Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 14 қазандағы № 413 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 11 шілдедегі № 85 шешімі

      Кеден одағының Кеден кодексі 215-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 14 қазандағы "Кеден одағының тауарларын кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру шарттары туралы" № 413 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) атауындағы "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 1-тармақта:

      мәтін бойынша "Кеден одағының", "кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН, шикі мұнайды қоспағанда (ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 коды)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "әкетілетін" деген сөз алдынан "Ресей Федерациясының аумағынан" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады