Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 1 тамыздағы N 776 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы N 177 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 қазандағы N 987 Қаулысымен.

       Ескерту.   Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 қазандағы  N 987 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 1 тамыздағы N 776  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 31, 313-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      тақырыпта және мәтiн бойына "ведомствоаралық" деген сөз алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:

Iзмұхамбетов               - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бақтықожа Салахатдинұлы      және минералдық ресурстар бiрiншi
                             вице-министрi

Мырзахметов                - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асқар Исабекұлы              шаруашылығы бiрiншi вице-министрi

Бижанов                    - Қазақстан Республикасының Төтенше
Нұрахмет Құсайынұлы          жағдайлар бiрiншi вице-министрi

Әйтекенов                  - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Медiбайұлы            және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Белоног                    - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович       сақтау вице-министрi, Қазақстан
                             Республикасының Бас мемлекеттік
                             санитарлық дәрiгерi

Әбiлғазин                  - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Талғат Байтемiрұлы           коммуникация вице-министрi

Әбдiмомынов                - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы          ғылым вице-министрi;

"Елеуішев                  - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Бекболат Сәдуақасұлы         қорғау министрлiгi Мемлекеттiк бақылау
                             департаментiнiң директоры, хатшы"
      деген жолдағы "министрлiгi Мемлекеттiк бақылау департаментiнiң директоры" деген сөздер "министрлiгiнiң Табиғатты қорғау комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген құрамнан Кәрiбаев Ержан Ғаббасұлы, Қадыркеев Наурызбай Абдулбақытұлы, Рябцев Анатолий Дмитриевич, Байсеркин Бауыржан Сәтжанұлы, Оглов Вадим Валерьевич шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа
енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады