Тимофеев ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2023 жылғы 21 тамыздағы № 5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылы әкімінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 1 шешімі

      Тимофеев ауылының әкімі ШЕШТІ:

      1. Тимофеев ауылы әкімінің 2023 жылғы 21 тамыздағы № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылының аумағында ұсақ қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін, осылайша: шектеу қойылған аумақ арқылы жануарларды алып өтуге (айдап өтуге), бұл аумаққа сау жануарларды тасып әкелуге (кіргізуге), союға жөнелту жағдайларын қоспағанда, осы аумақтан жануарларды тасып әкетуге (шығаруға), эпизоотиялық ошақтар белгіленген саламатсыз аумақта пішен, сабан және басқа да ірі азықтарды басқа аумаққа әкету үшін дайындауға, сондай-ақ жануарларды немесе адамдарды жинаумен байланысты іс-шараларды жүргізуге жол берілмейді.

      2. "Тимофеев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Нсанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады