"Дене дайындығы мен спорт бас басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 наурыз N 332

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Дене дайындығы мен спорт бас басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті - Орталық армия спорт клубы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Спорт комитеті) болып қайта аталсын.
      2. Спорт комитеті штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері штат санының лимиті шегінде 1003 бірлік санында белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
      1) Спорт комитетінің Жарғысына тиісті өзгерістер енгізсін;
      2) Спорт комитетінің әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 707 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады