"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 156-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 158-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 156-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясының құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Комиссияның негізгі міндеті шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумағының тұтастығына және қол сұғылмаушылығына нұқсан келтірудің алдын алу мен жолын кесу, оның Мемлекеттік шекарасын қорғау бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.".

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 27тамыздағы
№ 158-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры (келісу бойынша), төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Бас штаб бастығының орынбасары – мемлекеттік шекара күзетін ұйымдастыру басқармасының бастығы (келісу бойынша), хатшы

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады