Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 182 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 52-бабының 5-тармағына, 105-бабының 5-тармағына, 260-бабының 3-тармағына және 266-бабының 24-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 182 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тасымалдаушы кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып экспресс-жүк ретінде жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы" 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 шешімі 2-тармағының "б" тармақшасының бесінші абзацы "және жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының шанағын" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжат туралы" 2018 жылғы 20 қарашадағы № 185 шешімінде:

      а) көрсетілген Шешіммен бекітілген жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжаттың нысаны мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 20 қарашадағы
№ 182 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
  (Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 182 шешімінің редакциясында)

Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжаттың НЫСАНЫ

жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТ

Экспресс- жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясының №

В. Төлемдерді есептеу

Жеке жүкқұжат

Түрі

Есепке алуға арналған база

Ставка

Сомасы

1

2

3

4

5






Жеке жүкқұжат бойынша барлығы







Жеке жүкқұжат бойынша барлығы







Жеке жүкқұжат бойынша барлығы


Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы бойынша барлығы


В1. Төлеудің (өндіріп алудың) жай-жапсары

Жеке жүкқұжат

Төлеу туралы мәліметтер

1

2





Күні

Төлеу туралы құжат толтырылды

      ";

      б) көрсетілген Шешіммен бекітілген Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжатты толтыру тәртібі мынадай мазмұндағы 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:

      "11. "Күні" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда төлеу туралы құжаттың толтырылған күні кк. аа. жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында көрсетіледі.

      12. "Төлеу туралы құжат" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Электрондық құжат түрінде төленгені туралы құжатты толтыру кезінде төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемесінде төлеу туралы құжатты толтырған кеден органы лауазымды адамының жеке нөмірлік мөрінің нөмірі көрсетіледі, ал ол болмаған кезде кеден органы лауазымды адамының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі. Қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде төлеу туралы құжатты толтыру кезінде бағанда төлеу туралы құжатты толтырған кеден органы лауазымды адамының жеке нөмірлік мөрінің бедері қойылады, ал ол болмаған кезде кеден органының осы лауазымды адамының тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі және оның қолы қойылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады