Шектеу іс–шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылы әкімінің 2023 жылғы 21 тамыздағы № 5 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылы әкімінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылы әкімінің 20.02.2024 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инсекторының 2023 жылғы 16 тамыздағы № 01-22/397 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылының аумағында ұсақ қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін, осылайша: шектеу қойылған аумақ арқылы жануарларды алып өтуге (айдап өтуге), бұл аумаққа сау жануарларды тасып әкелуге (кіргізуге), союға жөнелту жағдайларын қоспағанда, осы аумақтан жануарларды тасып әкетуге (шығаруға), эпизоотиялық ошақтар белгіленген саламатсыз аумақта пішен, сабан және басқа да ірі азықтарды басқа аумаққа әкету үшін дайындауға, сондай-ақ жануарларды немесе адамдарды жинаумен байланысты іс-шараларды жүргізуге жол берілмейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылы әкімінің 25.01.2024 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Әулиекөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Тимофеев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тимофеев ауылының әкімі А. Нсанбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық

      сақтау министрлігі Санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау комитеті

      Қостанай облысының санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау департаменті

      Әулиекөл аудандық санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік мекемесінің

      м.а. басшысы

      ________________________ Л. Жунусова

      2023 жылғы "____" __________________

      Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және қадағалау

      комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық

      инспекциясы" мемлекеттік мекемесі

      басшысы

      _______________________ А. Тайшыбаев

      2023 жылғы "____" __________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады