"Магистралдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 375 Қаулысы

"Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 30 наурыздағы № 375 қаулысына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      «Магистральдық құбыр туралы» Заң жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) мемлекеттік органдардың өкілеттігін анықтау; қайта салынатын магистральдық құбырлар жобаларына қатысуға мемлекеттің басым құқығын бекіту; магистральдық құбыр қызметін көрсететін немесе пайдаланушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін регламенттеу; сала ерекшелігін ескере отырып, магистральдық құбыр саласында қауіпсіздік талаптарын белгілеу; магистральдық құбырларды жобалау, салу және пайдалануға қосымша талаптарды бекіту; магистральдық құбырлармен көмірсутегін тасымалдау бойынша қызмет көрсетудің нақты тәртібі мен шарттарын анықтау, ұлттық оператор институтын енгізу; Қазақстан Республикасы экономикасында стратегиялық мәні бар магистральдық құбыр саласы қатынасын реттеу арқылы Қазақстан Республикасының экономикалық және энергетикалық қауіпсіздігін нығайту мақсатында әзірленді.
      Осы заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне қарауға енгізу үшін «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленіп, 2012 жылғы 30 наурыздағы № 375 қаулысы қабылданды.

      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз