Қазақстан Республикасының "Агломерацияларды дамыту туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 1 қаңтардағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 32-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы Қазақстан Республикасының "Агломерацияларды дамыту туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 1 қаңтардағы заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі — тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген заңдарды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытсын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 21 қаңтардағы
№ 32-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы Қазақстан Республикасының "Агломерацияларды дамыту туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 1 қаңтардағы заңдарын заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі

Р/с № Құқықтық актінің атауы Құқықтық актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік органдар Орындау мерзімі Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам
1 2 3 4 5 6

1.

Агломерациялардың тізбесі мен құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2023 жылғы наурыз

Б. Б. Омарбеков

2.

Агломерациялар жөнінде кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімі

ҰЭМ

2023 жылғы наурыз

Б.Б. Омарбеков

3.

Орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында айналысқа түсетін ұлттық валютадағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2023 жылғы наурыз

Д.М. Кеңбейіл

4.

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын одан әрі іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 397 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

А.С. Ыдырысов

5.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2023 жылғы наурыз

Д.М. Кеңбейіл

6.

"Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2023 жылғы наурыз

Т.М. Жақсылықов

7.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2023 жылғы наурыз

Б.Б. Омарбеков

8.

Агломерация құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2023 жылғы наурыз

Б.Б. Омарбеков

9.

Жергілікті агломерация кеңесі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2023 жылғы наурыз

Б.Б. Омарбеков

10.

Агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2023 жылғы наурыз

Б.Б. Омарбеков

11.

Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлеміне үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде арттырушы коэффициентті қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2023 жылғы наурыз

А.К. Әмрин

12.

"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2023 жылғы наурыз

Д.О. Темірбеков

13.

Жергілікті агломерация кеңесін құру туралы

облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдіктерінің бірлескен қаулысы

облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдіктері

2023 жылғы наурыз

әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарлары

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады