"Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруі (әкелінуі) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1031 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 1096 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруі (әкелінуі) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1031 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруі (әкелінуі) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану қағидалары мен талаптарында:

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың 3) тармақшасының талаптары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік құралдары электрондық паспорттарының (көлік құралдары шассиі паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарының жүйелерін интеграциялау процестері аяқталғанға дейін қолданылмайды.";

      12-тармақтың 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың 7) тармақшасының талаптары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік құралдары электрондық паспорттарының (көлік құралдары шассиі паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарының жүйелерін интеграциялау процестері аяқталғанға дейін қолданылмайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады