"Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 966 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 11 мамырдағы № 365 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 966 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидаларында және мөлшерінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары және мөлшері";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары және мөлшері (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 29-1-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру тәртібін және мөлшерін айқындайды.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет ардагері) − бұрын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналы лауазымын атқарған, жалпы еңбек өтілі жиырма бес жылдан кем емес, оның он жылында Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарында жұмыс істеген және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адам;";

      3-тармақтың бірінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады