Бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағындағы жер учаскелерін ауыстыру және беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы N 1242 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 105, 138, 143-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағындағы босалқы жер санатынан алаңы 126,0308 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және де өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесі осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қаражал» кен орнында флюорит өндіру үшін «Үлбі-ФторКомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығында берілсін.
      3. Серіктестік қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 24 қарашадағы
№ 1242 қаулысына  
қосымша       

«Үлбі-ФторКомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығында берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

Р/с

Жер учаскесінің жалпы алаңы, оның ішінде жайылым, гектар

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Құқық беру мерзімі

1.

44,0

«Қаражал» кен орнында флюорит өндіру

2022 жылғы 10 сәуірге дейін

2.

75,7

Ашылған және теңгерімге алынған кен жыныстарының үйінділерін және инфрақұрылым элементтерін орналастыру үшін

2022 жылғы 10 сәуірге дейін

3.

3,16

Вахталық кент салу және оған қызмет көрсету үшін

2022 жылғы 10 сәуірге дейін

4.

0,0268

Электр беру желілерін салу және қызмет көрсету үшін

2022 жылғы 10 сәуірге дейін

5.

3,144

«Қаражал кеніші - вахталық кент» автомобиль жолын салу және оған қызмет көрсету үшін

2022 жылғы 10 сәуірге дейін


126,0308



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады