Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 25 ақпандағы N 152 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 30 қараша N 1209

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Азаматтарды анықтау, алдын-ала тергеу, прокуратура органдарына немесе сотқа шақыруға байланысты олардың шығындарын өтеу мен оларға сыйақы төлеудің тәртібі мен мөлшері туралы нұсқауды бекіту туралы" 1992 жылғы 25 ақпандағы N 152 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 6, 107-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарды анықтау, алдын-ала тергеу, прокуратура органдарына немесе сотқа шақыруға байланысты олардың шығындарын өтеу мен оларға сыйақы төлеудің тәртібі мен мөлшері туралы нұсқауда:
      6-тармақтағы "Алматы қаласына тәулігіне 25 сом және 20 сом" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің екіден бірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы "6 сомнан 7 сом 50 тиынға" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің тоғыздан біріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақта:
      төртінші абзацта:
      "181 сом 30 тиын" деген сөздер "5 айлық есепті көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "7 сом 55 тиын" және "4 сом 53 тиын" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің оннан бірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзацта:
      "123 сом 40 тиын" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің екіден бірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "5 сом 15 тиын" және 3 сом 09 тиын" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің оннан бірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші абзацта:
      "5 сом 80 тиыннан 6 сом 60 тиынға дейін" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің тоғыздан біріне" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады