Стерилизаторларды Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 213 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Жұмыс істеу қағидаты зарарсыздандыруды жүргізу үшін қажетті температураға дейін қыздыратын бу-ауалы қоспаның көмегімен бақыланатын қысымға қарсылық кезінде зарарсыздандыруға негізделген, дәнекерленген ампулаларды, дәрілік заттары бар флакондарды, полимер контейнерлер мен пакеттерді зарарсыздандыруға арналған электрмен қыздырылатын стерилизатор сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8419 20 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Жұмыс істеу қағидаты зарарсыздандыруды жүргізу үшін қажетті температураға дейін қыздыратын химиялық заттың (этиленоксидтің немесе сутегі тотығының) көмегімен зарарсыздандыруға негізделген, термолабильді медициналық аппаратураны, құрал-саймандарды немесе зертханалық және медициналық үй-жайларды зарарсыздандыруға арналған электрмен қыздырылатын стерилизатор сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8419 20 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады