Республикалық меншiктегi сумен жабдықтаудың инфрақұрылымдық желiлерiнiң жұмыс iстеуiне мемлекеттiк қолдау көрсетудiң 2007 жылға арналған ережесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 ақпандағы N 130 Қаулысы

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңын  iске асыру  мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Республикалық меншiктегi сумен жабдықтаудың инфрақұрылымдық желiлерiнiң жұмыс iстеуiне мемлекеттiк қолдау көрсетудiң 2007 жылға арналған ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2007 жылғы 21 ақпандағы
N 130 қаулысымен   
бекiтiлген     

  Республикалық меншiктегi сумен жабдықтаудың
инфрақұрылымдық желiлерiнiң жұмыс iстеуiне мемлекеттiк қолдау
көрсетудiң 2007 жылға арналған ережесi

      1. Осы Республикалық меншiктегi сумен жабдықтаудың инфрақұрылымдық желiлерiнiң жұмыс iстеуiне мемлекеттiк қолдау көрсетудiң 2007 жылға арналған ережесi (бұдан әрi - Ереже) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрленді және 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 030 "Республикалық меншiктегi сумен жабдықтаудың инфрақұрылымдық желiлерiнiң жұмыс iстеуiне мемлекеттiк қолдау көрсету" бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен республикалық меншiктегi сумен жабдықтаудың инфрақұрылымдық желiлерiнiң жұмыс iстеуiне мемлекеттiк қолдау көрсету тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Республикалық меншiктегi сумен жабдықтаудың инфрақұрылымдық желiлерiнiң жұмыс iстеуiне мемлекеттiк қолдау көрсету жөнiндегi қаражат (бұдан әрi - қаражат) "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (бұдан әрi - кәсiпорын) Қарағанды, Ақсу және Екiбастұз қалаларының су арналарына тоқтаусыз су берудi қамтамасыз ету мақсатында 22 сорап станциясы үшiн электр энергиясын сатып алу және тасымалдау жөнiндегi шығындардың бiр бөлiгiн жабуға арналады.

      3. Кәсiпорын қаражатты алу үшiн су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) электр энергиясын сатып алу және тасымалдау жөнiндегi нақты шығындарды растайтын мынадай құжаттарды:
      орындалған жұмыстардың актiлерiн;
      шот-фактураларды;
      осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша нақты сатып алынған электр энергиясының және оны тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн ұсынады.

      4. Уәкiлеттi орган осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген кәсiпорын ұсынған құжаттарды 7 жұмыс күнi iшiнде тексередi.

      5. Кәсiпорынға қаражатты төлеу үшiн уәкiлеттi орган 3 жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бекiтiлген төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарына сәйкес кәсiпорынның есеп шотына қаражат аудару үшiн екi данада ақы төлеуге шоттардың тiзiлiмiн және ақы төлеуге шоттарды ұсынады.

      6. Қаражатты төлеу үшiн ұсынылатын құжаттардың дұрыстығына кәсiпорын мен уәкiлеттi орган жауапты болады.

      7. Уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есептiден кейiнгi айдың 15-күнiне дейiнгi мерзiмде, бiрақ 2007 жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне бюджеттiк бағдарламаның iске асырылу барысы, сатып алынған электр энергиясының және оны тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң көлемi, құны туралы есептi ұсынады.

      8. Қаражаттың мақсатты, тиiмдi және уақтылы пайдаланылуын бақылау мен оған жауапкершiлiк уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне жүктеледi.

Республикалық меншiктегi 
сумен жабдықтаудың    
инфрақұрылымдық желілерiнiң
жұмыс iстеуiне мемлекеттік
қолдау көрсетудiң    
2007 жылға арналған ережесiне
қосымша          

"Бекiтемiн"        
Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Су ресурстары       
комитетiнiң төрағасы   

2007 ж. "____"______________

                2007 жылғы "____" ___________ жағдай бойынша
                            (күнi)    (айы)

"Қаныш Сәтпаев атындағы каналы" РМК 22 сорап станциясы үшiн нақты сатып алынған электр энергиясы мен оны тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердің жиынтық тiзiлiмi      

Р/с
N

Электр энергия-
сын берушi-
лердiң және/
немесе тасымал-
даушылар-
дың атауы

электр энергиясы берілді және/немесе тасымалданды, кВт.сағ.

1 кВт сағ. үшін бекітілген тариф, теңге

Көрсетілген қызметтердің құны, мың теңге

жыл басынан бері

оның ішінде есепті кезеңде

жыл басынан бері

оның ішінде есепті кезеңде

1

2

3

4

5

6

7

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

кестенің жалғасы

Мемлекеттiк қолдаудың
көрсетiлген мөлшерi, мың теңге 

Mем. қолдаудың жыл басынан
берi қаржы қаражаты төлендi, мың теңге

Төленуге тиiс, мың теңге

жыл басынан бері

оның ішінде
есепті кезеңде

8

9

10

11

  

  

  

  

  

  

  

  

"Қ.Сәтпаев атындағы канал" РМК

Бас директоры          ______________________(Т. А. Ә.)
                             (қолы)

Бас бухгалтер          ______________________(T. А. Ә.)
                             (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады