3-ҚОСЫМША САУДА САЯСАТТЫҢ ШОЛУ МЕХАНИЗМІ

Жаңа

Келісім.

      ЗҚАИ ескертпесі!
      Келісім Қазақстан Республикасы 12.10.2015 ж. № 356 "1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заңының қабылдануына байланысты орналастырылды.

      Осымен мүшелер келесі туралы келіседі:

      А. Мақсаттар

      (i) Сауда саясатын шолу механизмнің ("ССШМ") мақсаты барлық мүшелермен Көп тараптық сауда келісімдері бойынша және бұл қолданылатын жерде, Қатысушылардың шектеулі шеңберімен келісімдер бойынша қабылданған ережелерді, нормаларды және міндеттемелерді неғұрлым жетілдірек сақтауға, демек мүшелердің сауда саясаты мен тәжірибесін түсінуге және көп тараптық сауда жүйесінде көбірек жариялыққа жету арқылы оның қызмет етуіне қолдау жасау болып табылады. сондықтан. Сонымен, шолу механизмі жеке мүшелердің сауда саясаты мен тәжірибесінің барлық спектрінің маңыздылығына және олардың көп тараптық сауда жүйесінің қызмет етуіне әсерін ұжымдық баға жиі беруге мүмкіндігін береді. Алайда, бұл көрсетілген Келісімдер бойынша нақты міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін немесе талассөздерді реттеу процедуралары үшін негіз ретінде қызмет ету немесе мүшелерге жаңа саяси міндеттемелерді жүктеу үшін тағайындалмаған.

      (ii) Шолу механизмі шеңберінде өткізілетін бағалау, мүмкіндігі бойынша, сәйкес мүшенің неғұрлым кең экономикалық қажеттіліктері және даму, саясат және мақсаттар қажеттіліктері аясында, сондай-ақ сыртқы факторларды ескере отырып жасалады, Бірақ шолу механизмнің негізгі тағайындалуы көп тараптық суда жүйесіне мүшенің сауда саясаты және тәжірибесінің әсерін зерттеу болып табылады.

      В. Ішкі мемлекеттік жариялық

      Мүшелер экономикасы үшін, сондай-ақ көп тараптық сауда жүйесі үшін мүшелер сауда саясаты мәселелері бойынша үкіметтік шешімдерді қабылдау саласында ішкі мемлекеттік жариялықтың ажырамас құндылығын мойындайды және ішкі мемлекеттік жариялықты қамтамасыз ету әр мүшенің құқықтық және саяси жүйесін ескере еркін негізде жүзеге асырылу тиістігін қабылдай отырып, олардың өздерінің жүйелері шеңберінде зор жариялыққа қолдау жасауға келіседі.

      С. Шолу процедуралары

      (i) Осымен сауда саясатына шолу орындау үшін Сауда саясатының шолуын өткізу бойынша орган бекітіледі (бұл жерде "ССШО" ретінде ескеріледі).

      (ii) Сауда саясаты және барлық мүшелердің тәжірибесі мерзімділік қарауға жатады. Жеке мүшелердің әлемдік саудада соңғы ұсынылған мерзімдегі үлесі бойынша анықталатын көп тараптық сауда жүйесінің қызмет етуіне олардың әсері, шолулар өткізу жиілілігі туралы шешімдер қабылдағанда шешуші фактор болады. Осылай анықталған бірінші төрт сауда қатысушылар (сонымен Еуропалық Қоғамдар жалғыз қатысушы болып табылады) әр екі жыл сайын шолу мәні болып табылады. Келесі 16 әр төрт жыл сайын шолу мәні болып табылады. Басқа мүшелер әр алты жыл сайын шолу мәні болып табылады, аз дамыған елдер-мүшелер үшін одан ұзақ мерзім белгілену мүмкіндігі бар. Сонымен бірге бірнеше мүшеге таралатын жалпы сыртқы саясаты бар құрылымдарға қатысты шолу саудаға әсер ететін саясаттың барлық құраушыларын, тиісті жеке мүшелердің саясаты пен тәжірибесін қоса қамтитыны түсініледі. Тәртіптен тыс ретінде қандай болмасын мүшенің сауда саясатында немесе тәжірибесінде оның сауда серіктестері үшін маңызды салдары болу мүмкін өзгерістер болған жағдайда, кеңестен кейін, ССШО сәйкестік мүшеден келесі шолуды ертерек өткізу туралы сұрай алады.

      (iii) ССШО отырыстарындағы талқылаулар А тармақта баяндалған міндеттермен анықталады. Талқылау шолу механизмі шеңберінде бағалауға жататын мүшелердің сауда саясаты мен тәжірибесіне негізделеді.

      (iv) ССШО осындай шолулар өткізудің жалпы жоспарын белгілейді. Ол мүшелердің жаңартылған баяндамаларын талқылай және мәлімет ретінде қабылдай алады.ССШО кеңестерде тікелей мүдделі елдер-мүшелермен әр жылға шолулар бағдарламасын жасайды. Мүше немесе мүшелерге қатысты олардың кеңестік қатысуымен төраға жекеше шығып ССШО-да талқылауға сәйкес мәселелерді ұсынатын баяндаушыларды таңдай алады.

      (v) ССШО өзінің жұмысында келесі құжаттамаларға негізделеді:

      (а) шолудың мәні болып табылатын ел-мүшемен немесе елдер-мүшелермен ұсынылған, D тармағында көрсетілген толық баяндама;

      (b) Секретариат өзінде бар ақпарат негізінде, сондай-ақ сәйкес ел-мүшемен немесе елдер-мүшелермен ұсынылған ақпарат негізінде өзінің жауапкершілігінде жасаған баяндама. Секретариат сәйкес ел-мүшеден немесе елдер-мүшелерден олардың сауда саясатына және тәжірибесіне қатысты ақпаратты нақтылауға тырысады.

      (vi) Қаралатын мүше мен Секретариаттың баяндамалары, ССШО тиісті отырысының хаттамаларымен бірге, шолудан кейін кешіктірілмей жарияланады.

      (vii) Осы құжаттар, оларды мәлімет ретінде қабылдайтын Министрлер конференциясына жіберіледі.

      D. Есеп беру

      Неғұрлым мүмкін толық жариялықты қамтамасыз ету мақсатында әр мүше ССШО алдында жиі есеп береді. Толық есептер сәйкес мүшемен немесе мүшелермен өткізілетін сауда саясат пен тәжірибені сипаттайды, ССШО анықтайтын келісілген нысан бойынша жасалады. Бұл нысан ең алдымен 1989 жылғы 19 шілдедегі (BISD 36S/406-409) шешіммен белгіленген елдер бойынша есептер үшін сызбалық нысанда негізделеді, егер бұл 1-Қосымшада Көп тараптық сауда келісімдермен және қолданылатын жерде, Қатысушылардың шектеулі шеңберімен сауда келісімдермен қамтылатын сауда саясаттың барлық аспектілеріне есептік саласын кеңейту үшін қажетті болса өзгертіледі. Бұл нысан практикалық тәжірибені ескерумен қайта қаралу мүмкін. Шолулар арасындағы кезеңдерде мүшелер, егер олардың сауда саясатында маңызды өзгерістер болса қысқа есептер ұсынады; жыл сайындық жаңартылған статистикалық ақпарат келісілген нысан бойынша ұсынылады. Аз дамыған елдер-мүшелер тап болатын қиындықтарға ерекше назар аударылады, олардың сұрауы бойынша Секретариат есеп беру кезінде оларға техникалық қолдау көрсетеді. Есептерде көрсетілген ақпарат барынша жоғары дәрежеде Көп тараптық сауда келісімдердің және қолданылатын жерде қатысушылардың шектеулі шеңберімен Сауда келісімдердің талаптарына сәйкес ұсынылған хабарламалармен үйлестірілуі тиіс.

      Е. Төлем теңгерімдер бойынша ГАТТ 1994. және ГАТС ережелерімен байланыс

      Мүшелер үкіметтерге жүктемені азайту қажеттілігін, сондай-ақ төлем теңгерімдер бойынша ГАТТ 1994 және ГАТС ережелеріне сәйкес кеңестерді толық көлемде өткізуді мойындайды. Осы мақсатпен ССШО төрағасы сәйкес мүшемен немесе мүшелермен және Шектеулер бойынша комитеттің төрағасымен кеңестерде төлем теңгеріміне байланысты, төлем теңгерімдері бойынша кеңестердің кестесімен сауда саясат шолуларының қалыпты тәртібіне көрсететін әкімшілік келісімдерді әзірлейді, алайда, сауда саясаттың шолуларын 12 айдан артық мерзімге қалдырмайды.

      F. Механизмді бағалау

      ССШО ССШМ қызмет етуінің бағалауын ДСҰ құру туралы келісімнің күшіне енгеннен кейін бес жылдан кеш емес мерзімде өткізеді. Осы бағалаудың нәтижелері Министрлер конференциясына ұсынылады. ССШО анықтаған мерзімдердің ішінде немесе Министрлер конференциясының сұрауы бойынша ССШМ бағалауын келесіде өткізе алады.

      G. Халықаралық сауда ортасында оқиғалар дамуының жалпы шолуы.

      Сондай-ақ, ССШО көп тараптық сауда жүйесіне әсер ететін халықаралық сауда ортасында оқиғалар дамуының жыл сайындық жалпы шолуын өткізеді. ДСҰ қызметінің баста тараптарын бейнелейтін және сауда жүйесіне әсер етеін маңызды саяси мәселелерді белгілейтін Бас директордың жыл сайындық баяндамасы осы шолуға қолдау көрсетуі тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады