ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 83-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Реттеушілік актілері кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салалары Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес бөлімдер бойынша айқындалсын.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |