Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi арасындағы Дипломатиялық паспорттардың иелерiн визалық талаптардан босату туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 243 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi арасындағы Дипломатиялық паспорттардың иелерiн визалық талаптардан босату туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi арасындағы Дипломатиялық паспорттардың иелерiн визалық талаптардан босату туралы келiсiмге қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба

  Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Польша Республикасының Yкiметi арасындағы Дипломатиялық паспорттардың иелерiн визалық талаптардан босату туралы келісім

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi,
      екi мемлекеттің достық қатынастарын нығайтуға ұмтылуын назарға ала отырып,
      Қазақстан Республикасы азаматтарының және Польша Республикасы азаматтарының, Тараптар мемлекеттерiнiң дипломатиялық паспорттар иелерiнiң тиiстi елдерге өзара сапарларына ықпал етуге тiлек бiлдiре отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Тараптар берген жарамды дипломатиялық паспорты бар әрбiр Тарап мемлекетiнiң азаматы Тараптар мемлекеттерi шекарасынан өтудiң заңды түрде белгiленген кез келген пункттерi арқылы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына визасыз келе алады, кете алады, транзитпен өте алады.
      Көрсетiлген паспорты бар әрбiр Тарап мемлекетiнiң азаматы алғаш келген күннен бастап бiр жүз сексен (180) күн кезеңi iшiнде тоқсан (90) күнге дейiнгi мерзiмде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында визасыз болуға құқылы.

  2-бап

      Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан дипломатиялық өкiлдiкке, консулдық мекемеге немесе халықаралық ұйымға жұмысқа тағайындалған, Тараптардың бiрi берген жарамды дипломатиялық паспорты бар әрбiр Тарап мемлекетiнiң азаматы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында жүрiп-тұра алады және бұл ретте келген күнiнен бастап тоқсан (90) күн iшiнде оның ресми болу кезеңiне дипломатиялық виза алуға тиiс.

  3-бап

      Осы Келiсiмде көзделген ережелер, сондай-ақ өткен бапта көрсетiлген, дипломатиялық паспорты бар адамдардың және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне қолданылады.

  4-бап

      Тараптардың әрқайсысы болуы қолайсыз деп санайтын екiншi Тарап мемлекетiнiң кез келген азаматының өз мемлекетiнiң аумағына келуiнен бас тарту немесе болу мерзiмiн қысқарту құқығын сақтайды.

  5-бап

      Бiр Тарап мемлекетiнiң азаматы өзiнiң дипломатиялық паспорттың екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында жоғалтқан жағдайда ол бұл туралы өзi жүрген мемлекеттiң құзыреттi органдарына олар қажеттi шаралар қолдануы үшiн тез арада хабарлауға мiндеттi. Бұл ретте осы азамат мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi оған мемлекеттiк шекараны кесiп өтуге мүмкiндiк беретiн жаңа жол жүру құжатын бередi және бұл туралы келген мемлекеттiң құзыреттi органдарына хабарлайды.

  6-бап

      Осы Келiсiмнiң талаптары үшiн әрбiр Тарап осы Келiсiмге қол қойылғаннан кейiн отыз (30) күн iшiнде осындай құжаттарды егжей-тегжейлi сипаттауды қоса алғанда, жарамды дипломатиялық паспорттардың үлгілерiн екiншi Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жiберуi тиiс.
      Әрбiр Тарап, сондай-ақ жаңа және өзгерген паспорттардың үлгiлерiн, осындай құжаттарды егжей-тегжейлi сипаттауды қоса алғанда, оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн отыз (30) күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде дипломатиялық арналар арқылы екiншi Тарапқа жiберуi тиiс.

  7-бап

      Тараптардың әрқайсысы ұлттық қауiпсiздiктi, қоғамдық тәртiптi және жұртшылық денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында осы Келiсiмнiң қолданылуын уақытша тоқтата тұру, iшiнара немесе толық тоқтату құқығын сақтайды. Осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтата тұру, тоқтата тұрудың күшiн жою туралы шешiм олар күшiне енгенге дейiн кемiнде жетi (7) күннен кешiктiрмей дипломатиялық арналар арқылы екiншi Тарапқа жеткiзiлуге тиiс.

  8-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын толық не iшiнара өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзуге дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде бастамашы бола алады.

  9-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану кезiнде туындайтын кез келген даулар немесе келiспеушiлiктер кез келген үшiншi тараптың немесе халықаралық трибуналдың араласуынсыз Тараптар арасындағы консультациялар немесе келiссөздер жолымен шешуi тиiс.

  10-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілік рәсiмдердi орындағаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасы дипломатиялық арналар арқылы алынған күнiнен бастап отыз (30) күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
      Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және оны дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарландыру жолымен Тараптардың кез келгенi тоқтатуы мүмкiн. Мұндай жағдайда Келiсiм оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы хабарлама алынған күннен бастап алты (6) ай өткенге дейiн күшiнде қалады.
      Осыны куәландыру үшiн өз Үкiметiнен тиiстi түрде уәкiлеттiк алған төменде қол қоюшылар осы Келiсiмге қол қойды.
      2007 жылғы "__" наурызда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, поляк, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасының         Польша Республикасының
            Үкiметi үшiн                      Yкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады