Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға мәлімделуі мүмкін тауарлардың санаты туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 87 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 120-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 12923-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімімен бекітілген Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар тізбесінің 1.4-тармағын іске асыру мақсатында ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйке тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 37 шешіміне № 2, 4 – 9 қосымшаларға сәйкес тізбелерге енгізілген Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімі 7-тармағының 7.1.40, 7.1.42 – 7.1.47 тармақшаларында көзделген әкелінетін тауарлардың нысаналы мақсатын тиісті растауларда көрсетілген тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген тауарлар мәлімделуі мүмкін деп белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Сұлтанов

А. Кожошев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады