Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 наурыздағы N 342 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 тамыз N 1100. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 шілдедегі N 668 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Уақытша тауарлар әкелуге (әкетуге) кеден режимін қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 наурыздағы N 342 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 13, 100-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      Кеден бажы мен салығын төлеуден босатылған, уақытша әкелінетін (әкетілетін) тауарлар мен көлік құралдарының тізбесі мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
      "20. Астық, техникалық, май және басқа да дақылдар жинауға арналған комбайндар, фронтальдық, жабынды, тіркемелік жаткалар".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

    

    

         

     

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады