Креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 448 қаулысы.

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 6 маусымдағы
№ 448 қаулысымен
бекітілген

Креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі

Р/с №

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1 2 3

Басқалары

1.

82.30.0

Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру

Зергерлік іс

2.

32.12.0

Зергерлік және соған ұқсас бұйымдар өндірісі

3.

32.13.0

Бижутерия мен соған ұқсас бұйымдар өндірісі

Кино және анимация

4.

59.11.0

Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар шығару қызметі

5.

59.12.0

Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды жасауды аяқтау қызметі

Кітапханалар, музейлер

6.

91.02.0

Музейлер қызметі

7.

91.01.2

Оқу залдарының, дәрісханалардың, демонстрациялық залдардың қызметін қоса алғанда, кітапхана қызметі

Мәдениет-бос уақыт өткізу мекемелері

8.

90.01.2

Концерттік қызмет

9.

90.04.0

Концерт және театр залдарының қызметі

10.

90.03.0

Көркем және әдеби шығармашылық

11.

93.29.3

Қуыршақ театрларының қызметі

12.

90.02.0

Мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізуге ықпал ететін қызмет

13.

90.01.1

Театр қызметі

14.

90.01.3

Цирк қызметі

Мәдени мұра

15.

91.03.0

Тарихи орындар мен ғимараттардың және осыған ұқсас туристік көрікті жерлердің қызметі

Музыка

16.

59.20.0

Дыбыс жазу және музыкалық шығармалар шығару саласындағы қызмет

17.

32.20.0

Музыкалық аспаптар өндірісі

Сәулет және сән

18.

71.11.2

Атом өнеркәсібі және атом энергетикасы объектілерін қоспағанда, сәулет саласындағы қызмет

19.

74.10.0

Мамандандырылған дизайнерлік қызмет

Телевизиялық бағдарламалар

20.

60.20.0

Телевизиялық бағдарламаларды жасау және тарату жөніндегі қызмет

Фотография

21.

74.20.0

Фотография саласындағы қызмет

Халық кәсіпшілігі

22.

16.29.2

Ағаштан декоративтік бұйымдар жасау

23.

16.24.0

Ағаш ыдыс өндірісі

24.

16.29.1

Әртүрлі ағаш бұйымдары өндірісі

25.

23.19.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген шыны бұйымдар өндірісі

26.

14.19.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген киім мен аксессуарлардың өзге түрлерінің өндірісі

27.

32.99.3

Кәдесый бұйымдарының өндірісі

28.

13.99.2

Киізден жасалған бұйымдар өндірісі

29.

13.95.0

Киімнен басқа, мата емес текстиль бұйымдарының өндірісі

30.

13.93.0

Кілем және кілем бұйымдарының өндірісі

31.

13.92.0

Киімнен басқа, дайын текстиль бұйымдарының өндірісі

32.

15.12.2

Ер-тоқым бұйымдарының өндірісі

33.

32.40.0

Ойындар мен ойыншықтар өндірісі

34.

14.39.0

Өзге де тоқылған және трикотаж киімдер өндірісі

35.

23.49.0

Өзге де керамикалық бұйымдар өндірісі

36.

25.71.0

Пышақ бұйымдарының өндірісі

37.

26.52.1

Сағаттардың барлық түрлерінің өндірісі

38.

25.50.1

Соғу, престеу, штамптау және профильдеу арқылы дайын металл бұйымдар немесе жартылай фабрикаттар өндірісі

39.

23.70.0

Тасты кесу, өңдеу және әрлеу

40.

23.41.1

Фарфор мен фаянстан жасалған тұрмыстық-шаруашылық бұйымдар өндірісі

41.

23.41.2

Шаруашылық-тұрмыстық қыш бұйымдар өндірісі

IT және геймдевелопмент

42.

62.01.1

Бағдарламалық қамтылым әзірлеу

43.

58.21.0

Компьютерлік ойындар шығару


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады