"Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 тамыздағы N 682 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 1185 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 1185 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiмeтi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасында діни ceнiм бостандығын
қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды
жетілдіру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарлама туралы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасында мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ETEMIH:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әpi - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бip ай мерзімде Бағдарламаны icкe асыру жөніндегі ic-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны icкe асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жарты жылда бip рет, eceптi кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның icкe асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелсін.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      Астана, Ақорда, 2007 жылғы
            N

Қазақстан Республикасы
Президентінің  
2007 жылғы N   
Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН   

Қазақстан Республикасында діни ceнiм бостандығын
қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық
қатынастарды жетілдіру жөніндегі 2007-2009 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарлама

Астана, 2007 жыл

Мазмұны

      1. Бағдарламаның паспорты
      2. Kipicпе
      3. Қaзіpгi проблеманың жай-күйін талдау
      4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
      5. Бағдарламаны icкe асырудың негізгі бағыттары мен тeтiктepi
      5.1 Жаңа қоғамдық-саяси жағдайда мемлекет пен діни
          бірлестіктердің өзара іс-қимылын дамыту
      5.2 Конфессияаралық, қатынастарды үйлестіруге, діни
          экстремизм көріністерінің алдын алуға бағытталған
          ақпараттық-ағартушылық және ұйымдастырушылық шаралар
          кешенін әзірлеу және жүзеге асыру
      5.3 Діни ахуал мониторингі, оны талдау және болжамдау жүйесін
          жетілдіру, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмысты
          ұйымдастыру
      5.4 Мемлекеттік қызметшілер мен діни қызметшілердің дінтану
          және құқықтық дайындығының деңгейін арттыру
      6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру кездері
      7. Бағдарламаны icкe асырудан күтілетін нәтижелер

Бағдарламаның паспорты

Бағдарлама-         Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығын
ның атауы           қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық
                    қатынастарды жетілдіру 2007 - 2009 жылдарға
                    арналған мемлекеттік бағдарлама

Әзірлеу үшін        Қазақстан Республикасының Президенті
негіздеме         Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1
                  наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа
                  серпіліс жасау қарсаңында" және
                  2007 жылғы 28 ақпандағы "Жаңа әлемдегі жаңа
                  Қазақстан" атты Қазақстан халқына жолдаулары
                  "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
                  экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға
                  арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең)
                  туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006
                  жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысы
                  "Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы
                  Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске
                  асыру жөніндегі негізгі бағыттардың
                  (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және
                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009
                  жылдарға арналған бағдарламасын орындау
                  жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы"
                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20
                  сәуірдегі N 319 қаулысы

Әзірлеуші          Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Бағдарламаның      Азаматтардың діни сенім бостандығының
мақсаты           құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік
                  саясатты жетілдіру
Бағдарламаның      Түрлі діни нанымдағы діни бірлестіктер арасында 
міндеттері        өзара түсіністікті, төзімділікті және олардың
                  мемлекетпен өзара іс-қимылын нығайту;
                    мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер
                  арасындағы әлеуметтік ынтымақтастықты дамыту;
                    діни ахуал мониторингі, оны талдау және
                  болжамдау жүйесін жетілдіру;
                    діни салада ғылыми қолданбалы зерттеулер
                  жүргізу;
                    азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын
                  іске асыру және діни бірлестіктердің қызметі
                  саласындағы заңнаманы жетілдіру;
                    мемлекеттік қызметші кадрлардың дінтану және
                  құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру;

Іске асыру         2007 - 2009 жылдар
мерзімдері

Қаржыландыру       Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен
көздері            қаржыландыруға 219 млн. теңге талап етіледі, оның
                  ішінде:
                  2007 жылға - 68,1 млн. теңге, 2008 жылға - 72,9
                  млн. теңге, 2009 жылға - 78 млн. теңге.
                    Республикалық және жергілікті бюджеттер
                  қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар
                  бойынша шығыстардың көлемі тиісті қаржы жылына
                  арналған республикалық және жергілікті
                  бюджеттерді қалыптастыру кезінде жыл сайын
                  нақтыланатын болады

Күтілетін          Бағдарламаны 2007 - 2009 жылдары іске асыру
нәтиже             мыналарды қамтамасыз етеді:
                    діни ахуал тұрақтылығын, конфессияаралық
                  төзімділікті;
                    діни сенім бостандығы туралы заңнаманы
                  бұзушылықтар мен діни тұрғыдағы
                  қақтығыстардың саны алдыңғы кезеңге қарағанда
                  пайыздық қатынаста азаяды;
                    мемлекеттік немесе есептік тіркеуден өткен діни
                  бірлестіктердің саны 1,2 пайызға ұлғаяды;
                    мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер
                  арасындағы әлеуметтік ынтымақтастық нысандарын
                  әзірлеу;
                    діни ахуал мониторингінің жүйесін, оны талдау
                  мен болжамдауды жетілдіру;
                    Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін діни
                  бірлестіктер туралы ақпараттық деректер банкін
                  құру;
                    дін саласында мемлекеттік саясаттың негізін
                  қамтамасыз ететін ғылыми-әдістемелік база құру;
                    діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл
                  мәселелерімен айналысатын мемлекеттік
                  қызметшілердің біліктілігін, сондай-ақ халықтың
                  дінтану мен құқықтық сауаттылығын арттыру;
                    азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын
                  іске асыру және діни бірлестіктер қызметі
                  саласындағы заңнаманы жетілдіру;
                    діни мазмұндағы объектілерге дінтану
                  сараптамасының сапасы мен санын арттыру және
                  экстремистік мазмұндағы діни өнімдерді ел
                  аумағына әкелуге, дайындауға және таратуға жол
                  бермеуді бақылау;
                    діни сенім бостандығы құқықтарын іске асыруға,
                  конфессияаралық қатынастарды үйлестіруге және діни
                  экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-
                  ағартушылық жұмысты күшейту;
                    елдегі діни ахуал мәселелер бойынша 9
                  социологиялық зерттеу және 3 мониторингті жүргізу;
                    қолданбалы ғылыми жобаларды іске асыру;
                    мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелері
                  бойынша 4 республикалық, 8 өңірлік, 4 халықаралық
                  және бірқатар облыстық конференциялар мен
                  семинар-кеңестер өткізу;
                    жалпы таралымы 18 мың дана "Дін және құқық"
                  ақпараттық-талдау бюллетенінің 12 нөмірін жарыққа
                  шығару;
                    дін мәселелері бойынша жалпы таралымы 52 мың
                  дана 15 арнайы атаулы ғылыми әдебиеттер,
                  анықтамалықтар, әдістемелік құралдар, сөздіктер
                  шығару;
                    мемлекеттік-конфессиялық қатынастар туралы 6
                  бейнефильм мен 6 бейнеролик шығару;
                    азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарды
                  қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты
                  насихаттау мәселелері бойынша 15 үгіт-насихат
                  топтарының жұмысын ұйымдастыру;
                    мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың өзекті
                  мәселелерін жүйелі жариялау бойынша БАҚ-та
                  жарияланған материалдардың сапасын арттыру;
                    діни экстремизмнің алдын алу жөнінде
                  ақпараттық-насихаттау жұмысында үкіметтік емес
                  бірлестіктердің қатысуын жандандыру.

2. Кіріспе

      Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру 2007 - 2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеу қажеттілігі тәуелсіздік жылдарында республикада болған демократиялық қайта құруларға, елдің конфессиялық кеңістігі құрылымының өзгеруіне, мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің арасындағы қарым-қатынастарды жетілдіру мәселелерінің өзектілігіне, сондай-ақ конфессияаралық қарым-қатынастарды одан әрі үйлестіруге негізделген.
      Бағдарламаның негізінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында" және 2007 жылғы 28 ақпандағы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына жолдауларында белгілеп берген идеялары жатыр.
      Бұдан басқа, осы Бағдарлама "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 және "Мемлекет басшысының 2007 - 2009 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулыларына сәйкес әзірленді.
      Бағдарламада ұсынылып отырған шаралар кешені азаматтардың діни сенім бостандығына конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынастар жүйесін дамытуға, азаматтардың толеранттық санасын нығайтуға, қоғамның рухани құндылықтарын дамытуға, діни ахуалдың даму үрдістерін талдауға және болжамдауға ғылыми тәсілді қамтамасыз етуге бағытталған.
      Бағдарлама діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, конфессияаралық қатынастарды үйлестіруге, діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-ағартушылық және ұйымдастырушылық шараларды әзірлеуді болжайды.
      Жалпы Бағдарлама діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру стратегиясын, негізгі бағыттарын, міндеттері мен тетіктерін анықтайды.

3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

      Қазақстан көпконфессиялы мемлекет болып табылады. Соңғы 15 жылда республика тәуелсіздік алғалы бері елдің конфессиялық кеңістігі елеулі кеңейіп және өзгеріске ұшырады. Осы кезең арасында халықтың діншілдік деңгейі анақұрлым көтеріліп, діни бірлестіктердің саны бес есеге дейін өсті. Егер 1990 жылы 1 қаңтарда Қазақстанда 10-15 конфессияны білдіретін 671 діни бірлестік жұмыс істесе, 2007 жылдың басына олардың саны 40-тан аса конфессиялар мен деноминацияларды білдіретін 3783-ке дейін өсті.
      Ислам діни сеніміндегі діни бірлестіктердің саны 46-дан 2144-ке дейін, орыс православиялық шіркеулерінің діни бірлестіктері 62-ден 270-ке дейін, рим-католиктік шіркеулер 42-ден 95-ке дейін, протестанттық бағыттағы діни бірлестіктер 521-ден 1147-ге дейін өсті. Бұдан басқа, республикада иудаизмді білдіретін - 27, буддизм - 4 діни бірлестік, 49 - Қазақстан үшін дәстүрлі емес конфессия, сондай-ақ 33 қайырымдылық діни қоры мен басқа да қоғамдар жұмыс істейді.
      Конфессиялық алуан түрлілікті ескере отырып, мемлекеттің дін саласындағы салмақты саясаты конфессияаралық диалог пен келісім негізінде мынадай қағидаларға жүгінеді.
      Біріншіден, азаматтардың ар-ождан және діни сенім бостандықтарына құқықтарын заңнамалық және институционалдық қамтамасыз ету. Бұл қағида конфессиялық белгі бойынша қатысты кез келген кемсітушілік нысанына тыйым салатын еліміздің Конституциясында бекітілген. Діни бірлестіктердің кедергісіз жұмыс істеуі үшін қажетті құқықтық негіздер "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қамтылған.
      Екіншіден, конфессиялардың өз функцияларын іске асыруы үшін мемлекеттің тең жағдайлар жасауы. Бұл ұстаным да заңнамалық деңгейде нақты көрініс тапқан. "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген, мемлекет діни бірлестіктердің ісіне араласпайды, ешбір дін немесе діни бірлестік мемлекет алдында басқаларға қатысты ешқандай артықшылықтарды пайдаланбайды.
      Үшіншіден, Қазақстанда конфессияаралық диалогты ынталандыру. Біздің конфессияаралық диалог тәжірибемізді әлемдік діндердің көшбасшылары мойындап қолдау көрсетті. Мұның нәтижесі Қазақстанның астанасында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының екі съезінің өткізілуі болды.
      Жалпы республикада мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын реттейтін заңнамалық база қалыптастырылды. Мемлекет діни бірлестіктердің заң алдындағы теңдігі қағидатына сүйене отырып, олар үшін ортақ құқықтық ая жасауда, оның шеңберінде өз қызметінде бірдей мүмкіндіктер мен шектеулерге ие. Осындай мүмкіндік алған діни бірлестіктер белгілі заң жүйесінде тең дәрежеде жұмысын атқара алады.
      Мемлекетіміздің зайырлы сипатының конституциялық қағидаты мемлекет пен діни бірлестіктер құзыреті мен функциялары салаларын дәл бөлу арқылы іске асырылады. Сонымен қатар, дін қоғам өмірінің аса маңызды саласы болып табылады және мемлекет діни бірлестіктермен өзара әрекет ете алмайды.
      Республикада мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар құру практикасы, сондай-ақ ТМД (Әзірбайжан, Қырғыз, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина) елдері мен алыс шет елдердің (Түркия, Сауд Арабиясы Корольдігі) тәжірибесін зерделеу мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен өзара іс-қимылы діни істер жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органның, әр түрлі конфессиялар өкілдерінің қатысуымен консультативтік-кеңесші органдардың болуы кезінде неғұрлым тиімдірек екендігін көрсетеді.
      Қазақстанда діни бірлестіктермен әр түрлі өзара іс-қимыл нысандарын түрлі деңгейдегі билік органдары жүзеге асырады: Мемлекет басшысы мен жоғары заң шығару және атқарушылық билік органдары, жеке министрліктер мен ведомстволар, жергілікті атқарушы органдар.
      2005 жылғы желтоқсанда өз құзыреті шегінде азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарды қамтамасыз ету, мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара іс-қимылы саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті құрылды.
      2000 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жанынан құрылған діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес өз қызметін жалғастыруда.
      Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлудің конституциялық қағидатына сәйкес құрамына діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері кіретін кеңестерде атқарушылық-билік ету функциялары жоқ және консультативтік-кеңесші органдар ретінде жұмыс істейді.
      Ірі діни орталықтар мен бірлестіктердің жетекшілері де республикалық және Қазақстан халқының кіші Ассамблеясының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына кіреді.
      Жүйелі мониторинг пен талдауды ұйымдастыру және діни салада сапалы ғылыми зерттеулер жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы құрылды.
      Қазақстан Республикасында діни ахуал тұрақты күйінде қалып отыр. Ойланған және мақсатты мемлекеттік саясат көпконфессиалы қоғам жағдайында діни тұрғыдағы араздықты болдырмауға мүмкіндік берді. Бұған қазақстан қоғамының төзімділік деңгейінің дәстүрлі жоғары болуы көп рөл атқарды.
      Сонымен қатар, осы салада ынталы ерекше назар аударуды және мемлекеттің шешімін қажет ететін бірқатар проблемалық мәселелер бар.
      Өз қатарларына Қазақстан азаматтарын, әсіресе жастарды тартуға бағытталған дәстүрлі емес діни бірлестіктердің белсенді қызметі конфессияаралық қатынастардың белгілі бір шиеленісуін туғызуда. Олардың әлеуметтік қауіптілігі - өз мақсаттарын жариялай және іске асыра отырып, олар жеке адамның бостандығына қол сұғады, қоғамда қалыптасқан мәдени және рухани дәстүрлерді, сондай-ақ заңнаманың нормаларын ескермейді.
      Республикадағы конфессияаралық қатынастарды тұрақсыздандыру факторының бірі экстремизм мен терроризмді тарату болып табылады. Көбіне экстремистік идеялар діни қабықты жамылады, оларды тасушылар ретінде түрлі конфессиялық спектрлері бар жекелеген діни ұйымдар болады.
      Қазақстанда діни ахуалда шиеліністер пайда болуының алғышарттары мынадай проблемалар болуы мүмкін.
      Біріншіден, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарды, әсіресе жергілікті деңгейде қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың жеткіліксіз үйлестірілген қызметі.
      Екіншіден, діни кемсітушілік пен діни-экстремистік идеологияның кез келген нысандарына қарсы әрекет ету жөніндегі ақпараттық-ағартушылық жұмыстары сипатының жетілмегені.
      Осы жұмысты ұйымдастырған кезде білім беру саласы жеткіліксіз қамтылады және мақсатты дәрісханалар ерекшелігі ескеріледі, бұл оны өткізудің тиімділігі мен нәтижелерін едәуір төмендетеді.
      Үшіншіден, мемлекеттік құрылымдардың діни ахуал мониторингін, оны талдау мен болжамдауды жүргізу кезінде жүйенің болмауы, бұл мемлекеттік органдарға діни ахуал туралы қажетті сапалы ақпаратты алуға, діни салада ықтимал қатер дәрежесін бағалауға мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайлар шиеленіскен жағдайлар себептерінің, әсіресе оларды ертерек жолын кесуге кедергі келтіреді.
      Төртіншіден, діни бірлестіктермен өзара әрекет ететін мемлекеттік қызметшілердің дінтану және құқықтық дайындығының жеткіліксіз деңгейі. Бұл діни бірлестіктердің типологиясың, дін ілімдерінің ерекшеліктерін және діни практиканы білмеуінен байқалады.
      Бесіншіден, миссионерлік қызметтің, діни мазмұндағы өнімді таратудың, рухани білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялаудың жеткіліксіз тиімді құқықтық регламентациясы, діни практикамен шұғылдануға құқығы бар заңды тұлғаларға арналған бір жақты өлшемдердің болмауы.
      Осындай жағдай бірқатар діни құрылымдардың өз қызметтерін тіркеусіз немесе діни емес қоғамдық бірлестіктер мен әр түрлі қорлар болып қызмет етуіне себеп болып отыр.
      Конфессиялық тиесілілігінің қайсыбір шығу деректері мен белгілерінсіз діни және дін жанындағы әдебиеттер барлық жерде таратылуда. Әсіресе, шетелдік азаматтар тарапынан миссионерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты бұзушылықтар орын алуда.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі N 953 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында халықаралық стандарттар мен Қазақстан халқының қалыптасқан ұлттық-мәдени дәстүрлерін ескере отырып, кейбір заңнамалық актілерге діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу көзделген.
      Мемлекеттік-конфессиялық саясатты, оның тиімділігін жетілдіру белгіленген проблемаларды ескеру мен шешуге тәуелді болады, бұл мемлекетке азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің әлеуметтік функцияларын неғұрлым толық іске асыруға мүмкіндік береді.
      Мемлекеттің мұндай көзқарасы діни бірлестіктер тарапынан заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтаумен және қазақстандық қоғамына діни, мәдени және өзге де алуан түрлілікке тиісті түсінік тудыруға тиіс.

4. Бағдарламаны жүзеге асырудың мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіру болып табылады.
      Бағдарламаның негізгі міндеттері:
      түрлі діни сенімдегі діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті және олардың мемлекетпен қарым-қатынасын нығайту;
      мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер арасында әлеуметтік ынтымақтастықты дамыту;
      діни ахуал мониторингі, оны талдау және болжамдау жүйесін жетілдіру;
      дін саласында ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу;
      азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыру саласындағы заңнаманы және діни бірлестіктердің қызметін жетілдіру;
      мемлекеттік қызметші қадрлардың дінтану және құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру айқындалады.
      Бағдарламаны іске асыру мемлекеттің діни бірлестіктермен әлеуметтік ынтымақтастығы бағыттарын әзірлеуге; жүйелі көзқарас және біртекті параметрлер негізінде діни ахуалды болжамдауды жүзеге асыруға, діни бірлестіктер туралы біріздендерілген деректер банкін құруға; заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындауға; дін саласындағы мәселелермен айналысатын мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдауға; халықтың діни сауаттылығын және діни төзімділік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
      Бағдарламаны іске асыру барысында алынған нәтижелерді талдау негізінде азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіру саласындағы одан арғы жұмыс жоспарланатын болады.

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері

5.1. Жаңа қоғамдық-саяси жағдайда мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылын дамыту

      Мемлекет пен діни бірлестіктердің арасындағы әріптестік қатынастарды дамытудағы перспективалы бағыттар: әлеуметтік маңызды бағдарламаларды бірлесіп іске асыру, қоғамының моральдық-адамгершілік тіректерін нығайту үшін дәстүрлі діндердің рухани құндылықтарын пайдалану, дінаралық диалогты дамыту, түрлі конфессиялар өкілдерінің арасында өзара түсіністік климат жасау, қоғамның ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету болады.
      Мемлекет пен діни бірлестіктердің білім, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қатынастары отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, қолданыстағы заңнамаға негізделуі тиіс.
      Мемлекет пен діни бірлестіктердің білім саласындағы өзара іс-қимылын дамыту мыналарды көздейді:
      діни бірлестіктер құрған білім беру мекемелерінде жалпы білім беру пәндерін беруде мемлекеттік қолдау көрсету;
      діни білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялауды қамтамасыз ету және олардың қолданыстағы заңнаманы сақтауын бақылау.
      Мәдениет саласындағы мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылы шығармашылықта, мәдени мұраны сақтауда түрлі конфессия ізбасарлары арасында, сондай-ақ олар мен дінге сенбейтін азаматтардың арасындағы ынтымақтастығын қолдауға бағытталуы тиіс.
      Діни бағыттағы мүліктердің көп бөлігі мәдени және тарихи ескерткіштер мәртебесіне ие және мұрағаттық, кітапханалық немесе мұражайлық қордың құрамдас бөлігі болып табылады. Мәдениет туралы заңнамада осы объектілердің ережелерін құқықтық реттеу жағдайы, олардың діни бағалылығы немесе ғибадат пәні ретінде ерекше мінездемесі ескерілуге тиіс.
      Осыған байланысты мыналар шараларды жүзеге асырған жөніндегі:
      мемлекет пен діни бірлестіктердің мәдени ғибадат ескерткіштеріне қол жеткізу, сақтау, иемдену мәселелері бойынша қатынастардың құқықтық негізін жетілдіруді қамтамасыз ету;
      тарихи, діни және мәдени құндылығы бар мәдени ғибадаттарды мемлекет меншігіне алу мүмкіндігі туралы мәселені қарастыру.
      Әлеуметтік қызмет барлық уақытта діни бірлестіктер қызметінің тәжірибесі мол басымды саласы болған. Мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің арасындағы паритетті қатынастарда қоғамның адамгершілік бағдарларының жүйесін қалпына келтіру, нашақорлыққа, маскүнемдікке, ЖҚТБ және АҚТҚ инфекциясының таралуына, балалардың, жасөспірімдердің қылмыстары мен қараусыз қалуына, отбасы-неке институтының әлсіреуіне қарсы күрес сияқты әлеуметтік проблемаларды шешуге болады.
      Құқықтары мен бостандықтары шектелген адамдар отырған арнайы медициналық мекемелер мен бас бостандығынан айыру орындарында мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара байланысы ерекше мәртебеге ие.
      Діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар оқшаулаудағы азаматтардың мүмкіндігін неғұрлым толық қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайтын, олардың діни мұқтаждықтарын қанағаттандыратын, діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы заттарды алуға және пайдалануға, діни әдет-ғұрыптарды жүзеге асыратын болады.
      Діни бірлестіктерге олардың қайырымдылық қызметі мен әлеуметтік қызмет ету үшін жағдай жасай отырып, мемлекет діни бірлестіктерден олардың діни наным-сенімдеріне қысым жасау не өзгерту мақсатында табысы аз азаматтардың мұқтаждарын теріс пайдаланбауын талап етуге құқылы.
      Діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекет саясатын қалыптастыру осы мәселелер бойынша бірыңғай бағыныстылық пен қызметті үйлестірген кезде ғана мүмкін болады.
      Осы Бағдарламаны іске асыру орталық және жергілікті билік органдарының, діни істер жөніндегі уәкілетті органның, барлық деңгейдегі діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестердің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың діни бірлестіктермен өзара іс-қимылына жүйелі және кешенді көзқарасқа қол жеткізудегі алғашқы қадам болады.

5.2. Конфессияаралық қатынастарды үйлестіруге, діни
экстремизм көріністерінің алдын алуға бағытталған
ақпараттық-ағартушылық және ұйымдастырушылық шаралар
кешенін әзірлеу және жүзеге асыру

      Діни тұрғыда жанжалдың пайда болуының және діни экстремизмнің таралуының алдын алу мақсатында халықтың діни саладағы базалық білімін қалыптастыруда кешенді ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде шаралар қолданылатын болады.
      Осындай жанжалдардың туындауының себебі адамның санасын баурап алуға және азаматтарды теріс пиғылды діни табынушылыққа итермелеуге мүмкіндік беретін қазақстандықтардың негізгі бөлігінің діни сауаттылығының төмен деңгейі болып табылады. Сондықтан ақпараттық-ағарту жұмысы діни-экстремистік ағымдардың әлеуметке қарсы өзегін ашуға, азаматтарға теріс пиғылды діндер туралы ақпарат беруге, діни төзімділік мақсаттарының қалыптасуына бағытталуға тиіс.
      Осы бағытта тек қана айту арнасы емес, қоғамдық пікірді қалыптастырудың қуатты құралы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуеті мол.
      Ақпараттық-ағартушылық және насихаттау жұмысындағы БАҚ мүмкіндіктерін пайдалану, сондай-ақ оған журналистік қоғамдастықты тарту мақсатында мыналар жоспарлануда:
      мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ақпараттық-ағартушылық және түсіндіру жұмысын жүргізу;
      мемлекеттік баспа және электрондық БАҚ редакцияларында діни мәселелер жөнінде бөлімдер құру және арнайы тілшілер тағайындау туралы мәселені қарастыру;
      мемлекеттік тапсырыс шеңберінде республикалық және жергілікті БАҚ-тарда діни сенім бостандығын қамтамасыз ету және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша тұрақты айдарлар, теле-радио хабарларының циклдарын құруды қамтамасыз ету;
      діни тақырыпқа мамандандырылған журналистер үшін семинар-тренингтер мен практикалық және әдістемелік көмек көрсету үшін діни бірлестіктердің баспасөз қызметіне тұрақты консультациялар беруді ұйымдастыру;
      журналистер арасында конфессияаралық келісім, діни сенім бостандығы және діни экстремизмнің алдын алу туралы ең үздік мақалаға, теле- және радио хабарларға республикалық және жергілікті конкурстар өткізу.
      Дінтану білімін насихаттау үшін "Дін және құқық" ақпараттық-талдау бюллетені шығарылатын болады. Сондай-ақ Қазақстандағы діндер туралы бейнефильмдер жасау көзделіп отыр, олардың мазмұны республикамыздағы этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыруға, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын және әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің шешімдерін іске асыруға, Рухани келісім күні идеяларын, Астананың рухани астана ретіндегі имиджін насихаттауға, діни экстремизмнің алдын алуға және әртүрлі әлеуметтік топтардағы төзімділік мінез-құлқын қалыптастыруға бағдарланған.
      Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының екінші Съезінде айтқан бастамаларды іске асыру мақсатында БАҚ-та шетелдік және республикалық діни орталықтар көшбасшыларының дәрістері мен кездесулері олардың сөйлеген сөздерін БАҚ-тарда жариялай отырып ұйымдастырылатын болады.
      Ғалымдардан, мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің өкілдерінен қалыптасқан үгіттеу-насихаттау топтары еліміздің барлық өңірлерінде діни сенім бостандығы саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау және халықтың дінтану сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шаралар өткізетін болады.
      Қазақстандық қоғамды шоғырландыру, конфессияаарлық қатынастарды үйлестірудің шетелдік тәжірибесін зерделеу, діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша бірқатар халықаралық және республикалық конференциялар өткізу көзделген.
      Ақпараттық-ағартушылық жұмыстар практикалық сипат пен кешенді тәсілге ие болады, халықтың әр түрлі жігін, мақсатты дәрісханаларды, өңірлердің ерекшелігін ескеретін болады.

5.3. Діни ахуалдың мониторингі, оны талдау мен болжамдау жүйесін жетілдіру, ғылыми-зерттеу және
әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

      Еліміздің конфессиялық кеңістігі құрылымының серпінді ауысуы және діни сенім бостандығы саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді құрастыруда діни экстремизм қаупінің ұлғаюы жағдайында осы саланың даму үрдісіне сапалы терең талдау мен болжау жүргізусіз мүмкін емес.
      Осы мақсатта діни ахуал мониторингі жүйесін жетілдіру, оны еліміздің барлық өңірлерінде бір схема бойынша жүзеге асыру көзделген. Діни саладағы мониторинг пен талдау үрдісі діни салада діннің мәнін зерделеуді көздейтін терең ғылыми зерттеулер нәтижелеріне, діни сананы қалыптастыру тетіктеріне, сенушілердің психологиялық және олардың әлеуметтік мінез-құлқын дәлелдеу ерекшеліктеріне негізделеді.
      Сондай-ақ зерттеу объектісі Қазақстан халқының даму тарихында діннің рөлі, республика тұрғындарының әртүрлі жігі мен әлеуметтік топтарының діни сауаттылық деңгейі, жұмыс істеп тұрған конфессиялардың ерекшелігі, олардың мемлекетпен өзара қарым-қатынасының салты, шет елдегі өздерінің діндестерімен байланысы, олардың шет елдегі діни орталықтарының саясаты және т.б. алға тартылуы тиіс.
      Осы жұмысты ұйымдастыруда Әділет министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығына маңызды орын беріледі, ол мыналарды жүзеге асыратын болады:
      дін мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар мен азаматтар қызметін ақпараттық-талдау және ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз ету;
      елдегі діни ахуалдың дамуын талдау және болжамдау;
      практикалық ұсыныстарды өңдеуге бағытталған дін саласында ғылыми-қолданбалы және социологиялық зерттеулер жүргізу;
      оқу-әдістемелік әдебиеттер мен ақпараттық бюллетеньдерді шығару, сондай-ақ үйрету және арнайы семинарлар өткізу.
      Осы жұмысқа тәуелсіз зерттеу ұйымдары мен сарапшылар тартылатын болады. Жүргізілетін зерттеулердің нәтижелері дін мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметін талдамалық қамтамасыз етудің негізі болады.

5.4. Мемлекеттік қызметшілер мен діни қызметшілердің дінтану және құқықтық даярлығының деңгейін арттыру

      Діни салада мемлекеттік саясаттың міндетін шешу мектеп қабырғасынан бастап осы саладағы мемлекеттік қызметшілер мен жоғарғы білікті мамандарды даярлаумен аяқталатын дінтану білім жүйесін құруды қажет етеді.
      Діни білім қазіргі заманғы гуманитарлық білімнің маңызды интегралды бөлігі болуға, білім беру мен кәсіптік мектептерді, жоғары оқу орындарын, аспирантура мен доктарантураны қамтуға тиіс.
      Ол үшін мемлекеттік білім беру және тәрбие жүйесінде:
      дінтану және мәдениеттану бағыты бар пәндер мен курстар әзірленетін болады;
      білім беру ұйымдарының оқу бағдарламасына төзімді мінез-құлық қағидаттарын қалыптастыру бойынша әдістемелер, жатсынушылық пен діни экстремизмнің алдын алу енгізіледі;
      "Дінтану" мамандығы бойынша оқып жатқандардың санын оңтайландыру және олардың дайындық сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізіледі;
      "Теология" мамандығы бойынша мемлекеттік стандарттар әзірленеді.
      Қазіргі таңда мемлекеттік органдар жүйесінде діни салада, діни бірлестіктердің қызметінде жан-жақты ғылыми талдау жүргізе, сапалы діни сараптаманы жүзеге асыра алатын білікті дінтанушы мамандардың тапшылығы байқалады.
      Осыған байланысты дінтану дайындығы пен қайта даярлаудың негізгі міндеті дін тарихы мен теориясы, мемлекеттік-конфесионалды қатынастарды реттеудің құқықтық аспектілері, дінге сенушілермен жұмыстың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері саласында мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру болып табылады.
      Бұл проблемеларды шешу мақсатында мынадай шаралар қабылданады:
      мемлекеттік қызметшілер кадрларын даярлаудың және біліктілігін арттырудың мемлекеттік жүйесінде дінтану және құқықтық ағарту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды шығару реттеледі;
      діни сенім саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік қызметшілердің және бюджет саласы қызметкерлерінің біліктіліктін арттыру курстары тұрақты негізде ұйымдастырылады;
      қағаз және электронды тасымалдаушыларда ғылыми-танымал және әдістемелік әдебиеттерді тарату қамтамасыз етіледі;
      дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, радио және теле хабарларын оқытатын циклдар, БАҚ-тарға жарияланымдар жүргізіледі.
      Конфессияаралық қатынастар саласындағы белгілі бір жағымсыз үрдістер діни білім беру саласындағы проблемалармен байланысты. Діни бірлестіктер санының өсуі барлық конфессиялар алдына діни қызметші кадрлардың күрт жетіспеушілігі фактісіне әкелді. Осындай жағдайларда олар құдайға құлшылық ету қызметіне құлшылық ету дайындығы деңгейі жеткіліксіз ғана емес, білім деңгейі төмен адамдарды тартуға жиі мәжбүр болады. Осындай фактілер сенуші азаматтар арасында діни қызметшілердің беделіне теріс әсер етеді, олардың діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі жұмысының тиімділігін төмендетеді.
      Бұл мәселені шешу, ең алдымен, республикада жұмыс істейтін діни оқу орындарындағы оқыту сапасын арттыруға, рухани оқу орындарының оқу қызметін лицензиялау тетігін жетілдіруге байланысты.
      Діни қызметшілердің құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы негізінде дәрістер циклін ұйымдастыру, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелері бойынша ақпараттық-талдау және ғылыми-әдістемелік құралдар әзірлеу жоспарлануда.
      Республиканың діни орталықтарының басшылығымен бірлесіп, қазақстандық азаматтарды шетелдік теологиялық білім беру орындарында оқытуды ұйымдастыру мәселелері неғұрлым тереңірек зерделенетін болады, онда олар негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына қайшы келетін түбірлі-экстремистік идеология мен діни ағымдардың әсеріне тап болуы мүмкін.
      Тұтастай алғанда қабылданған шаралар түрлі санаттағы мемлекеттік қызметшілердің, білім, мәдениет, құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ діни қызметшілердің мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелерінде құзыреттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
      Қазақстандықтардың ой-өрісі мен білімділігінің жан-жақтылығын кеңейту, олардың жеке елдер мен халықтардың тарихы мен мәдениетіндегі діннің рөлі мен орнын түсінуі, патриотизмге тәрбиелеуге, өз елінің мұрасын, адамның құқықтары мен бостандықтарын, діни және ұлттық төзімділікті құрметтеуге ықпал етеді.

6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

      Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 219 млн. теңге мөлшерінде қаржыландыруды талап етеді, оның ішінде: 2007 жылға- 68,1 млн. теңге, 2008 жылға- 72,9 млн. теңге, 2009 жылға - 78 млн. теңге.
      Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде жыл сайын нақтыланатын болады.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

      Бағдарламаны 2007 - 2009 жылдары іске асыру мыналарды қамтамасыз етеді:
      діни ахуал тұрақтылығын, конфессияаралық төзімділікті;
      діни сенім бостандығы туралы заңнаманы бұзушылықтар мен діни тұрғыдағы қақтығыстардың саны алдыңғы кезеңге қарағанда пайыздық қатынаста азаяды;
      мемлекеттік немесе есептік тіркеуден өткен діни бірлестіктердің саны 1,2 пайызға ұлғаяды;
      мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер арасындағы әлеуметтік ынтымақтастық нысандарын әзірлеу;
      діни ахуал мониторингінің жүйесін, оны талдау мен болжамдауды жетілдіру;
      Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін діни бірлестіктер туралы ақпараттық деректер банкін құру;
      дін саласында мемлекеттік саясаттың негізін қамтамасыз ететін ғылыми-әдістемелік база құру;
      діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін, сондай-ақ халықтың дінтану мен құқықтық сауаттылығын арттыру;
      азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыру және діни бірлестіктер қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру;
      діни мазмұндағы объектілерге дінтану сараптамасының сапасы мен санын арттыру және экстремистік мазмұндағы діни өнімдерді ел аумағына әкелуге, дайындауға және таратуға жол бермеуді бақылау;
      діни сенім бостандығы құқықтарын іске асыруға, конфессияаралық қатынастарды үйлестіруге және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-ағартушылық жұмысты күшейту;
      елдегі діни ахуал мәселелер бойынша 9 социологиялық зерттеу және 3 мониторингті жүргізу;
      қолданбалы ғылыми жобаларды іске асыру;
      мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелері бойынша 4 республикалық, 8 өңірлік, 4 халықаралық және бірқатар облыстық конференциялар мен семинар-кеңестер өткізу;
      жалпы таралымы 18 мың дана "Дін және құқық" ақпараттық-талдау бюллетенінің 12 нөмірін жарыққа шығару;
      дін мәселелері бойынша жалпы таралымы 52 мың дана 15 арнайы атаулы ғылыми әдебиеттер, анықтамалықтар, әдістемелік құралдар, сөздіктер шығару;
      мемлекеттік-конфессиялық қатынастар туралы 6 бейнефильм мен 6 бейнеролик шығару;
      азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау мәселелері бойынша 15 үгіт-насихат топтарының жұмысын ұйымдастыру;
      мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың өзекті мәселелерін жүйелі жариялау бойынша БАҚ-та жарияланған материалдардың сапасын арттыру;
      діни экстремизмнің алдын алу жөнінде ақпараттық-насихаттау жұмысында үкіметтік емес бірлестіктердің қатысуын жандандыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады