Шемонаиха ауданы бойынша (Шемонаиха қ., Усть-Таловка к.) халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 13/3-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 24382 болып тіркелген) сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шемонаиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы М. Желдыбаев

  Шемонаиха
аудандық мәслихатының
2024 жылғы 9 ақпандағы
№ 13/3-VIII шешіміне қосымша

Шемонаиха ауданы бойынша (Шемонаиха қ., Усть-Таловка к.) халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    №

Атауы

Есеп бірлігі

Қызметтердің құны, теңге (ҚҚС-сыз)

Қызметтердің құны, теңге (ҚҚС-пен)

Шемонаиха қаласы

1

Абаттандырылған үйлер

тұрғын / ай

625,16

700,18

2

Абаттандырылмаған үйлер

тұрғын / ай

706,6

791,39

3

Бірлікке жылдық тариф (көлемі)

1 м3

2874,3

3219,22

Усть-Таловка кенті

1

Абаттандырылған үйлер

тұрғын / ай

625,05

700,05

2

Абаттандырылмаған үйлер

тұрғын / ай

706,48

791,25

3

Бірлікке жылдық тариф (көлемі)

1 м3

2873,8

3218,66


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады