Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 725 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 725 қаулысына
Баспасөз Релизі

      Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтін 2012 жылғы 20 наурыздағы № 57-ө Өкіміне сәйкес әзірленді.
      Осы қаулының мақсаты Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу тәртібін айқындау.
      Қаулыны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарларға душар етпейді.
      Қаулыны іске асыру бойынша қаржылық шығындар қажет емес.

      Әзірлеуші: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз