"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1126 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 маусымдағы № 567 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 151 қаулысымен

"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1126 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 маусымдағы № 567
қаулысына Баспасөз-релизі

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2013 жылғы 3 маусымда "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1126 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды.
      Осы қаулыны қабылдау мақсаты "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет стандартына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін оңтайландыру және мерзімді қысқарту бөлігінде өзгерістер енгізу болып табылады.
      Жоғарыда аталған қаулыны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды, оны іске асыру бюджет қаражатын талап етпейді.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық ғарыш агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз