Қостанай облысының Рудный қаласы, Қостанай және Таран аудандарының шекараларын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 683 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 5) тармақшасына, 108-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес облыстық маңызы бар Рудный қаласының шекараларына (шегіне) Қостанай және Таран аудандары жерлерінің жалпы ауданы 5288 гектар бөлігін қосу жолымен Қостанай облысы Рудный қаласының, Қостанай және Таран аудандарының шекараларын (шегін) өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қостанай облысы Рудный қаласының, Қостанай және Таран аудандарының әкімшілік шекараларын (шегін) өзгерту туралы ұсынысты келісуге енгізу туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 400 шешіміне және Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 3 қаулысына келісім берілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  Б.Сағынтаев

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2016 жылғы 9 қарашадағы
№ 683 қаулысына   
қосымша       

Рудный қаласының шекараларына (шегіне) қосылатын
Қостанай облысының Қостанай және Таран аудандары жерлері
бөлігінің экспликациясы

                                                            гектар

Аудандардың атауы

Рудный қаласының шекараларына (шегіне) қосылатын жерлердің алаңы, гектар

Соның ішінде:

Елді мекендердің жерлері

Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлер

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер

Босалқы жерлер

1

2

3

4

5

6

Қостанай

4746,0

648

2323

0

1775

Таран

542,0

0

403

36

103

Жердің жиыны:

5288,0 648 2726 36 1878

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады