"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1484 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 650 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1484  Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1484 Жарлығына
өзгерiс енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  87-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергіліктi мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  36-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтepi, ауылдары (селолары), кенттерi әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1484  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 595-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мемлекеттiк басқаруды одан әрi орталықсыздандыру мәселелерi жөнiндегi заңдарды қолданысқа енгiзгеннен және жергіліктi өзiн-өзi басқаруды енгiзгеннен кейiн Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтерi, ауылдары (селолары), кенттерi әкiмдерiнiң сайлауын белгiлесiн, ұйымдастырсын және кезең-кезеңiмен өткiзсiн;".

      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады