"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 349 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат, 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 24.01.2019 ж., "Егемен Қазақстан" 23.01.2019 ж., № 14 (29493); "Казахстанская правда" 23.01.2019 ж., № 14):

      1) 42-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Заңда белгіленген заңды тұлғаны құру тәртібін бұзу немесе оның құрылтай құжаттарының заңға сәйкессіздігі заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден бас тартуға әкеледі. Заңды тұлға құрудың мақсатқа лайықсыздығы себептері бойынша тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.

      Мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтаруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.";

      2) 118-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуден бас тартуға не тіркеуден негізсіз жалтаруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".

      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 56-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 24.01.2019 ж., 23.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 14 (29493); 23.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 14):

      1) 67-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер нормативтік құқықтық актіде жергілікті атқарушы органның актісі негізінде сервитутты белгілеу көзделсе, бұл актіге сервитутты белгілеуде мүдделі адам, меншік иесі немесе жер пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.";

      2) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "89-бап. Мемлекет мұқтажы үшін мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесін алып қою

      Мемлекет мұқтажы үшін мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесін алып қою алып қоюды жүзеге асыратын атқарушы органның біржақты шешімі негізінде жүргізіледі.

      Мұндай шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкін. Шағымды беру алып қою туралы шешімнің орындалуын тоқтата тұрады.";

      3) 148-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және әрекеттердiң жасалуына (шешiмдердiң қабылдануына) негiз болған ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.

      Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және әрекеттердiң жасалуына (шешiмдердiң қабылдануына) негiз болған ақпаратқа арыз оларға жоғары тұрған лауазымды адамға шағым жасалғаннан кейін сотқа берiледi.";

      4) 167-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "167-бап. Жер даулары

      Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.

      Жеке меншіктегі жер учаскелерімен байланысты даулар (жанжалдар) тараптардың келісуі бойынша медиация тәртібімен қаралуы мүмкін.".

      3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 05.01.2019 ж., 04.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 2 (29481); 04.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 2):

      39-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Орман пайдаланушы орман пайдалану құқығын шектеу туралы немесе тоқтата тұру туралы шешiммен келiспеген жағдайда, оның бұл шешiмге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.".

      4. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18,84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3,6-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 05.01.2019 ж., 04.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 2 (29481); 04.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 2):

      51-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін мiндеттi болып табылады және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".

      5. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 7, 14-құжат; № 9, 17-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) 13-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауiптi өзге де объектiлердi орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға енгізу туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс әсерін тигізетiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу мен тоқтату туралы шешiмдердiң күшiн жоюды
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен талап етуге;";

      2) 14-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауiптi өзге де объектiлердi орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға енгізу туралы шешiмдердiң күшiн жоюды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс әсерін тигізетiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiм шығаруды талап етуге;";

      3) 116-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттiк экологиялық инспекторлардың өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін мiндеттi болады және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      4) 126-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "126-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі

      Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкін.

      Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) арыз оларға жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға шағым жасалғаннан кейін сотқа беріледі.".

      5) 126-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Апелляциялық комиссияның шешімі міндетті сипатқа ие.".

      6. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат;№ 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; ҚР Парламентінің Жаршысы 2017 ж., № 24, 115-құжат):

      1) 20-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Медициналық қызметтер көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған шешімдер денсаулық сақтау субъектілерінің орындауы үшін міндетті болады және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      2) 88-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;";

      3) 106-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танылған азамат денсаулық сақтау ұйымының шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.";

      4) 117-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азамат психикасының бұзылуы (ауруы) салдарынан уақытша, кейіннен қайта куәландыру құқығымен кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты атқаруға жарамсыз деп танылуы мүмкін.

      Жарамсыз деп тану тиісті сараптаманы жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандандырылған психиатриялық медициналық ұйымда құрылатын дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.

      Азамат осы комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, оған Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.";

      5) 123-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тексерілетін адам немесе кәмелетке толмаған адам қарсылық білдірген немесе оның заңды өкілі болмаған жағдайда куәландыру қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүргізіледі, оған Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      6) 125-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңды өкілі қарсы болған немесе ол болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамды психиатриялық стационарға жатқызу қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүргізіледі, оған ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурор жазбаша хабардар етіліп, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      7) 132-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Адам алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылуымен келіспеген жағдайда мұндай шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".

      7. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II,145-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; 56-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 24.01.2019 ж., 23.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 14; 23.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 14):

      1) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғау

      Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғауды азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары бойынша сот жүзеге асырады. Осы Кодексте көзделген жағдайларда неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғауды мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде және осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

      Бұзылған құқықты қорғау үшiн билiк немесе басқару органына жүгіну Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      2) 13-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі, сондай-ақ олардың заңды өкілдері тіркеуші органның некеге тұруды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.";

      3) 112-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сенім білдірілген адамның аккредиттеу туралы өтініші Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде қаралады.";

      4) 121-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға мүдделi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкiн.";

      5) 131-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың әрекеттеріне қамқорлыққа алынушының мүддесінде оның тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органда, сотта Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      6) 132-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "132-бап. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдеріне шағым жасау

      Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың барлық мәселелер бойынша шешімдеріне мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.";

      7) 183-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Азаматтық хал актілерінің қолданыстағы жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді жазба жасалған жер бойынша тіркеуші орган жүргізеді. Азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      8) 226-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тіркеуші органның неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      9) 260-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "260-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті қарау тәртібі

      Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш қарауды тіркеуші орган Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.".

      8. 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156,158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат, № 23-ІІІ, 111-құжат, № 23-V, 113-құжат, № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 24.01.2019 ж., 23.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 14; 23.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 14):

      1) мазмұнындағы 189-баптың тақырыбы алып тасталсын:

      2) 189-бап алып тасталсын;

      3) 653-бап мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе: Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.";

      4) 669-бап мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе: Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.";

      5) 682-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "682-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi:

      1) аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары;

      2) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары;

      3) осы Кодексте уәкілеттік бертілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қарайды.

      Ескертпе. Егер тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, олардың соттылығына жатқызылған iстердi аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.";

      6) 683-баптың бесінші бөлігіндегі "мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттарда," деген сөздер "аудандық және оларға теңестірілген соттарда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 684-баптың бірінші бөлігіндегі "Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары" деген сөздер "Аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың судьялары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 803-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде іс жүргізудің тілі айқындалады. Өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл жөнінде хаттамада белгi жасалады.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кәмелетке толмаған адамның қорғаушысына немесе заңды өкіліне олардың істі соттылығы бойынша аудандық және оларға теңестірілген сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығы түсіндіріледі.";

      9) 826-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      Органның (лауазымды адамның) ұсынысына жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шағым жасалуы мүмкін. Ұсынысқа шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған органның шешіміне аудандық және оған теңестірілген сотқа оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шағым жасалуы мүмкін, оның шешімі шағымдалуға жатпайды. Органның (лауазымды адамның) шешімі ұйғарым түрінде шығарылады.";

      10) 827-баптың ескертпесі алып тасталсын;

      11) 829-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шағым келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау мерзімі қажет болған кезде он тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін. Тиісінше хабардар етілген (хабарланған) адамның келмеуі шағымды қарауға кедергі болмайды.

      Шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулыға органның (лауазымды адамның) қаулысының көшірмесін алған кезден бастап он тәулік ішінде аудандық және оған теңестірілген сотқа шағым жасалуға жатады, оның шешіміне – жоғары тұрған сотқа, ал соттың қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін, олардың шешімі шағым жасалуға, наразылық білдіруге жатпайды.

      Шағымды қанағаттандыру туралы қаулыға аудандық және оған теңестірілген сотқа прокурордың апелляциялық өтінішхаты берілуі мүмкін, оның шешіміне – жоғары тұрған сотқа, ал сот қаулысына жоғары тұрған сотқа прокурордың апелляциялық өтінішхаты берілуі мүмкін.";

      12) 829-2-баптың екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аудандық және оған теңестірілген сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы, прокурордың апелляциялық өтінішхаты берілуі мүмкін.";

      "4. Орган (лауазымды адам) шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға аудандық және оған теңестірілген сотқа және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа органның (лауазымды адамның) орналасқан жері бойынша шағым жасалуы, прокурордың апелляциялық өтінішхаты берілуі мүмкін.";

      13) 830-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Аудандық және оған теңестiрiлген соттың және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында көрсетілген тұлғалар жоғары тұрған сотқа шағым жасауы, сондай-ақ прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша ол қайта қаралуы мүмкін.";

      14) 836-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Аудандық және оған теңестірілген сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды.";

      15) 843-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде процестік нормалардың қандай да бір өзгеше елеулі түрде бұзылуына жол берiлсе, судья iсті қарауды, бұл ретте жол берiлген бұзушылықты жоюға шаралар қолдана отырып жүргiзеді, тиiсінше тиісті аудандық және оған теңестiрiлген сот пен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) қаулысының күшiн жояды және iсті қараудың нәтижелерiн ескере отырып, жаңа қаулы шығарады.".

      9. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-ІІІ, 109-құжат, № 23-ІІІ, 111-құжат, № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 г., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 24.01.2019 ж., 23.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 14; 23.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 14):

      1) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына және оған сәйкес келетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мазмұны, ресімделуі және (немесе) оларды қабылдау рәсімдері бойынша қайшы келетін актілері мен шешімдері қабылданған кезінен бастап заңсыз әрі жарамсыз деп танылады және күші жойылуға жатады.";

      2) 124-9-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ ол қабылдаған шешімдерге сот тәртібімен шағым жасауға;";

      3) 129-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында тізбеленген қатынастарға ішкі бақылау бөлігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 61-бабының күші қолданылады.";

      4) 134-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында айқындалады.";

      5) 157-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерiлетiн субъект бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) осы Кодекстің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға шағым жасауға құқылы.";

      6) 224-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тергеп-тексеру объектісі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрыққа Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауы мүмкін.";

      7) 230-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Нарық субъектісі монополияға қарсы органның аумақтық органының нұсқамасына ол нарық субъектісіне тапсырылған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.";

      8) 301-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "301-бап. Қорғаудың соттағы нысаны

      Кәсіпкерлік субъектілері бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерiн қорғау үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.";

      9) 302-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Даулар сотқа дейінгі тәртіппен реттелмеген жағдайда кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.";

      10) 319-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шағым құзыретiне оны қарау және ол бойынша шешім қабылдау кiретiн мемлекеттік органға беріледі. Шағым беру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.".

      10. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 21,98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 24.01.2019 ж., 23.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 14; 23.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 14):

      1) мазмұнында:

      27, 29-тараулардың және 250, 286-288, 292-297-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

      2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері

      Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.";

      3) 23-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Соттарға санаттары осы Кодексте көзделген ерекше талап қою ісін жүргізу істері ведомстволық бағынысты болады.";

      4) 27-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мамандандырылған басқа соттардың соттылығына жататын істерді қоспағанда, егер тараптардың бірі әскери қызметші, әскери басқару органдары, әскери бөлім болып табылса, әскери соттар азаматтық істерді де қарайды.".

      5) 28-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      6) 72-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;

      7) 76-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "8. Соттың заңды күшіне енген әкімшілік іс бойынша шешімімен белгіленген әкімшілік актінің заңсыздығы осы акт заңсыздығының азаматтық-құқықтық салдары туралы істі қарау кезінде қайтадан дәлелденбейді.";

      8) 80-баптың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өкілдің немесе қорғаушының міндеттерін атқаруына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы – азаматтық, әкімшілік іс бойынша өкілдер немесе қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өкілдер, қорғаушылар;";

      9) 174-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер осы Кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе, талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша берілуі мүмкін.";

      10) 183-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмысқа қайтадан алу, әке болуды анықтау және алименттерді өндiріп алу туралы азаматтық істерді, сондай-ақ ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу істерін сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір айға дейiнгi мерзiмде қарайды және шешедi. Ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істер талап қою арызы сотқа түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі.".

      11) 227 және 250-баптар алып тасталсын;

      12) 251-баптың бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сот орындаушысы мүлiкке тыйым салу iсiн жүргiзу кезiнде мүлiктiң борышкерге немесе басқа тұлғаларға тиесiлi болуына қарамастан тыйым салудың күшiн жоюға негiз болып табылатын заң бұзушылыққа жол берген жағдайда, сот басқа да тұлғалардың мүлiкке тыйым салудың күшiн жою туралы арыздарын Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделген тәртiппен қарайды. Мұндай арыздар тыйым салынған мүлiктi өткізгенге дейiн берiлуi мүмкiн.

      Өндiрiп алу қолданылған мүлiктiң тиесiлiлігiне байланысты құқық туралы дауды басқа тұлғалар әрекет жасалған (әрекет жасаудан бас тартылған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде немесе адамға бұл туралы белгілі болған күннен бастап мәлiмдеуі мүмкін. Мұндай талаптарды сот талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша қарайды.";

      "5. Судья мүдделi тұлғалардың арызына қарамастан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мән-жайларды анықтап, арызды осы Кодекстің осы бабында және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қараған кезде мүлікті тыйым салудан босатуға (тізімдемеден алып тастауға) міндетті.";

      13) 252-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сот орындаушысының атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы сот не прокурор санкциялаған қаулысына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      14) 272-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) азаматтық, қылмыстық, әкiмшiлік сот iсiн жүргiзуде қаралып жатқан басқа істің шешілуіне дейін осы істі қарау, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағыммен, наразылықпен, айыппұл төлеу қажеттігі туралы ұйғарыммен, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысымен байланысты дауларды сотта шешу мүмкін болмаған;";

      15) 3-кіші бөлімдегі 29-тарау және ондағы баптар алып тасталсын;

      16) 403-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;

      17) 415-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "415-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың істі қарау мерзімі

      Осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, іс апелляциялық сатыдағы сотта ол сотқа келіп түскен күннен бастап екі айлық мерзімде қаралады.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасында іс сотқа келіп түскен күнінен бастап екі айлық мерзімде қаралады.".

      18) 467-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Кодекстің 27, 28 және 30-тарауларында көзделген ерекше талап қою ісін жүргізу істері жатады.".

      11. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 47-құжат):

      1) 190-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жұмыс берушінің, жұмыскердің және мемлекеттік еңбек инспекторының не қауіпті өндірістік объектілерде болған жағдайлар кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың арасындағы келіспеушіліктерді тиісті жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторы, сот Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қарайды.";

      2) 198-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жүзеге асырылған кезде жұмыс берушінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, жұмыс беруші мемлекеттік еңбек инспекторының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік инспекторға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.";

      12. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат):

      177-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы.";

      13. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-I, 23-II, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 05.01.2019 ж., 04.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 2; 04.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 2):

      475-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес хабарламаға уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы.".

      14. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (ҚР Парламентінің Жаршысы 2017 ж., № 23, 112-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат, № 19, 62-құжат);

      46-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер өтеусіз негіз бойынша иеліктен шығарылған жағдайда немесе олар заңды тұлғаның жарғылық капиталына енгізілген жағдайда мемлекеттің басым құқығын іске асыру кезінде оларды сатып алу Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын нарықтық баға бойынша жүзеге асырылады.

      Мемлекеттің басым құқығын іске асырған кезде сатып алу бағасымен келіспеген жағдайда өтініш беруші нәтижелерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.".

      15. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат):

      41-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық мәселелері жөніндегі арызды қабылдаудан негізсіз бас тартуға, арыздардың қаралу мерзімін бұзуға, сондай-ақ лауазымды адамдардың азаматтық туралы істердің қаралу тәртібін және азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдердің орындалу тәртібін бұзатын басқа да заңсыз әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкін.";

      16. "Жеке тұрғын үй құрылысы туралы" 1994 жылғы 3 қарашадағы № 213 Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 20, 248-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 209-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы; 2004 ж., № 23, 142-құжат, 2011 ж., № 11 (2588), 102-құжат; 2018 ж., ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 05.01.2019 ж., 04.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 2; 04.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 2):

      17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Дауларды шешу тәртiбi

      Осы Заңда реттелетiн қатынастарға қатысушылар арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешiледi.";

      17. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 9, 21-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 24.01.2019 ж., 23.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 14; 23.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 14):

      1) 20-5-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының жауапқа тартылатын қызметшілері мен техникалық қызметшілері Қазақстан Ұлттық Банкінің әрекеттерi мен шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

      Бұл ретте Қазақстан Ұлттық Банкінің көрсетілген әрекеттерi мен шешімдеріне шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.";

      2) 72-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялар мен қызметтің барлық түрлерін жүргізу лицензиясынан қаржы ұйымын айыру туралы, банкті төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу жөніндегі шараларды қолдану туралы, қаржы ұйымын консервациялау режимін белгілеу туралы шешімдерінің, сондай-ақ банктің уақытша әкімшілігінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктің активтері мен міндеттемелерін беру бойынша операцияларды жүргізу туралы, сақтандыру портфелін беру туралы шешімдерінің күшін жою осы шешімдерді қабылдау нәтижесінде туындаған құқықтық салдардың өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соқпайды.".

      18. "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 32-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат, 2013 ж., № 13, 62-құжат; ҚР Парламентінің Жаршысы 2014 ж., № 19-II, 96-құжат; 2018 ж., ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 05.01.2019 ж., 04.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 2; 04.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 2):

      1) 3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адам алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан деп танылуымен келiспеген жағдайда бұл шешiмге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      2) 6-4-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) прокуратура органдарына, сотқа
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым беруге құқығы бар.".

      19. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж.,№ 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23,114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2018 ж., ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 24.01.2019 ж., 23.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 14; 23.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 14):

      17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Дауларды қарау

      Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден және филиалдарды (өкiлдiктердi) есептiк тiркеуден бас тартуға, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтаруға, сол сияқты заңды тұлға құрылтайшылары мен тіркеуші орган арасындағы өзге де дауларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".

      20. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23,104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж.,№ 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат;№ 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 24.01.2019 ж., 23.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 14; 23.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 14):

      1) 48-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшісі) өз қызметiн уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.

      Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмшісінiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) қызметiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды анықтаған кезде уақытша әкiмшiлiктердің (уақытша әкiмшілердің) орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды белгіленген мерзімде жою және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын беру туралы жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.";

      2) 67-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкілетті органның консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне банк холдингінің акционерлерi (қатысушылары) күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін. Осы шешiмге шағым жасау банк холдингін консервациялауды тоқтата тұрмайды.";

      3) 74-4-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының 3-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.";

      4) 77-баптың бірінші бөлігінде "сотқа" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті органның шешімі негізінде жасалған және (немесе) консервациялау кезеңінде банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы), банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімші) болып табылатын тарап жасасқан мәміле жарамсыз болып танылған жағдайда тараптардың осы мәміле бойынша алғанының барлығын қайтаруына жол берілмейді.".

      21. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21-III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат, 2018 ж., ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 05.01.2019 ж., 04.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 2; 04.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 2):

      1) 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының, олардың қызметкерлерінің, әскери қызметшiлерінiң және жұмыскерлерінің әрекеттерiне ұлттық қауiпсiздiк органдарының жоғары тұрған органдарына, прокуратураға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      2) 13-1-баптың 4-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алдын ала ескертуде жеке немесе заңды тұлғаға оның алдын ала ескертуге заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасау құқығы түсіндіріледі.".

      22. "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 234-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 11, 67-құжат; 2015 ж., № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 8-I, 62-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамдық бiрлестiктi, оның құрылымдық бөлiмшесiн (филиалы мен өкiлдiгiн) тiркеуден бас тарту заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңнамаға сәйкес жүргiзiледi.

      Тiркеуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.".

      23. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар, № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат, 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 05.01.2019 ж., 04.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 2; 04.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 2):

      44-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тiркеушi органның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.".

      24. "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 29.12.2018 ж., "Егемен Қазақстан" газеті, № 248, 28.12.2018 ж., "Казахстанская правда" газеті, № 248, 28.12.2018 ж.):

      3-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкілетті мемлекеттік органның шешіміне
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".

      25. "Сот приставтары туралы" 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 144-құжат; 2011 ж., № 1,3-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 16, 90-құжат, № 19-II, 96-құжат):

      9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1-бап. Сот приставтарының әрекеттеріне шағымдану

      "Мүдделі тұлға сот приставының әрекеттеріне
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.".

      26. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 53-құжат, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 24.01.2019 ж., 23.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан" № 14; 23.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 14):

      1) 7-2-баптың 4 және 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер үміткер осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, оны аттестаттауға жіберуден бас тартылады.

      Аттестаттауға жіберуден бас тартылған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей дәлелді шешімді үміткерге жібереді.

      Аттестаттауға жіберуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      2) "9. Аттестаттау нәтижесі бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы аттестатталғаны туралы не аттестатталмағаны туралы дәлелді шешімді аттестаттау өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей шығарады.

      Комиссияның аттестатталғаны туралы шешімі ол шығарылған кезден бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады.

      Әдiлет аттестаттау комиссиясының шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      3) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бас тарту туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      4) 10-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".

      27."Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 24.01.2019 ж., "Егемен Қазақстан" 23.01.2019 ж., № 14; 23.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 14):

      20-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға, сондай-ақ мұндай тіркеуден жалтаруға оның құрылтайшылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.".

      28. "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат, 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден бас тартуға не оны тiркеуден жалтаруға мүдделi тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.";

      2) 13-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тiркеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.";

      3) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуге және оны тiркеу туралы ақпараттың берiлуiне байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледi.".

      29. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кәсiби ұйымдар уәкiлеттi органның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.".

      30. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат, № 22-VІІ, 161-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кәсіптік ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның шешіміне шағым жасауға құқылы.".

      31. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат):

      1) 10-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Лицензия беруден бас тартқан жағдайда көрсетілген органдар өтініш берушіге бас тартудың себептерін түсіндіре отырып, бұл туралы жазбаша хабарлауға міндетті. Лицензия беруден бас тартуға не өтінішті қарау мерзімдерінің бұзылуына өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.";

      2) 19-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органының қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге арналған рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".

      32. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 22-I, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат):

      1) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мәлімет көздерінің иесі лауазымды адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы. Сот лауазымды адамдардың әрекеттерін заңсыз деп таныған жағдайда, мәлімет көздерінің иесіне келтірілген зиянды өтеу тәртібі заңнамаға сәйкес сот шешімімен айқындалады.";

      2) 30-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Лауазымды адамның немесе азаматтың бұл шешімге
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.";

      3) 31-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұйым басшысының лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді тоқтату және осының негізінде онымен жасалған еңбек шартын бұзу туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".

      33. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5,27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 19-I, 101-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22, 109-құжат; 2018 ж., ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 09.01.2019 ж., 08.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 3; 08.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 3):

      17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер лицензия осы Заңда белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе өтініш берушiге бас тарту негiзсiз болып көрiнсе, ол осы әрекеттерге бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.".

      34. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 46-құжат; 2019 ж., ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 11.01.2019 ж., 10.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 5; 10.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 5):

      1) 18-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Бұқаралық ақпарат құралының өкілі сұрау салынған мәліметтерді беруден бас тартуға жоғары тұрған органға, лауазымды адамға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.";

      2) 18-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бұқаралық ақпарат құралының өкілі сұрау салынған ақпаратты беруден бас тартуға мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне шағым жасау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.".

      35. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат, № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат, № 11, 44-құжат):

      1) 55-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкілетті органның консервациялауды жүргізу туралы шешіміне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері он күн мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін. Көрсетілген шешімге шағым жасау сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды тоқтата тұрмайды.";

      2) 56-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Лицензиядан айыру туралы шешiм күшiне енген күннен бастап уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiн тағайындайды, оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық органдарының өкiлеттiгi ауысады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын жұмыс iстеп келген органдарының өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң лицензиядан айыру туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.";

      3) 56-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уақытша әкiмшiлiк өз қызметiн уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң қызметiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган уақытша әкiмшiлiктің қызметін бақылауды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкiмшiлiктің қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты анықтаған кезде, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды белгiленген мерзiмде жою және (немесе) белгiленген мерзiмде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы уақытша әкiмшiлiктер орындауға міндетті жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.

      Жазбаша нұсқамада белгiленген мерзiмде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.".

      4) 73-баптың 1-тармағы 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тарату комиссияларының қызметiнде сақтанушылардың (пайда алушылардың) және (немесе) өзге де кредиторлардың мүдделеріне қауіп төндіретін жағдай жасауға алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер, Қазақстан Республикасының заңнамасын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылық анықталған кезде, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды белгіленген мерзімде жою және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы тарату комиссиялары орындауға мiндеттi жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.";

      5) 78-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті органның шешімі негізінде жасалған және (немесе) консервациялау сатысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі (уақытша әкімші) тарабы болып табылатын мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда, тараптардың бұл мәміле бойынша барлық алғандарын қайтаруына жол берілмейді.".

      36. "Тұтыну кооперативі туралы" 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 10, 138-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; 2015 ж., № 20-I, 110-құжат):

      6-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тұтыну кооперативiнiң құқықтарын бұзатын мемлекеттiк органдардың актiлерiне, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының актiлерiне, олардың лауазымды адамдарының әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;".

      37. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 28.12.2018 ж., 28.12.2018 ж. "Егемен Қазақстан", № 248; 28.12.2018 ж., "Казахстанская правда", № 248):

      1) 13-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк органдар жобаланатын объектілер, мекендеу және тiршiлiк ету ортасының жай-күйi мен онда жасалмақшы болып отырған, мемлекеттiк нормативтерге немесе бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ қоғамдық және жеке мүдделердi тiкелей қозғайтын өзгерiстер туралы анық емес ақпарат берген (қол жеткiзiлуi шектеулi санатқа жатқызылмаған сұратылған ақпаратты беруден бас тартқан) жағдайда, жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сот органдарына жүгінуге құқылы.";

      2) 13-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының әрекеттерiне, сондай-ақ жобалардың сараптама қорытындысына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;";

      3) 64-1-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тапсырыс берушілер және жобалаушылар, сондай-ақ сарапшылар немесе сараптама ұйымдары тараптардың бірі жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу немесе оның нәтижелерін шығару тәртібін бұзған жағдайларда, осы өтінішін негіздей отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

      Тапсырыс беруші жүргізілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелерімен келіспеген кезде сарапшылардың қорытындысына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.".

      38. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 29.12.2018 ж., "Егемен Қазақстан" газеті, № 248, 28.12.2018., "Казахстанская правда" газеті, № 248, 28.12.2018 ж., ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 05.01.2019 ж., 04.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 2; 04.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 2):

      4-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Өтініш берушінің және алушының кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің әрекеттері мен уәкілетті органның және оның лауазымды адамдарының шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.".

      39. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 19, 62-құжат, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 05.01.2019 ж., 04.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 2; 04.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 2):

      17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жеке және заңды тұлғалар жоғары тұрған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына, жергілікті атқарушы органдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.".

      40. "Саяси партиялар туралы" 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 6-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 22-I, 140-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 05.01.2019 ж., 04.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 2; 04.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 2):

      11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуден, оның құрылымдық бөлiмшелерін (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.".

      41. "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат;2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8,44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2017 ж.,№ 11, 29-құжат; 2018 ж., ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 05.01.2019 ж., 04.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 2; 04.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 2):

      20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Iшкi iстер органы бастығының немесе оның орынбасарының ұстау туралы шешiмiне жоғары тұрған лауазымды адамға, прокурорға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.".

      42. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 29.12.2018 ж., "Егемен Қазақстан" газеті, № 248, 28.12.2018 ж., "Казахстанская правда" газеті, № 248, 28.12.2018 ж.):

      20-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кейiннен өтiнiштер берiлген кезде Қор өтiнiш қайталап берiлген кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде тағайындау немесе бас тарту туралы шешiм қабылдайды және бас тарту себептерi мен шағымдану тәртiбiн көрсете отырып, бұл туралы Мемлекеттік корпорация арқылы өтiнiш берушiге жазбаша нысанда хабарлайды.

      Қордың шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.".

      43. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж.,№ 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат;№ 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 24.01.2019 ж., 23.01.2019 ж. "Егемен Қазақстан", № 14; 23.01.2019 ж. "Казахстанская правда", № 14):

      1) 3-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Эмитентке анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне берілетін нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.";

      2) 10-баптың 3-тармағында "сот тәртiбiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 113-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкiлеттi органның бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың кәсіби қызметін реттеу саласындағы әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.".

      44. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат, № 9, 21-құжат, № 10, 32-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат, № 11, 44-құжат):

      11-баптың 1-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-2. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.".

      45. "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 9, 17-құжат):

      26-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мүдделi тұлға кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.".

      46. "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      22-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметкерлері қабылдаған шешімдерге көрсетілген жүйенің жоғары тұрған органдарына, сондай-ақ прокуратура органдарына, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға;".

      47. "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 152-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 45-құжат, 10.07.2018 ж. ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі; 04.07.2018 ж. "Казахстанская правда", № 124; 04.07.2018 ж. "Егемен Қазақстан", № 124):

      10-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сақтандыру жағдайын тексеру мәселелерi жөнiндегi шешiмге уәкілетті органға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға;".

      48. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 05.07.2018 ж.; 03.07.2018 ж. "Казахстанская правда", № 123, 03.07.2018 ж. "Егемен Қазақстан", № 123):

      6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi органның әрекеттерiне және шешімдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.".

      49. "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 11, 44-құжат):

      15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Арнайы қаржы компаниясының анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы нұсқауы жазбаша нұсқама болып табылады.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.".

      50. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; №13, 114-құжат; 2012 ж., №3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 23-II, 172-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 23, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Табиғат қорғау мекемелерiнің мемлекеттiк инспекторларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) және олардың шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.".

      51. "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 8-II, 68-құжат; № 24, 124-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат, № 11, 44-құжат):

      23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кәсіби ұйым, сертификаттау жөніндегі ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның шешіміне шағымдануға құқылы".

      52. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат); 2019 ж., ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 24.01.2019 ж., 23.01.2019 ж. № 14 "Егемен Қазақстан" 23.01.2019 ж. № 14 "Казахстанская правда"):

      1) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабына құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, құжаттарды қабылдау туралы жазба жүргізілмейді. Өтініш берушінің талабы бойынша тіркеуге құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орган бас тарту себептерін көрсете отырып, хабарлама береді. Мұндай хабарламаның, тіркеу туралы өтініштің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сақталуға тиіс.

      Құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      2) 31-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      3) 59-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "59-бап. Дауларды шешу тәртібі

      Мемлекеттік тіркеуге байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.".

      53. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24,149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., №9, 31-құжат; №10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47,48-құжаттар; №22, 83-құжат):

      60-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттеріне (шешімдеріне) және әрекеттер жасауға (шешімдер қабылдауға) негіз болған ақпаратқа мүдделі тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.".

      54. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-I, 40-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат, 10.07.2018 ж. ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және 04.07.2018 ж. № 124 "Казахстанская правда" және 04.07.2018 ж. № 124 "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

      12-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне қате енгізілген, өздерінің террористік және экстремистік қызметке қатыстылығы туралы мәліметтер бар не көрсетілген тізбеден алып тастауға жататын, бірақ көрсетілген тізбеден алып тасталмаған ұйымдар мен жеке тұлғалар өздерін көрсетілген тізбеден алып тастау туралы жазбаша уәжді өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.

      Уәкілетті орган ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен алып тастау туралы өтінішті Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында белгіленген мерзімде қарайды және мынадай:

      1) ұйымды немесе жеке тұлғаны көрсетілген тізбеден алып тастау туралы;

      2) бас тартудың уәжді негізін ұсына отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді шешімдердің бірін қабылдайды.

      Өтініш беруші уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.".

      55. "Босқындар туралы" 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2016 ж., № 24, 131-құжат):

      15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Уәкілетті органның шешіміне шағымдану тәртібі

      Уәкілетті органның босқын мәртебесін беруден, ұзартудан бас тарту туралы немесе босқын мәртебесінен айыру туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".

      56. "Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы" 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 24, 123-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):

      4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін шектеуге немесе оларға қысым жасауға бағытталған нормативтік құқықтық актілерге сотта Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен дау айтылуы мүмкін.".

      57. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 24.01.2019 ж. және "Егемен Қазақстан" газетінде 23.01.2019 ж. № 14; "Казахстанская правда" газетінде 23.01.2019 ж. № 14 жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi

      Атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi осы Заңға сәйкес азаматтық істер және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша нұсқамалар мен қаулылардың, мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi түрде және уақтылы қолдану болып табылады.";

      2) 10-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сот орындаушысының қаулысы міндетті түрде орындалуға тиіс және оған Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа он жұмыс күні ішінде шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.";

      3) 68-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бағалаумен келіспеген атқарушылық іс жүргізу тарапы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген бағалау бойынша қорытынды алу үшін сарапшылық кеңеске өтініш жасауы не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оған сотқа шағым жасауы мүмкін. Сарапшылық кеңестің теріс қорытындысы не соттың бағалау туралы есепті жарамсыз деп тануы сот орындаушысының жаңа бағалауды тағайындауы үшін негіз болып табылады. Сарапшылық кеңес теріс қорытынды берген жағдайда, бағалау туралы есептің сараптамасы үшін тапсырыс беруші жүргізген төлемді бағалау туралы есепті жасаған бағалаушы немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға өтейді.";

      4) 104-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Борышкер сот орындаушысының талаптарын белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкерден мемлекет кірісіне мерзімі өткен әрбір күн үшін жеке адамдардан бес айлық есептік көрсеткіш және заңды тұлғалардан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өсімпұл өндіріп алу туралы ұсыныспен сотқа жүгінеді.

      Осы тармақтың ережесі әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен шығарылған атқарушылық құжаттарды орындауға қолданылмайды.";

      5) 127-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өндiрiп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөнiндегi шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкiн. Шағым Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзiмде сотқа берiледi."

      6) 141-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер үміткер осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмесе, атттестаттауға жіберуден бас тартылады.

      Аттестаттауға жіберуден бас тартылған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары үміткерге өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәжді шешімді жібереді.

      Аттестаттауға жіберуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасын.да белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады. Уәкілетті органның қабылданған шешімімен келіспеген немесе одан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жауап алмаған жағдайда шағым Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа беріледі.";

      7) 144-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкін.

      58. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) 11-баптың 6-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тексерілетін тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелеріне шағым жасауға құқылы.";

      2) 12-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік авиация инспекторлары беретін инспекторлық нұсқамаларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      3) 60-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      4) 61-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      5) 73-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешімге әуежайдың меншік иесі, пайдаланушысы немесе пайдаланушы акционерлерінің жалпы жиналысы уәкілеттік берген тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.";

      6) 102-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Апатқа ұшыраған әуе кемесін іздестіруді тоқтату туралы шешімге осы әуе кемесінің иесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.

      59. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34-құжат, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-I, 111-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., №7-I, 50-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 г., № 16, 56-құжат; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 05.01.2019 ж. және 04.01.2019 ж. № 2 "Егемен Қазақстан"; 04.01.2019 ж. № 2 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 14-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қызметкерлердің өздеріне қатысты қабылданатын шешімдер мен әрекеттерге жоғары тұрған лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқығы бар.";

      2) 34-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған жағдайларда, ол кадр резервінен шығарылады. Қызметкер өзін кадр резервінен шығару туралы шешіммен келіспеген кезде, ол бұл шешімге жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.";

      3) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-бап. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағымдану

      "Қызметкер аттестаттау комиссиясының шешімдеріне бір айлық мерзімде құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.";

      4) 57-баптың 21-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қызметкер өзіне қолданылған тәртіптік жазаға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органға, сотқа шағымдануға құқылы.".

      60. "Медиация туралы" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат; 2012 ж., № 6, 44-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., №V20-ІІ, 115-құжат):

      1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын дауларға (жанжалдарға) медиация рәсімі заңдарда көзделген жағдайларда қолданылады.".

      61. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; 24.01.2018 ж. ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және 23.01.2019 ж. № 14 "Егемен Қазақстан"; 23.01.2019 ж. № 14 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 44-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1 Реквизицияланған мүліктің меншік иесі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында төтенше жағдай режимі жойылған немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тоқтатылған кезде сақталған мүлікті осы бапта көзделген қағидалар бойынша қайтаруды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен талап етуге құқылы.";

      2) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Реквизициялау туралы шешімге реквизицияланған мүліктің меншік иесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

      Реквизицияланған мүлік үшін өтемді бағалау мен оның мөлшерін, оның ішінде өтелетін шығындардың мөлшерін реквизицияланатын мүліктің меншік иесі сот тәртібімен даулауы мүмкін.";

      3) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "60-бап. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің құқығын қорғау

      Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің және мемлекет меншігіне алынатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе мемлекет меншігіне алу кезінде шектелетін өзге де адамдардың құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      4) 61-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүліктің меншік иесінің құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.".

      62. "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17, 135-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 05.07.2018 ж. ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және 03.07.2018 ж. № 123 "Егемен Қазақстан"; 03.07.2018 ж. № 123 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

      17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тіркеуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".

      63. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2017 ж., № 21, 98-құжат):

      1) 15-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қызметкерлердің өздеріне қатысты қабылданатын шешімдер мен әрекеттерге олар өздерінің құқықтарының бұзылуы туралы жоғары тұрған лауазымды адамдарға білген күннен бастап бір айдан кешіктірмей, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқығы бар.";

      2) 21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметкерлердiң əрекеттеріне (əрекетсiздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен жоғары тұрған лауазымды адамдарға шағым жасалуы мүмкiн.";

      3) 51-баптың 5-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінен босатылған адамдардың жұмыстан шығару туралы шешімге тиісті бұйрықтың үзінді көшірмесімен жазбаша танысқан күннен бастап бір айдан кешіктірмей жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқығы бар.";

      4) 54-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қызметтен босатылған адамдардың жоғары тұрған лауазымды адамдарға жұмыстан шығару туралы бұйрыққа Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқығы бар.";

      5) 71-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықпен келіспеген жағдайда ол бұл бұйрықты арнаулы мемлекеттік органның жоғары тұрған бөлімшесіне, сотқа Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен жазбаша нысанда шағым жасауға құқылы.";

      6) 71-баптың 3-тармағы алып тасталсын.

      64. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат;№ 21-III, 135-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; 2017 ж., № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 11, 47-құжат):

      1) 6-баптың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1) өздерінің құқықтарының бұзылғаны туралы білген күннен бастап өздеріне қатысты қабылданатын шешімдер мен әрекеттерге бір айдан кешіктірмей, жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сондай-ақ сотқа Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға;";

      2) 26-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Әскери қызметтен босатылған адамдар жұмыстан босату туралы шешімге тиісті бұйрықтың үзінді көшірмесімен танысқан күннен бастап бір айдан кешіктірмей, жоғары тұрған қолбасшылыққа, сондай-ақ сотқа Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.";

      3) 28-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыға қатысты:

      1) әскери қызметке шақырылуға жатқызылады;

      2) әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылсын;

      3) әскери қызметке шақырылудан босатылсын;

      4) әскери міндеттi атқарудан босатылсын деген шешімдердің бірін қабылдайды.

      Әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бір күн ішінде әскери қызметке шақырылуға жататын азаматқа хабарланады, шешімнің көшiрмесi оның қалауы бойынша қолына берiледi.

      Шақыру комиссиясының шешіміне азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.";

      4) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "54-бап. Әскери қызметшiлердiң қылмыстар, теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылығы

      Әскери қызметшілер қылмыстар, теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және тәртіптік жауаптылықта болады.

      Әскери қызметшілердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".

      65. "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 22, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 24.01.2019 ж. ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және 23.01.2019 ж. № 14 "Егемен Қазақстан"; 23.01.2019 ж. № 14 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 28-бапта:

      2-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.";

      2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкiлеттi органның микроқаржы ұйымына осы бапта көзделген ықпал ету шараларын қолдану туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".

      66. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; №13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; 24.01.2019 ж. ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және 23.01.2019 ж. № 14 "Егемен Қазақстан"; 23.01.2019 ж. № 14 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      2) 39-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;";

      3) 58-баптың 2 және 13-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттігіне арналған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.";

      "13. Өзіне қатысты уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын немесе санкциялар қолданған ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы. Уәкілетті органның көрсетілген шешімдеріне шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.".

      67. "Азаматтық қорғау" туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-II, 103, 104-құжаттар; № 20-I, 111-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; №19, 62-құжат; 09.01.2019 ж. ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және 08.01.2019 ж. № 3 "Егемен Қазақстан"; 08.01.2019 ж. № 3 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      106-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "106-бап. Азаматтық қорғау саласындағы дауларды шешу

      Азаматтық қорғау саласындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.".

      68. "Кәсiптiк одақтар туралы" 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 66-құжат; 2015 ж., № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 15, 55-құжат):

      16-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттiк органдардың кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасайтын актiлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;".

      69. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 2, 5-құжат; 28.12.2018 ж. ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және 28.12.2018 ж. № 248 "Егемен Қазақстан" және 28.12.2018 ж. № 248 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары ішкі аудит қызметтерінің құжаттарын қоспағанда, осы баптың 2-5-тармақтарына сәйкес басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін, егер оларды Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес сот заңсыз деп танымаса, оларды таниды.";

      2) 60-3-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.

      70. "Өзін-өзі реттеу туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-I, 127-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):

      18-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;".

      71. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 138-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 24, 124-құжат):

      1) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Заңның күші қаралу тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қолданылмайды.";

      2) 18-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      2. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың шешімдеріне шағым әрекет жасалғаны немесе тиісті лауазымды адамның немесе органның шешім қабылдағаны туралы азаматқа белгілі болған кезден бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі.".

      72. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; ҚР Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 27-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      2) 43-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік орган өздеріне қатысты қабылдаған шешімдер мен әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.";

      3) 46-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жауаптылыққа тартылушы мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның әрекеттерi мен шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.";

      4) 61-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қызметтен шығарумен келіспеген жағдайда, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң жоғары тұрған басшылық алдында, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өзін жұмыстан шығару туралы шешімге қатысты шағым жасауға құқығы бар.";

      5) 63-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органның басшысына, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен аттестаттау комиссиясының шешіміне шағым жасауы мүмкін.".

      73. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53, 55-құжаттар; № 19, 62-құжат; 24.01.2019 ж. ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және 23.01.2019 ж. № 14 "Егемен Қазақстан"; 23.01.2019 ж. № 14 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 8-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) әкімшілік рәсімдерді және әкімшілік сот ісін жүргізуді жүзеге асыруға байланысты.";

      2) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің өтуі
Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген оқиға басталған күннен басталатын конституциялық мерзімдерді қоспағанда, оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға басталған күннен басталады.";

      3) 30-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша осы актілерде реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.

      "3. Қабылдау салдары экологиялық, оның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндiруi мүмкiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына экологиялық заңнамаға сәйкес мiндеттi экологиялық сараптама жүргiзiлуге тиіс.";

      4) 58-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Нормативтiк құқықтық актiлерде қамтылатын нормаларға ресми түсіндірме беру уәкілетті органдардың не жеке және заңды тұлғалардың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      5) 65-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке-дара қолданылатын құқықтық акт, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, қабылданған кезінен бастап немесе осы актінің өзінде белгіленген мерзімде күшіне енеді.".

      74. "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (15.07.2016 ж. ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі):

      18-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Құрылыс салушы және уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруден уәжді бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.";

      75. "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж, № 24, 130-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):

      1) 7-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өздерінің дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратын немесе өздері заңды мүдделерін білдіретін адамның дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратын жинауға және (немесе) өңдеуге, қорғауға байланысты мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.";

      2) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-бап. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі

      Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".

      76. "Cот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 1-2, 1-құжат; № 8, 16-құжат):

      1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Сот-сараптама қызметінің міндеті

      Сот-сараптама қызметінің міндеті әкімшілік сот ісін жүргізу, қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді сот сараптамасының нәтижелерімен қамтамасыз ету болып табылады.";

      2) 4-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қылмыстық, азаматтық істер бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу туралы істер бойынша сот сараптамасын жүргізуді;";

      3) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сот сараптамасын жүргізу негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде, сондай-ақ "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.";

      4) 33-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Үлгілерді алу тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде және осы Заңда белгіленген.";

      5) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Процеске қатысушылардың сот сараптамасын жүргізу кезінде оған қатысуы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалады.";

      6) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-бап. Шет мемлекеттің құзыретті органының тапсыруы бойынша сот сараптамасын жүргізу

      Сот сараптамасы Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің құзыретті органының тапсырмасы бойынша жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қолданылады.".

      77. "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 9, 20-құжат; № 22, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 24.01.2019 ж. ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және 23.01.2019 ж. № 14 "Егемен Қазақстан"; 23.01.2019 ж. № 14 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкілетті органның коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Уәкілетті органның коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы шешіміне шағым жасау осы шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.";

      2) 18-бапта:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) коллекторлық агенттікке анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы мiндеттi түзеу шараларын қабылдау және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде ұсыну қажеттігі жөнінде орындалуы мiндеттi жазбаша нұсқама жіберуге құқылы.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың сипаттамасы және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептер, сондай-ақ жағдайлар, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.";

      3) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкілетті органның коллекторлық агенттікке осы бапта көзделген ықпал ету шараларын қолдану туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".

      78. "Прокуратура туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 13, 46-құжат; № 21, 102-құжат; 24.01.2019 ж. ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және 23.01.2019 ж. № 14 "Егемен Қазақстан"; 23.01.2019 ж. № 14 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 13-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) соттан сот актілері заңды күшіне енген қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді, сондай-ақ үкімнің орындалу мәселелері бойынша материалдарды сұратады, қабылданған актілердің заңдылығын зерделейді және негіздер бар болған жағдайда оларға наразылық білдіреді;";

      2) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Сотта мемлекет мүдделерін білдіру

      Прокуратура қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамада және әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамада көзделген негізде және тәртіппен сотта мемлекет мүдделерін білдіреді.";

      3) 21-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Прокурорлар өтініштерді Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде қарайды.

      Өтінішті қарауға байланысты тексеріс тағайындалған жағдайда, оны жүргізу тәртібі мен мерзімдері осы Заңның 7-бабында айқындалады.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары қарау тәртібі қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамада, әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы, сондай-ақ жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі саласындағы заңнамада белгіленген өтініштерге қолданылмайды.";

      4) 24-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру негіздері, тәртібі, мерзімдері, сондай-ақ олардың орындалуын тоқтата тұру қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамада және әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамада айқындалады.";

      5) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-бап. Өтінішхат

      Прокурор қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамада және әкімшілік құқық бұзушылық туралы, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамада көзделген тәртіппен заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат келтіруге құқылы.";

      6) 34-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне жоғары тұрған прокурорға, сотқа заңда белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".

      79. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентің Жаршысы, 2018 ж., № 1, 3-құжат; № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):

      18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өтініш иесі бағалаушылар палатасының тиісті бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту жөніндегі әрекеттеріне бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.";

      80. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентің Жаршысы, 2018 ж., № 16, 52-құжат; 2019 жылғы 21 ақпандағы ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде):

      29-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту уәжді болуға тиіс және оған уәкілетті органға немесе сотқа заңда белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".

      2-бап. Осы Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады