайтас ауылдық округі әкімінің 01.03.2024 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Арыс қалалық аумақтық инспекциясының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 08-02-03/474 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Белгісіз (қаңғыбас) мысықтан құтыру ауруының анықталуына байланысты, Монтайтас ауылдық округі, Қабылсай ауылы, Қазақстан көшесі № 42 үйіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Арыс қаласы "Монтайтас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Монтайтас ауылдық округінің әкімі Е.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады